Жәдігер • 03 Ақпан, 2026
Елорда төрінде орналасқан Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталық қорында араб, парсы, түркі тілдерінде жазылған құнды жазбалар сақтаулы тұр. Солардың бірі – ежелгі түркі мұрасы «Шаджарат әл-Атрак» шығармасы.
Ғалам ғажаптары • 03 Ақпан, 2026
«NASA» 60 жыл бұрын тоқтатылған ядролық зымыран қозғалтқыштарын сынауды қайта бастады. Бұл технология болашақта Марсқа және алыс ғарышқа ұзақмерзімді миссияларды жүзеге асыруға негіз бола алады.
Саясат • 03 Ақпан, 2026
Креативті индустрияға қатысты заң қаралады
Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен палата бюросының отырысы өтіп, депутаттар 6 ақпанда өтетін отырыстың күн тәртібін белгіледі.
Саясат • 03 Ақпан, 2026
Әділетті Қазақстан мен технологиялық серпілістің іргетасы
Премьер-министр Олжас Бектенов Ұлттық ғылым академиясының мүшелері, мемлекеттік органдар басшылары, бірқатар облыс әкімдері мен бизнес-қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен ғылым мәселелеріне арналған кеңес өткізді. Жиында ғылыми жобаларды жүзеге асыру, ғылым мен нақты сектор арасындағы кооперацияны нығайту, сондай-ақ Ұлттық ғылым академиясының әлеуетін экономиканың түрлі саласын дамытуға тарту бағыттары кеңінен талқыланды.
Архив • 02 Ақпан, 2026
Шерхан Мұртазаның 6 мың парақ мұрасы цифрланды
Қазақ көсемсөзінің жоталы жолбарысы – Шерхан Мұртазаның «Egemen Qazaqstan» газетінде редакторлық еткені мәлім. Қолының табы, көзінің нұры қалған редакция мұрағатында қаламгердің шығармашылық зертханасынан хабар беретін құнды қолжазбалар мен құжаттар, фотосуреттер сақталған еді. Сол қолжазбаларды алдағы заманға аман жеткеру үшін өткен жылдың қазан айында Шерағаның жәдігерлері ұлттық архивке табысталды. Бұл – аманат жүгін арқалаған тарихи шешім және маңызды қадам болды. Енді сол аманат толық жүйеленіп, зақымданған жазбалар қалпына қайта келтірілді. Соған орай және баспасөз күнінің аясында Ұлттық архив ұжымы «Шерхан Мұртазаның қаламгерлік қазынасы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Жиын ұжымы «Қазақ газеттері» серіктестігімен селбесе ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.