Пікірлер
БҰҰ Бас Ассамблеясының 64-сессиясы 2009 жылы бекіткен «Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күні» 29 тамызда атап өтіледі. Бұл күнді белгілеу Қазақстан тарапының ұсынысымен қабылданғанын еске сала кетейік. Биыл соған 10 жыл толып отыр.
22 Тамыз, 2019
Мемлекет қызметкері болсақ та, заң бойынша «мемлекеттік қызметкер» аталып көрмеппіз. Дегенмен естуіміз бар, көруіміз бар: тіптен оңай емес дүние. Несін жасырасың, күш-қуат тұрғысынан ауық-ауық әбден сығылған лимондай боп қалатыны өз алдына, күнделікті ағымда жүргеннің өзінде көбіне жақсы аты жоқ. Дүниенің бүкіл оңалмай жатқан келбетіне мемлекеттік қызметкерді кінәлау, «өй, шенеунік қой» дей салу халықтық қолданыста жиі кездеседі. Неге? Неліктен?
21 Тамыз, 2019
Күні кеше ғана ғарыш ілімі тарихи маңызы зор әрі айтулы екі күнді атап өтті. Оның біріншісі – адамзат өкілінің Айға қонып (1969 жыл, 20 шілде), жерге аман оралуына елу жыл толу оқиғасы. Бұл оқиғаны ғарыш игеру саласындағы КСРО мен АҚШ арасында туған «қуып жетеміз, басып озамыз» саяси науқанының ең шырқау шегіне жеткен кезеңі десе болады.
20 Тамыз, 2019
Жалпы әлемнің көптеген елдерінде біреуден бірдеңені тегін сұрап алу деген баяғыда қалған дүние. Бірақ бізде әлі бар. Бір қуаныштысы, атадан балаға мирас болып келе жатқан осы дәстүр жуық маңда өз мәнін жоя да қоймайтын секілді. Мұны осы сұрап алу тәсілдерін жақсы меңгерген адамдардың қазір жақсы тұрмыста өмір сүріп жатқанына қарап аңғаруға болады.
19 Тамыз, 2019
Мектеп бағдарламасында ақын Фариза Оңғарсынқызының «Оюлар» деген өлеңін жас ұрпақ түгел оқыды.
16 Тамыз, 2019
«Астаналықпын» дегенді ауыз толтырып айта алсақ...
Еліміз тәуелсіздік алғанға дейін урбанизация деген сөзді естісек, оны тек шетелдермен байланыстыратын едік. Бізде ондай болмағандықтан, өзімізге қатысы жоқ сөзге балайтынбыз. Қазақша, жалпақ тілмен айтқанда халықтың қалаға ағылуы деп ұғылатын бұл процесс кейін өз басымызға да келіп, әлі де жүріп жатыр.
15 Тамыз, 2019
Үнді халқының қайраткері Жавахарлал Неру «отарланған елдің тарихын отарлаушы жазады» дегені сияқты кезінде қазақтың үлкен ақыны Ғафу Қайырбеков жорта аңқаусып: «Осы орыстың хандарының бәрі ақылды да, қазақтың хандары неге ақымақ» деп қиналатын көрінеді.
14 Тамыз, 2019
Игеру мен игілігін көрудің айырмасы
Ел ішінде «баяғыда Абылай хан Ер Жәнібек, Райымбек тәрізді батырларына «Өзеннің басын алмай өзегі сенікі болмайды» деп Ертіс пен Іленің бастауына қарай қоныстануды тапсырыпты-мыс» дейтін әңгіме бар. Кәсіби тарихшылар ештеңе демегенімен, бұл аңыз бұқараның арман-аңсарын, империя болып жүрген кезге деген сағынышын, жерге иелік етіп, қоныстанудың маңызын сездіреді. Қысқасы, жердің иесіз болмайтынын тұспалдайды. Бізді ежелгі жұрттың түкпір-түкпірін қоныс қылу мәселесі қызықтырады. Бір сөзбен айтқанда, бүгінде күнгейден теріскейге бағытталған көштің жайы өзекті.
13 Тамыз, 2019
Шенеуніктің көптігі пайда ма, зиян ба?
Әрбір адамның өзіндік ерекшелігі болатыны сияқты әр мемлекетте де өзіндік ерекшелік бар. Кешегі Кеңес Одағынан шыққан елдердің бір ерекшелігі сол – біздерде шенеуніктер отряды орасан зор. Бұл бізге бюрократиялық социалистік жүйеден қалған мұра. Ол кезде дүниенің бәрі өкіметтікі, меншік те тек мемлекеттікі болған соң, бақылау көп болсын деген болуы керек, шенеуніктерді қаптатып жіберген. Соның зардабын әлі де белшеден кешіп келеміз. Кейде бұл кесел тіпті асқынып кетеді.
12 Тамыз, 2019
Биыл мемлекеттік білім гранттарына ие болған түлектердің тізімі ерте анықталғанын және оқу гранттарының саны бұрынғы жылдарға қарағанда көп болғанын білеміз. Әдетте, жылда мұндай мезгілде ата-аналардың көңілі алаң, абитуриенттердің де жүрегі күпті болып жүретін.
09 Тамыз, 2019
Жалпы «алауыздық» деген жақсы нәрсе емес. Атам қазақ «алтау ала болса ауыздағы кетеді» деп бекер айтпаған. Қазіргі таңда әлемдік социологтар «Тіл алауыздығы» дейтін терминді қолданып жүр. Осы тақырып бойынша ұзақ жыл еңбектенген АҚШ-тың Браун университетінің профессоры Алака Холланның пайымдауынша, тілдік алауыздық – отарлаушы тіл мен отарланушы тілдің арақатынасы салдарынан пайда болатын рухани һәм саяси теңсіздік екен.
08 Тамыз, 2019
«Шешінген судан тайынбас» дегендей Қазақстан нарықтық қатынасқа толық көшкен соң мемлекет меншігіндегі мекеме-ұйымдардың бәрін жекеменшікке беру мақсатын алға қойған. Бұл – мемлекеттің бизнеске араласуын барынша азайтуды көздейтін нарық заңының талабы. Халықаралық бейбітшілік сыйлығының лауреаты, Қытайдың белгілі суретшісі Ци Байши: «Жасым қырыққа келгенде барып суретті түсіне бастадым» деген екен. Әлем мойындаған қылқалам шеберінің өзі осылай дегенде, басқа қарапайым халықтың бұл өнер туралы түсінігінің таяздығын, сауатының кемдігін сынап-мінеп жату қисынсыз секілді, әрине. Әйтсе де суретші десе тау-тасты кезіп, әсем табиғатқа алыстан қиялдана көз тіккен жай бояушы, тиын-тебенге бола әркімнің тапсырыспен портретін салып, күнін әзер кешіп жүрген қарапайым пенде деп қарайтын дүбәра көзқарастан түбегейлі арылмай, өркениетті елдердің қатарына қосыла алмаймыз.
07 Тамыз, 2019
Жекешелендірудің екінші толқыны желдіріп келеді
«Шешінген судан тайынбас» дегендей Қазақстан нарықтық қатынасқа толық көшкен соң мемлекет меншігіндегі мекеме-ұйымдардың бәрін жекеменшікке беру мақсатын алға қойған. Бұл – мемлекеттің бизнеске араласуын барынша азайтуды көздейтін нарық заңының талабы.
06 Тамыз, 2019
Жалпы, біздің халықтың ұқсағысы келетін елдері, халықтары көп. Еуропадағы дамыған мемлекеттерге де, алыстағы АҚШ-қа да ұқсағымыз келеді. Кейде корейлықтарға қызығамыз, біресе тағы біреуіне тәнті боламыз дегендей. Сыртымыз қазақ болғанымызды мақтан тұтқанымен, іштей бәрібір басқа озық елдерге қызыға да, қызғана қарайтынымызды несіне жасырайық.
05 Тамыз, 2019
Жақсы болсаң – мақтаулы атың сақталар
Біз – атақ-даңқтың қадірін жоғары бағалайтын халықпыз. Бірақ бүгінде байқап отырсаңыз, бір емес, бірнеше атағы бар адамдарды да жиі кезіктіресіз. Сондайда Құдайға шүкір, еліміз атағы жер жарған адамға кенде емес екен-ау дейсіз. Алайда солардың бәрі атағына заты сай жандар ма екен деген де ой келетіні рас. Мәселен, толып жатқан «Қазақстанның құрметті азаматы» немесе облыстың, ауданның құрметті азаматтары, қаптаған академик, ғылым докторлары, сансыз орден, медаль иелері дегендей, айта берсе, жетіп артылады.
01 Тамыз, 2019
Адамгершілікке зәру мамандықтар
Әлмисақтан күйбеңі көп, енді күйзелісі көбейген тіршіліктегі мылтықсыз майданда ендігі жерде тек түсіністік пен имандылық қана бір мәнге бөлей алатын шығар?!
31 Шілде, 2019
Жазайын деп жазбайсың, айтайын деп айтпайсың, көзің көріп, құлағың естіген соң, амалың таусылып, діңкең құрыған соң қолға қалам ұстайсың. Оның үстіне қиын заманда империя иықтан басып тұрса да, тілге тиек, ойға бұғау салса да айтарын айтып кеткен Алаш арыстары осындай халде ойға оралады. Тұлғасы таудай болып, ұлтым, жұртым деген үні құлақ түбінен шыңылдайды.
30 Шілде, 2019
Соңғы күндері әлеуметтік желілерде Африкадан келген азаматқа тұрмысқа шыққан отандасымыздың қадамын талқыға салып, сан-саққа жүгіртіп жатқандар көбейіп кетті. Көбі намыстанатын сыңай танытып жатыр. Бойжеткеннің таңдауын өзінің жеке ісі десіп жатқандар да жетерлік. Әркімнің өз дегені өзіне жөн болып тұрған жайы бар.
29 Шілде, 2019
Жол жүрісі заңымыз бойынша мүгедектердің көлік құралын тоқтатуға белгіленген жерлерде мүгедек емес жүргізушілердің көлікті тоқтатуы немесе тоқтап тұруы әкімшілік құқық бұзушылыққа жатады. Соған байланысты жол жүрісі ережесіне қатысты өзгерістерге сай мұндай жағдайда 597-баптың 4-тарауына сәйкес 10 АЕК, яғни 25 250 теңге айыппұл салынады.
26 Шілде, 2019