Аймақтар • 09 Мамыр, 2019
Студенттік кәсіпкерлік өңірлерді дамытуға серпін береді
Жуырда С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде еліміздегі Жоғары оқу орындары ректорлары кеңесінің көшпелі отырысы өтіп, «Жоғары оқу орындарындағы кәсіпкерлік ғылым, инновация, білім, бизнес» тақырыбы аясында кәсіпкерлік білім беру мәселелері талқыланды. Кеңеске облыс әкімі Болат Бақауов, Омбы, Новосібір университеттерінің ректорлары, Ректорлар кеңесінің төрағасы Ерлан Сыдықов қатысты.
Экология • 09 Мамыр, 2019
Көлден де қыруар табыс табуға болады
Орынбордағы Соль-Илецк курорты бұрынғы тұз карьерлерінің қалдығынан атышулы демалыс аймағына қалай айналды? Батыс Қазақстан облысындағы Шалқар көлі ше? Аталған көлдерден артық болмаса кем түспейтін Индердің Тұздыкөлі мен карьерлерін қалай кәдеге жаратып, халық игілігіне пайдалануға болады? Осы сауалдарға Ресейдің Орынбор облысындағы Соль-Илецк және көршілес облыстағы Шалқар көлінің туризм саласының жетістіктерімен танысып, тәжірибе алмасуға барған сапарымызда жауап іздеп қайттық.
Қазақстан • 09 Мамыр, 2019
Барлық үміткерге – тең мүмкіндік
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашевтің төрағалығымен ОСК-ның кезекті отырысы өтіп, онда 2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына президенттікке кандидаттарды тіркеу қорытындылары қаралды. Отырыста сөз алған төрағаның орынбасары Константин Петров бұқаралық ақпарат құралдарында кандидаттардың сөз сөйлеуі үшін бөлінетін қаржы көлемі мен қағидаттары туралы айтып берді.
Аймақтар • 09 Мамыр, 2019
Осыдан 19 жыл бұрын құрылған «Қос шынар» қоғамдық қорының төрағасы, Ақтөбе облысының құрметті азаматы Ғ.Байдербестің есімі Ақтөбе және Батыс Қазақстан облысының жұртшылығына жақсы таныс. Ғалымжан Ермағамбетұлының бастамасы бойынша Ақтөбе аймағында Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметованы мәңгі есте қалдыру мақсатында кең ауқымды жұмыстар жүргізіліп келеді. Жеңіс күні қарсаңында біз қор төрағасымен жолығып, бірер сауал қойған едік.
Қазақстан • 09 Мамыр, 2019
Өзара ынтымақтастық дами береді
Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев Қазақстандағы Еуропалық одақ өкілдігінің басшысы Свен-Олов Карлссонмен кездесті.