Редакция таңдауы
Саяси өзгерістердің басым бағыттарын түсіндірді
Қазақстанның Азаматтық Альянсының ұйымдастыруымен «Конституциялық реформа: мемлекеттік басқаруды трансформациялау» тақырыбында Ата Заңға енетін өзгерістер туралы сауалдар жан-жақты зерделенді. Өңірлік өкілдіктер бір кісідей қатысқан басқосуда елімізде өтетін референдумға қатысты ой-пікірлер ортаға салынды.
13 Мамыр, 2022
Тарихи шешімді бірлесіп қабылдауға шақырды
Қазақстан халқы үшін маңызы зор саяси науқанның түпкі мәні неде? Референдум нәтижесінде Конституцияға қандай елеулі өзгерістер енеді? Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында Әділет вице-министрі Алма Мұқанова осы сауалдарға жауап берді.
13 Мамыр, 2022
Ел экономикасы 4,4 пайызға өсті
Осы жылдың қаңтар-сәуір аралығында ел экономикасы 4,4 пайызға өсті. Есепті кезеңде нақты сектор өсімнің жеделдеуі, экспорт көлемінің үдемелі ұлғаюы, қызмет көрсету секторындағы тұрақты динамика байқалып жатыр.
13 Мамыр, 2022
Финляндия НАТО құрамына енеді, ал Швецияның жоспары қандай?
Финляндия мен Швеция НАТО-ның құрамына енуге мүдделі. Өз кезегінде аталған елдерге қауіп төне қалса, Ұлыбритания оларға қолдау көрсетуге дайын. Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон екі елмен қауіпсіздік туралы декларацияға қол қойып, осындай мәлімдеме жасады. Финляндия кеше НАТО құрамына енетінін хабарлады, ал Швеция шешімін жариялауға асықпай отыр. АҚШ болса, Финляндия мен Швецияны мүшелікке енген кезінен бастап НАТО-да толықтай қолдау жасайтынын мәлімдеді.
13 Мамыр, 2022
Дәрі-дәрмек: Отандық өнімнің үлесі қандай?
Жаһанды жайлаған пандемия кезінде елімізде науқастарға маңызды көмек көрсетілгенімен, бірқатар түйткілді мәселенің де ұшы қылтиғаны белгілі. Соның көш басында отандық дәрі-дәрмек өндірісі тұр. Дертке дауа, жанға шипа болатын дәрі-дәрмек болмаса, сырқаттан дер кезінде сауығу мүмкін емес. Шынында, аталған саладағы тапшылықты қалай жоюға болады? Бұл үшін қандай жұмыстар атқарылуы қажет?
13 Мамыр, 2022
Қыз баласы ерлерге тән дерлік мамандықты меңгеріп немесе ер-азаматтың жұмысын атқарып жатса, таңғалмайтын болғанбыз. Мысалы, көлік тізгіндеген арулар көп, ат баптау тек ерге тән ерек өнер дей де алмайсыз. Бұл сөзімізге ертеректе Құла айғырдың қасиетін жазбай таныған Домалақ ана, Тайбурылға түндіктен күн көрсетіп, түтіктен су ішкізген қыз Құртқа дәлел. Иә, қолдағы тұлпардың жем дорбасын ілу, уақтылы суын беру, бойын сергітіп серуендету, міністен келгенде суыту, оны таң асырып отқа қою ежелден бабалар жарының атқарған міндеті. Бұл үрдіс әлі де үзілген жоқ.
12 Мамыр, 2022
Қазақы төбеттің қадір-қасиетін бүгінгілердің қаншалықты білетіні белгісіз. Ал тіршілігі дала төсінде өрілген, тұрмысы табиғатпен біте қайнасқан кешегілер қазақы иттің қадірін біліп, жоғары бағалаған. Өйткені қазақы төбет тұқымының жолға шыққанға сенімді серік, үйінде, өрісте мал-палын түз тағысынан тайсалмай қорғаушы. Сондықтан оны қалай бағаламасын?
12 Мамыр, 2022
Ұлы Отан соғысында ерлігімен ел есінде қалған ерендер, Кеңес Одағының батырлары Мәншүк Мәметова, Талғат Бигелдинов және Қазақстанның Халық жазушысы Әзілхан Нұршайықовтың туғанына биыл 100 жыл! Атаулы мерейтойға орай елордадағы Бейбітшілік және келісім сарайында «Майдан хаттары» атты театрландырылған концерттік бағдарлама көпшілік назарына ұсынылды. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен өткен тағылымды кештің авторы – Назгүл Сарыбай.
12 Мамыр, 2022
Конституциялық сот Үкімет қаулыларын қайта қарай алады
Әділет вице-министрі Алма Мұқанова республикалық референдумға Конституциялық соттың қайта қарауына жіберілетін нормативтік құжаттардың сипаты туралы мәселе де шығарылатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
12 Мамыр, 2022
Елжан Біртановқа қатысты басты сот отырысының уақыты белгіленді
Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа қатысты басты сот отырысы 26 мамырда өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
12 Мамыр, 2022
Азық-түлік бағасы тұрақталды - Ғалымжан Пірматов
Ұлттық банктің төрағасы Ғалымжан Пірматов инфляцияның жыл аяғына дейін жоғары деңгейде сақталатынын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
12 Мамыр, 2022
Жыл басынан бері ел экономикасы 4,4% өскен
Қаңтар-сәуір айларында Қазақстан экономикасының бірқатар саласында өсім байқалды. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
12 Мамыр, 2022
Алтын-Емелде қар барысы фототұзаққа түсті
Алтын-Емелде ерекше қар барысы фототұзаққа түсті. Бұл туралы «Алтын-Емел» МҰТП-ның facebook-тегі парақшасында жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
12 Мамыр, 2022
Сананы сергітетін сериалдар керек
Бұрындары көрермендердің көпшілігі «көк жәшікке» телміріп, шетел сериалдарын қызықтаушы еді. Соңғы жылдары отандық киноиндустрияның осы саладағы өнімдері өзімізде де көптеп шығарылып, жұртшылықтың көзайымына айналып келеді.
12 Мамыр, 2022
Қойды еті үшін ғана өсіру қателік
Газетіміз қойдың жүнін, малдың терісін өңдеуге қатысты мәселені назарда ұстап келеді. Бұл тақырыпқа орай жыл басынан бері бірнеше мақала да жазылды. Жуырда тараздық оқырман, ауыл шаруашылығы саласының ардагері Аманқұл Нысанбаев редакциямызға келіп, «Egemen Qazaqstan» көтерген мәселелерге қатысты пікірімен бөлісті, ұсыныстарын ортаға салды.
12 Мамыр, 2022
Сатып алу жүйесі ашықтыққа негізделеді
«Самұрық-Қазына» сатып алу рәсімдерін жетілдіруді жалғастыруда. Компания бұл үдеріске мемлекеттік органдарды, елдің бизнес және сарапшылық қауымдастығын жұмылдырып отыр.
12 Мамыр, 2022
Түркия – Қазақстан: Кеңейтілген стратегиялық серіктестік
Тарихи-мәдени байланыстар негізінде қалыптасқан Түркия мен Қазақстан арасындағы достық қарым-қатынастар соңғы 30 жыл ішінде Еуразия аймағындағы ең сенімді серіктестік үлгісіне айналды. Қазақстан тәуелсіздік алған күннен бастау алған интеграция тұрақты түрде дамып келеді. 2009 жылы қол қойылған «Стратегиялық әріптестік туралы келісім» арқылы ынтымақтастық жаңа белеске шықты. Ал Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркияға сапары барысында бекем бауырластық байланысымыз «Кеңейтілген стратегиялық әріптестік» деңгейіне көтерілді.
12 Мамыр, 2022
Наурыз айында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қаржы ұйымдарының, сондай-ақ микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың және коллекторлық агенттіктердің қызметіне байланысты жеке және заңды тұлғалардың 2 073 өтінішін қараған. Өтініштердің басым бөлігі банк секторының үлесіне тиесілі.
11 Мамыр, 2022
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ел билігінің тізгінін өз қолына алысымен «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын ұсынып, қарапайым адамдарды толғандырған талай көкейкесті мәселенің оң шешілуіне ұйытқы болып келеді. Бұл Мемлекет басшысының өз қызметін, Конституциямызда жазылғанындай, «мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық» деген басты қағидатқа сүйене атқарып отырғанын айғақтайды.
11 Мамыр, 2022
Гун Аюрзана: Шетел әдебиеті болмаса, біз «Моңғолдардың құпия шежіресінде» өмір сүретін едік
Гун Аюрзана 1970 жылы Моңғолияның Баянхонгор қаласында дүниеге келген. Сол жердегі орта мектепті бітіргеннен кейін Ресейдің Мәскеу қаласына оқуға түскен. Максим Горький атындағы Әдебиет институтының «шығармашылық» мамандығы бойынша әдебиет магистрі дәрежесін алған. 24 жасында «Сәби өлеңдер» атты алғашқы поэзиялық кітабын шығарған. Оның жетінші поэзиялық кітабы 2009 жылы жарық көрді. Ол «Шаман аңызы», «Сиқырлы сағым», «Он арманның қарызы» сияқты бірнеше романның авторы. Гунның шығармашылығы Батыс елдеріне кеңінен танымал. Шығармалары отыздан астам тілге аударылған ақын-жазушы Аюрзана бізге берген сұхбатында өзінің шығармашылық әлемі, моңғол әдебиетінің қазіргі жағдайы хақында өз ойларын бүкпесіз айтты.
11 Мамыр, 2022