Редакция таңдауы
Президент Үкімет басшысына қандай тапсырма берді?
Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Әлихан Смайыловты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
17 Желтоқсан, 2022
Мәулен Әшімбаев: Халқымыз үшін бұл мейрамның қашанда орны бөлек
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Тәуелсіздік күніне байланысты Facebook парақшасында құттықтау жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
16 Желтоқсан, 2022
Қазақтың қай қасіретін айтып тауысасыз. Өткенге көз салсаңыз, өзегіңіз өртенеді, жанарыңыз жасаурайды. Бізді желтоқсан желі әлі де жауратады. Тәуелсіздік құсы төбемізге келіп айнала ұшқанда, оған алақан тосқан боздақтардың қанды ғұмыры кімнің мойнында? Біздіңше, уақыт әлі өз бағасын берген жоқ. Ұлт үшін ұран көтерген балауса қыз-жігіттердің ерлігі жүрек төрінде тұр. Соның бірі – Ербол Сыпатаев. Қыршын кеткен азаматтың есімі қазақ тарихына алтын әріппен жазылары анық.
16 Желтоқсан, 2022
Ел абыройын асқақтатқандар қандай құрметке де лайықты
Әлемде Алаш жұртының абыройын асқақтатып жүрген спорт саңлақтары аз емес. Тәуелсіздік алғаннан бері еліміз түрлі сынақтан өтті. Соған қарамастан Қазақстан өз алдына дербес мемлекет ретінде жеті рет (1996-2020 жылдары) жазғы Олимпиадаға қатысып, жалпы жиынтығы 72 медаль, оның ішінде 15 алтын, 21 күміс және 36 қола медаль жеңіп алды.
16 Желтоқсан, 2022
Сапар Сатаев: Арманы биік адам адаспайды
Сапар Сатаев – Лондондағы «HEAD Aerospace Group» компаниясының коммерциялық директоры. Шетелді бағындырып, ғарыш саласында табысты еңбек етіп жүрген жерлесіміз «Egemen Qazaqstan» басылымына арнайы сұхбат берді.
16 Желтоқсан, 2022
Биылғы «Қанды қаңтар» бәрімізді әбігерге түсіріп, әрбірімізді ойландырып кетті. Себебін іздеп сансыраған жұрт. Жауап түрлі нұсқада айтылып жатыр. Заң орындарының да ресми жауабы шығар. Есіме 1986 жылғы әйгілі Желтоқсан түсті. Оның да ұйымдастырушысы әлі күнге белгісіз. Арада 36 жыл жатыр жосылып. Ит әуремен, желпініп жалаң мақтанумен өтіп кеткен өмір-ай. Бұл не? Ұйымдастырушысы неге анықталмайды әлі күнге? Ә-ә, айтқандайын, 1986 жылғы Желтоқсан ызғары мен 2022 жылғы Қаңтар қырғынының егіздің сыңарындай ұқсайтын жері аз емес. Егер 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің себеп-салдары анықталса, бәлкім 2022 жылғы «Қаңтардағы қанды оқиға» болмас па еді?
16 Желтоқсан, 2022
Смағұл Сәдуақасұлына таңылған «Семипалатинский подлог и Акмолинский дефект» саяси айыптауы туралы
16 Желтоқсан, 2022
«Stipendium Hungaricum» стипендиялық бағдарламасы аясында Мажарстанның жетекші жоғары оқу орындары 250 білім гранты ұсынылады. Бұл – Қазақстан мен Мажарстан арасындағы келісімнің нәтижесі.
16 Желтоқсан, 2022
Тоқсанның төрінде тұрып, Алла бұйыртқан амандыққа шүкіршілік айтып, елдегі 19 миллионнан асқан халқымыздың, әлемде 16 миллионға жеткен қазақ ұлтының береке-бірлігін тілеп: Біріншіден, Қазақ елі шынайы жаңара берсін, әділеттіліктің ақ туын көтеріп, ата-баба жолынан, дәстүрден айнымасын, жастарымыз биік асуларды бағындырсын деймін.
16 Желтоқсан, 2022
Желтоқсан көтерілісі – қазақ халқының жазылмас жарасының бірі. Оның дүмпуі жыл өткен сайын жаңғырып, жаңа күшпен жанданып, халық жүрегінде мәңгі сақталары сөзсіз.
16 Желтоқсан, 2022
Қатты жерге тұрған қақ емес, ұлт деген өзіне жайлы ұлы мекенге лықсып кеп біткен теңіз не мұхит сияқты. Ол өз еркімен шалқып жатуы үшін маңдайына алтын әріппен жазылған азаттығы болуы тиіс. Біз күн сайын қызметке соны сезініп барып кіріссек, алтын басымыз төрде! Демек ұлт аяулы азаттық сөзін ұран қылып ұстап өтуге борышты.
16 Желтоқсан, 2022
Сенат депутаттарын ұсыну аяқталды
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттығына кандидаттарды ұсыну 29 қарашада басталып, 16 күнге созылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
15 Желтоқсан, 2022
«7-20-25» бағдарламасы қашан аяқталады?
Қазақстанда «7-20-25» бағдарламасын 2029 жылға дейін жалғастыру мәселесі талқыланып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық банкке сілтеме жасап.
15 Желтоқсан, 2022
Елімізде ойын бизнесі ушығып барады - сенатор
Сенатор Амангелді Толамисов еліміздің Премьер-Министрінің атына жолдаған депутаттық сауалында букмекерлік кеңселер жарнамасының көбейіп кеткенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
15 Желтоқсан, 2022
Электронды оқулықтың ертеңі зор
Биылғы күзде еліміздің мектепте білім беру жүйесіндегі тағы бір жаңашылдық төңірегінде айтыс-тартыс өрбіді. Нақты айтсақ, Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың тапсырмасына сәйкес Оқу-ағарту министрлігі Цифрландыру министрлігімен бірлесіп, стандартты мектеп оқулықтарын электронды оқулықтарға ауыстыру жобасын әзірлеу үстінде.
15 Желтоқсан, 2022
Қазақстанда инновациялық жобаларға арналған Еgov іске қосылады
Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Технологиялық саясат жөніндегі кеңестің отырысында өңірлерді инновациялық дамыту және ұлттық инновациялық жүйенің «Бірыңғай терезесін» құру мәселелері қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz.
15 Желтоқсан, 2022
Балалар әдебиетінің «Айтұмары»
Алматыда «Айтұмар» балалар әдебиеті үздік туындыларының байқауы мәреге жетті. Қазылар алқасының ұйғарымымен жас оқырманның жүрегіне жол табуға лайық деп танылған шығарма авторларын марапаттау салтанаты «Алатау» дәстүрлі өнер театрында өтті.
15 Желтоқсан, 2022
Ауыр атлетикадан Колумбияда өтіп жатқан әлем чемпионатының кезекті жарыс күні аяқталды. Кеше Қазақстанның екі спортшысы өнер көрсетті.
15 Желтоқсан, 2022
Бұған ширек ғасырдағы ынтымақтастық нәтижесі айғақ Биыл Қазақстан мен Қытай арасындағы мұнай-газ саласындағы ынтымақтастыққа 25 жыл толды. Ол 1997 жылы ең ірі қытайлық инвестор – CNPC (Қытай Ұлттық Мұнай-газ Корпорациясы) қазақстандық нарыққа шыққан кезде басталды. Бұл – әлемдік мұнай алпауыттары көшбасшыларының үштігіне кіретін және 38 елде мұнай-газ операцияларын жүргізетін әйгілі халықаралық кешенді энергетикалық компания.
15 Желтоқсан, 2022