Аймақтар • 09 Мамыр, 2019
Бағдарлама қоныс тойын көбейтеді
Nur Otan партиясының облыстық филиалы қоғамдық кеңесінің көшпелі мәжілісі «БК-Строй» компаниясының құрылыс алаңында өтіп, «7-20-25» тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде өңірде атқарылып жатқан жұмыс барысы қаралды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес әлеуметтік бастамасының бастапқысы «7-20-25» тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асыру әр отбасына баспаналы болуға мүмкіндік жасайды.
Қазақстан • 09 Мамыр, 2019
Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан қазақ офицерлері туралы 25 томдық кітап қалай жазылды?
Қай соғыстың болсын қасіреті мен зардабы туралы жазудың өзі ауыр. Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан қазақ офицерлері туралы мәліметтің аздығы үнемі көкейімде жүретін. Тарихшыларымыз 50-60 офицерді айналдырып айту мен жазудан аса алмай қойды. Тек 2005 жылы Қорғаныс министрлігінің бір полковнигі тележурналистің сұрақтарына жауап бергенінде майдангер қазақ офицерлердің саны шамамен 500 болғанын ресми түрде айтқанын естіп, көңілім жабырқап қалды. Мүмкін ол 1 не 2 мың дегісі келген шығар, бірақ қолында нақты дерек болмағасын айта алмаған тәрізді.
Қазақстан • 09 Мамыр, 2019
1987 жылғы Жеңіс мейрамында біздің Қаракемер ауылында соғыстан қайтпай қалғандарға арналған Өшпес Даңқ алаңының ашылу салтанаты өткен болатын. Ондағы тас тақталарға есімі ойып жазылған 246 боздақтың бірі – 316-шы атқыштар дивизиясының атақты мергені болған Әбіл Нүсіпбаевтың ерлік жолдары мені қатты қызықтырды. Сол күннен бастап осынау батыр жерлесіміз туралы деректерге ден қойдым.
Қоғам • 09 Мамыр, 2019
Соғыс балалары терминін енгізу қажет пе?
Соғыс балаларының мәртебесін заңдастырып беретін заң әлемде жоқ. Бірақ қолданыстағы заңдарына өзгерістер енгізіп, құқықтық сипат беруге талпынған елдер бар.
Қазақстан • 09 Мамыр, 2019
Қаһармандар есімі халқымен қауышады
Кеше Nur Otan партиясының Орталық аппаратында «Отан қорғаушы» мерекесіне байланыстырылып, «Ұмытылған қаһармандар» атты жаңа кітаптың тұсаукесері өтті. Бұл еңбекке Ұлы Отан соғысында ерлігімен көзге түсіп, жоғары наградаларға ұсынылғанымен, түрлі себептерге байланысты тиісті марапатына қол жеткізе алмаған батырлар туралы мәліметтер жинақталған.