Таным • 09 Сәуір, 2026
Абдурауф Фитрат (Абдурахимуғли) – өзбек халқының біртуар тұлғасы. 1886 жылы Бұхара қаласында дүниеге келген. Ол әуелі молдадан сауат ашып, кейін атақты «Мір Араб» медресесінде білімін жетілдірді. Бұл тұста Исмайыл Гаспыралы реформасы Бұхараға да жеткен. Өлке оқығандары жәдитшілдікті меңгеру мақсатында Бақшасарай мен Ыстанбұлға адамдарын арнайы жіберіп, білім жүйесіндегі тәжірибесін үйренді. Абдурауф 1909–1913 жылдары Османлы елі астанасында оқыды. Өз жұртында «Тарбияи атфол» атты жастар ұйымын құрды. Жас дарын жәдитшілдікпен есейіп, жетілді. Фитраттың Түркістан руханияты тарихындағы маңызды еңбегі – 1918 жылы «Чиғатой гурунги» (Шағатай бәсі) ұйымын құруы еді. Ол 1919–1923 жылдары Бұхара халық республикасында түрлі басшылық қызмет атқарды.1924 жылы Мәскеудегі Шығыс тілдері институтында сабақ берді. Әдебиеттің барлық жанрында жазды. Сонымен бірге түркі әдебиеті тарихы туралы елеулі зерттеулер жариялады. Ағайын өзбек елі үшін Абдурауф Фитрат біздің Ахмет Байтұрсынұлындай аса қадірлі. Осындай ірі тұлға саяси қуғын-сүргін кезеңінде НКВД тарапынан 1937 жылы ұсталып, 1938 жылы 5 қазанда нақақ атылған. Төменде «Egemen Qazaqstan» газеті оқырмандарына 1929 жылы «Қызыл қалам» жинағында жарияланған Фитраттың түркі руханияты тарихында маңызды «Шағатай әдебиеті» атты мақаласын ұсынып отырмыз.
Әлем • 09 Сәуір, 2026
АҚШ-Иран: Уақытша мәміле бейбітшілікке бастаса игі
Тынышы қашқан Таяу Шығыс аймағындағы әскери шабуылдар уақытша тоқтатылды. Бес аптаға созылған қарулы қақтығыстан соң бұрнағы күні кешкісін АҚШ пен Иранның екі апталық бітімге келгені мәлім болды.
Ғылым • 09 Сәуір, 2026
Дәулескерлер туралы тың ізденіс керек
Құрманғазы шығармашылығын зерттеудегі жаңа ізденістер туралы сөз қозғағанда академик Ахмет Жұбановтың ерен еңбегін айтпасқа болмас. Себебі ол ғылыми-ізденушілік бағытын XIX ғасырда өмір сүрген ауызша кәсіби халық композиторы Құрманғазының шығармашылығын зерттеуден бастап, күйшілік өнерін жан-жақты саралап, ұлылығын бүкіл халыққа танытты. Бұл ретте ғалымның алғаш қазақ тілінде шығарған «Құрманғазы» (1936, 1960, 1961, 1978) еңбегінің орны ерекше.
Құрылыс • 09 Сәуір, 2026
Оралда көпір құрылысы басталады
Орал қаласында жаңадан салынып жатқан «Ақжайық» шағын ауданын шаһар орталығымен жалғайтын жаңа көпірдің қазығы қағылды.
Өнер • 09 Сәуір, 2026
Әлемге әйгілі әнші, Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген туралы деректі фильм 30 мамыр күні Испания астанасы Мадрид қаласында алғаш рет көрерменге жол тартпақ. «Al compás de su voz» (Оның дауыс ырғағымен) деп аталатын бұл туындының бастамашысы – испаниялық жанкүйерлер, ал жүзеге асырушысы – «Dimash Qudaibergen Fan Club Oficial Spain-La Gran Voz Kazaja» қауымдастығы. Фильмнің премьерасы Мадридтің Hortaleza ауданындағы «Palacio de Hielo» кешенінде өтпек.