Ғылым • 10 Сәуір, 2026
Қазір стартап десе көпшілік мобильді қосымшалар мен онлайн қызметті ғана елестетеді. Такси шақыратын, тамақ жеткізетін, оқу платформаларын ұсынып жүрген жобалар аз емес. Ал «DeepTech» – мүлде басқа деңгей. Бұл сала ғылымға сүйеніп, жаңа технологияларды әзірлейді. Осы бағыттағы стартаптарды жасау ұзақ уақытты, қомақты қаржыны және жоғары білікті мамандарды талап етеді. Бірақ нәтижесі де соған сай, яғни «DeepTech» жобалар нақты салаларды түбегейлі өзгерте алады.
«Таза Қазақстан» • 10 Сәуір, 2026
Қонаев қаласында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында экологиялық акция өтіп, іс-шара барысында С.Сейфуллин көшесінің бойына 3000 жасыл желек егілді. Оның қатарында қарағай, көк терек секілді ағаш түрлері бар. Акцияға 300-ден астам адам жұмылып, бір кісідей атсалысты.
Зерде • 10 Сәуір, 2026
Тұрар мен Жүсіп – қос халықтың ортақ тұлғалары
Кеңес өкіметі қазақ және қырғыз халықтарының өзін-өзі басқару құқын мойындайтынын ресми декрет арқылы жариялап, осы арада нақты қадам жасады. Бұл жағдай, әрине, империя өміріндегі жағымды құбылыс еді. Сонымен қатар орталық үкімет бұл қадамға бара отырып, жергілікті ұлттық саяси басшылыққа толық сенім артудан қаймықты. Оның әрбір еркін де батыл қадамдарына сезіктене қарады. Мұндай ұстанымның астарында кедергі ретінде, біріншіден, шешім қабылдайтын орталық басшылықтағы қызметкерлер мен жергілікті халық арасындағы өркениеттік, діни-мәдени алшақтық жатса, екіншіден, туған жер, оның табиғи және адами ресурсын игеруде, пайдалануда өзара үйлеспейтін мүдделер қайшылығы да бар-тын.
Талбесік • 10 Сәуір, 2026
Ертіс орманында құстың 90 түрі бар
Былтыр «Ертіс орманы» табиғи резерватының ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімі жүргізген далалық зерттеу нәтижесінде орман аумағында бұрын тіркелмеген 40 құс түрі анықталған. Олардың ішінде Павлодар облысында алғаш рет тіркелген түрлер де бар.
Білім • 10 Сәуір, 2026
Диплом жұмысы – студенттің алған білімінің негізгі көрсеткіші, ғылым әлеміне бастайтын алғашқы баспалдағы. Алайда жыл сайын осы бір еңбектің сапасынан гөрі саны ғана артатыны өтірік емес. Жасанды интеллект технологиялары дамыған сайын кітап ақтарып, дерек іздеп диплом жазу тіптен қалды. Бұған тредс әлеуметтік желісіндегі жазбалар да дәлел. Онда студенттер «ғылымға қалай үлес қосам» деп емес, «ЖИ жазған жұмысты қайтіп антиплагиаттан өткізем» деп кеңес сұрап жүр. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек болса, академиялық еңбекті жазуға нейрожеліні қолдануға рұқсат беріледі деп мәлімдеді. Енді жасанды интеллект ой еңбегіне де ортақтаса ма, әлем елдері қалай әрекет етіп жатыр зерттеп көрдік.