Редакция таңдауы
Жақсы бастама жалғасын тапса игі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев таяуда Түркістан қаласында өткен Ұлттық құрылтайда «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» тақырыбында сөйлеген сөзінде ақпарат саясатының тиімділігін арттыру бағытында ауқымды мәселені көтерген еді.
28 Маусым, 2023
Халықаралық менеджментті дамыту институты (International Institute for Management Development (IMD) 1989 жылдан бастап жыл сайын «World Competitiveness Yearbook» (WCY) әлемдегі бәсеке қабілеті туралы есепті жариялап отырады. Аталған құжатта бәсеке қабілетінің әртүрлі қырын өлшейтін 330-дан астам өлшем негізінде 64 елдің көрсеткіші салыстырылады. Мұндағы нәтижелер 57 институт желісі, бизнес-қауымдастық, мемлекеттік орган және ғалымдар арасында жүргізілген сауалнама мен 6400 басшының жауабына негізделген.
28 Маусым, 2023
Төлеген шайырдың «Ақын боп өмір кешу оңай деймісің, қарағым, аузында болу бұл өзі сыздаған барлық жараның» дейтін өлең жолдары бар еді ғой. Бұл сөзді бүгінде тек ақындарға емес, қолына қалам мен микрофон ұстаған журналистер қауымына қарата айтуға да әбден болады. Шын мәнінде, қоғамдағы әрбір қиындықтың басы-қасынан табылып, халық пен билік арасында алтын көпір болып жүрген «төртінші билік» өкілдерінің өмірі де тынымсыз тірлікке толы.
28 Маусым, 2023
Ұлттық журналистика: «Қазақ» газетінен – «Қазақ газеттеріне» дейін...
Ұлттың айрықша басылымы – «Қазақ» газеті жыл басында 110 жылдығын атап өтті. Өткен ғасырдың бейресми энциклопедиясы іспеттес, әлі де толық зерттеліп бітпеген тарихи басылым туралы әңгіме қозғалған сайын ұлт мүддесіне қызмет еткен тың деректер табылады.
28 Маусым, 2023
Өткенде «Әдеби калейдоскоп» айдарымен Бердібек Соқпақбаевтың «Қайдасың, Гауһар?» повесі туралы жазған едік. Сонда шағын шығарманың әуезінен бұрынырақта оқыған бір әңгіменің желісі ойға орала кетті.
28 Маусым, 2023
Жыл сайын Журналистер күні қарсаңында түрлі байқаулар өткізіліп, өткір тілді, озық ойлы тілшілер қауымы марапатталады. Биыл да игі дәстүр жалғасын тауып, елге хабар жеткізіп жүрген «Егеменнің» журналистері де оза шауып, үздіктер қатарына енді.
28 Маусым, 2023
Әсел Жанасова: «Қазпошта» логистикалық хабқа айналады
«Қазпошта» АҚ – еліміздегі пошта байланысының ұлттық операторы және ТМД-да осы саладағы жедел дамып келе жатқан компаниялардың бірі. Оның ауыз толтырып айтарлық жетістіктерімен қатар, күн тәртібінен түспей тұрған бірқатар проблемасы да бар. Өткен жылы қазан айында акционерлік қоғамның басқарма төрағасы болып сайланған Әсел Жанасовамен сұхбат барысында баспасөзге жазылу мен оны таратуға қатысты түйткілді мәселелер де кеңінен сөз болды.
28 Маусым, 2023
Бабаларымыздың дүниені керуенге теңегені неткен әсерлі, неткен тұшымды. Бұғаздай жұмбақ, таудай биік қаламгер ағалар сапы сиреген сайын ой басады. Көнерместей көрінетін сол ағалардан кейінгіге қалған атпал аманаттың бірі – әдебиетке адалдық.
27 Маусым, 2023
Шәміл Мұхамеджанов – әдебиет есігін бұзып-жарып емес, әдеппен ашты. Торғай өзені секілді тұнық ақты, даурыққан жоқ. Лепірмеді. Көркем сөз өнеріне өзінің ешкімге ұқсамайтын әлемі мен өрнегін ала келді. Қамшының сабындай қысқа ғұмыр кешсе де артына мол мұра қалдырды. Жиырмаға жуық жыр жинағы жарық көрді. Орыстың атақты ақыны М.Лермонтовтан бастап, Я.Райнис, Л.Украинка, Т.Шевченко, Р.Ғамзатов, Я.Смеляков, тағы басқалардың шығармаларын аударды. Қаншама әнге сөз жазды. Бастысы, өмірден ақындықтың туын жықпай өтті.
27 Маусым, 2023
Ұлт журналистикасының тағылымды жолы
Ұлттық музейде Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күніне орай «Қазақ журналистикасы: өткені мен бүгіні» атты көрме ашылды. Салтанатты жиынға Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі, Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов, зиялы қауым мен журналистер қатысты.
27 Маусым, 2023
2023-2024 оқу жылына 88 мың грант бөлінген
Жоғары білім берудің барлық деңгейлері бойынша 2023 - 2024 оқу жылына арналған білім гранттарын бөлу тізімі жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
27 Маусым, 2023
Сенатта «Парасат» байқауының лауреаттары марапатталды
Бүгін Сенатта журналистер арасындағы «Парасат» байқауының лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті. Іс-шара барысында Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін келе жатқан кәсіби мерекелерімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Парламент Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
27 Маусым, 2023
Елімізде қазақ баспасөзінің күні белгіленді
2 ақпан - Қазақ баспасөзінің күні болып белгіленді. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі «Қазақ журналистикасы: өткені мен бүгіні» көрмесінің ашылу салтанатында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
27 Маусым, 2023
Әлеуметтік кодекс 1 шілдеден бастап күшіне енеді
Премьер-министрдің орынбасары – еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың баяндауынша Республикадағы әлеуметтік қолдау мәселелері бір құжат – Әлеуметтік кодекспен реттеледі. Ол 1 шілдеден бастап күшіне енеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
27 Маусым, 2023
Қарыз алып құрбандық шалса бола ма?
Құрбан шалу діндегі маңызды құлшылықтардың бірі. Қасиетті Құранның «Кәусар» сүресінде «Тек Раббыңның разылығы үшін намаз оқып, құрбан шал» делінген. Ал Қарыз алып құрбандық шалуға бола ма?
27 Маусым, 2023
Қашықтан құрбан шалуға арналған сайт іске қосылды
28 маусым Құрбан айт мерекесі басталады. Осыған орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Құрбан-2023» қайырымдылық акциясын ұйымдастарып жатыр. ҚМДБ Құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған qurban2023.kz сайтын іске қосты, деп хабарлайды Egemen.kz.
27 Маусым, 2023
«Егеменнің» тілшісі – «Сөз зергері»
«Amanat» партиясы Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні қарсаңында журналистер арасындағы «Amanat» – 2023 Медиа сыйлығы» республикалық байқауының қорытындысын жариялады.
27 Маусым, 2023
28 маусым – Құрбан айттың алғашқы күні. Мұсылмандық мереке Астанада таңғы сағат 06:00-де айт намазын оқумен басталады. Одан кейін құрбандық шалу басталып, 30 маусым кешкі ақшам намазына дейін жалғасады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚМДБ төрағасының кеңесшісі Кенжетай Дүйсенбай мәлімдеді.
27 Маусым, 2023
Халықтың күні әлі де көмірге қарап тұр
Жасыл экономика мен жаңғырмалы энергия туралы жиі айтқанымызбен, еліміздің энергетика саласы әлі де қатты отынға тәуелді екені белгілі. Жақында Астанада өткен Қазақстан көмір өнеркәсібінің IV форумы саладағы бірқатар қордаланған мәселеге назар аудартты.
27 Маусым, 2023
Астана қаласының 25 жылдық мерекесіне орайластырылған жоспарлы іс-шаралар легі басталып та кетті. Бірер күн бұрын елорда әкімдігі мен Еркеғали Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармония ұжымы «Filarmonia fest-2023» музыкалық фестивалін ұйымдастырып, қала тұрғындарының ықыласына бөленді.
27 Маусым, 2023