Редакция таңдауы
ТҮРКСОЙ: 2023 – Темірбек Жүргенов жылы
Ұлттық академиялық кітапханада ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының мерейтойлық білім беру аясында «ТҮРКСОЙ: ынтымақтастық пен жасампаздыққа 30 жыл» атты халықаралық кітап-иллюстрациялық көрмесі ашылды.
22 Желтоқсан, 2022
«KEGOC»: Басты басымдық – сенім
Өткен жексенбіде Қазақстанның энергетика саласының қызметкерлері Энергетиктер күнін атап өтті. Осыған орай, еліміздің энергетика саласының көшбасшыларының бірі – «KEGOC» АҚ қызметкерлері кәсіби мерекелеріне қандай жетістіктермен келгендігін компанияның басқарма төрағасы Қаныш Молдабаевтан сұрадық. Біз сұхбаттасымызды кездейсоқ таңдағанымыз жоқ – биылғы шілде айында «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» «KEGOC» акционерлік қоғамының құрылғанына 25 жыл толған болатын.
22 Желтоқсан, 2022
Айтақын Бұлғақовтың ағалық ақылы, әкелік қамқорлығы, ұстаздық өнегесі мен тәрбиесі болмаса бүгінгі Балғынбек те болмас еді.
22 Желтоқсан, 2022
Бүркітші қыз Айшолпан туралы кітаптың тұсауы кесілді
Бірінші Орталық Азия медиа форумында Лиз Уэльштің «Бүркітші» кітабының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
21 Желтоқсан, 2022
Арыстанбек Мұхамедиұлын қамауда ұстау мерзімі тағы ұзартылды
Арыстанбек Мұхамедиұлын қамауда ұстау мерзімі тағы 1 айға ұзартылды. Бұл туралы Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
21 Желтоқсан, 2022
Журналистердің мәртебесін арттыру маңызды - Күршад Зорлу
Бүгін Астанада Бірінші Орталық Азия медиа форумының екінші күні өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
21 Желтоқсан, 2022
Қазақстандықтар қаңтарда қанша күн демалады?
Қаңтар айында қазақстандықтар сенбі және жексенбі күндерін қоса алғанда барлығы 11 күн демалады, деп хабарлайды Egemen.kz.
21 Желтоқсан, 2022
Белгілі ғалым Амангелді Айталы дүниеден өтті
Мемлекет және қоғам қайраткері, белгілі ғалым, академик Амангелді Айталы өмірден озды, деп хабарлайды Egemen.kz.
21 Желтоқсан, 2022
Облыстық тарихи өлкетану музейінде әр дәуірдің көзіндей болған жәдігерлер жетіп артылады. Олардың біразын өңір тұрғындары кездейсоқ тауып алып, музей қорына өткізген екен. Солардың бірі – сақ дәуірінен жеткен еліктің мүсіні.
21 Желтоқсан, 2022
«Бай-қуатты болайық» деп халқының жүрегіне жол салған жампоз журналист Нұртілеу Иманғалиұлын білмейтін қазақ жоқ шығар! Ақпарат саласының қара нарына айналған бірегей тұлға көзі тірісінде ел руханиятына сүбелі үлес қосып, ұлт тележурналистикасының қалыптасуына бар қажыр-қайратын жұмсады.
21 Желтоқсан, 2022
Қазақ данасына арналған Ташкент көрмесі
Өзбекстанның бейнелеу өнері галереясында ақын Абайдың өмірі мен шығармашылығына арналған «Абай. Бауырлас халықтардың мұрасы» атты көрме ашылды. Рухани іс-шараның ашылу салтанатына Өзбекстан Премьер-министрінің орынбасары, Туризм және мәдени мұра министрі Әзиз Әбдіхақымов, Қазақстанның Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев, Қазақстанның Өзбекстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Бейбіт Атамқұлов, «Жидебай-Бөрілі» Абай музейінің директоры Тұрдықұл Шанбай, Бейнелеу өнері галереясының директоры Камола Акилова және зиялы қауым өкілдері қатысты. Сондай-ақ Ташкент қаласында Абай Құнанбайұлы ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.
21 Желтоқсан, 2022
Блокчейн саласындағы бірегей бастама
Қазақстанда Binance Academy-мен бірлесіп әзірленетін бастама аясында блокчейн-технологиялар бойынша 40 мыңнан астам маман дайындалады. Алғашқы түлектер 2024 жылы қатарға қосылмақ.
21 Желтоқсан, 2022
Смартфондардың 6 пайызы ғана 5G-ға сай
2022 жылдың қарашасындағы жағдай бойынша елімізде ең танымал мобильді телефон атағын Samsung смартфоны жеңіп алған. Statcounter GlobalStats дерегіне қарағанда, оның нарықтағы үлесі 35,6 пайызды құрайды. Басты бәсекелес – Apple үлесі 21,1-ден 24,1 пайызға өскен. Үштікті түйіндейтін қытайлық Xiaomi брендінің үлесі 15,9-дан 19,4 пайызға өскен.
21 Желтоқсан, 2022
Тарихи аналар бейнесін сомдаған
Дала сыры дәуірлердің мұңы мен жыры, адамзаттың үні арқылы әспеттеліп жатса, ел мен жер тарихындағы аналар рөлін қайда қоясыз? Осынау ұлы даладағы ұлағатты ұрпақты дүниеге әкеліп қана қоймай, бағып-қағып жеткізуші, махаббат пен мейірім сыйлаушы, керек кезде елдік пен ерліктің туын көтерген аналар бейнесінің тұтас галереясын халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, жазушы Шәрбану Бейсенованың шығармашылығынан көре аламыз.
21 Желтоқсан, 2022
«Ұлы дала» үздіктері марапатталды
Кеше «Amanat» партиясы «Ұлы дала» республикалық шығармашылық байқауын қорытындылады. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына және жазушы Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына арналған әдеби байқаудың «Поэзия» аталымында «Egemen Qazaqstan» қызметкері Жәнібек Әлиман үздік шықты. Сонымен қатар тағы бір әріптесіміз Абай Аймағамбет арнайы сыйлыққа ие болды.
21 Желтоқсан, 2022
Кеңжолақты интернет ауылға қашан жетеді?
Мәжілісте өткен Үкімет сағаты «Қазақстан Республикасының елді мекендеріндегі байланыс мәселелері» тақырыбына арналды. Бұл мәселе бойынша Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин баяндама жасады.
21 Желтоқсан, 2022
Жылу желілерін жөндеу бағдарламасы
Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздің энергетикалық объектілері мен жылу желілерін тексеру барысы қаралды.
21 Желтоқсан, 2022
Жаман ұлт деген түсінік жоқ - Димаш Құдайберген
Бұл туралы І Орта Азия медиа форумында пікір бөліскен еліміздің белгілі әншісі Димаш Құдайберген айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
20 Желтоқсан, 2022
Астанада бірінші Орталық Азия медиа форумы өтіп жатыр
Астанада бірінші Орталық Азия медиа форумы өтуде. Бірегей ынтымақтастық алаңына айналған форум Орталық Азия елдері үшін бірыңғай медиа кеңістігін құруды көздейді, деп хабарлайды Egemen.kz.
20 Желтоқсан, 2022
Лионель Месси 2022 жылдың үздік спортшысы атанды
Аргентиналық спортшы және 2022 жылғы футболдан өткен әлем чемпионатының үздік ойыншысы Лионель Месси BBC Sports тұжырымы бойынша 2022 жылдың үздік спортшысы атанды. Аргентина құрамасының капитаны мен көшбасшысына арнайы Personality World Sport Star сыйлығы табысталады, деп хабарлайды Egemen.kz.
20 Желтоқсан, 2022