Редакция таңдауы
«Жұртқа жақын полиция» қағидатын қарқынды дамыту қажет - Президент
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрлігінің алқа мәжілісінде сөйлеген сөзінде полиция қызметінің сервистік моделіне тоқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
30 Маусым, 2023
Парламент депутаттары каникулға кетті
Бүгін сегізінші сайланған Парламенттің бірінші сессиясы ресми түрде жабылды. Депутаттар 1 қыркүйекке дейін парламенттік каникул деп жарияланатыны туралы арнайы қаулы қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
30 Маусым, 2023
«QazIndustry» отандық индустрия және экспорт орталығы «Astana Ceramic» компаниясына өндіріс үдерісін үнемдеуге септесетін элементтерді енгізуге жұмсалған шығындардың 30%-ын өтеуге қолғабыс етті. Аталған компания жапондық Kaizen философиясын тиімді қолданудың арқасында керамикалық кірпіштің өндірісін 15%-ға ұлғайтып, жұмыс өнімділігін арттыра түскен.
30 Маусым, 2023
Ұлттық нейрохирургия орталығының 15 жылдығы қарсаңында елдегі нейрохирургтердің V Конгресі өтті. Білікті дәрігерлер бас қосқан конгресте нейрохирургия саласын ілгерілетуге қатысты өзекті мәселелер қаралды. Соның ішінде жаңа технологиялар, нейрохирургиялық бөлімшелерді жарақтандыру стандарттарымен қоса кадр даярлау ісіне қатысты ұсыныс-пікірлер қамтылды.
30 Маусым, 2023
Астанада «Аmanat» партиясынан сайланған Мәжіліс және мәслихаттар депутаттарының алғашқы республикалық форумы өтті. Саяси іс-шарада еліміздің барлық өңірінен 3 мыңға жуық фракция мүшесі бас қосты. Жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың реформаларын жүзеге асыру аясында өңірлерді дамыту, сондай-ақ мәслихаттардың өкілеттігін кеңейту тетіктері жан-жақты талқыланды.
29 Маусым, 2023
Форум аясында барлық деңгейдегі Мәжіліс және мәслихаттардың депутаттары Астана қаласына жиналып, партия басшылығымен бас қосты. Біріншіден, саяси іс-шара – еліміздегі түйіні әлі күнге дейін тарқамаған проблемаларды талқылап, сол мәселе турасында өз ойын, ұсыныс-пікірін ашық айтуға деген өте жақсы мүмкіндік.
29 Маусым, 2023
Парламент пен жергілікті өкілетті орган арасында тығыз байланыс болу керек. Қабылданған заңның төменге барған соң жұмыс істеуі, өміршең болуы өте маңызды. Ал аймақтағы депутаттар көптеген проблеманы бүге-шігесіне дейін біледі, тікелей араласады. Сондықтан заң шығару үдерісіне бірінші кезекте мәслихаттар депутаттары араласқаны дұрыс. Бұл заңдардың сапалы, халыққа жақын болуына ықпал етеді деп есептеймін.
29 Маусым, 2023
Заңсыз алынған активтерді қайтару туралы
Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палатаның осы сессиядағы қорытынды отырысы өтті. Жиында сенаторлар Мемлекет басшысының ұсынымы бойынша Жоғарғы соттың судьяларын сайлады және бірқатар заң жобасын қарады.
29 Маусым, 2023
Кентаудағы «Ризық-Раяна» дәмханасынан «пицца», «чикен» және «суши» алып жегендер дене қызуы көтеріліп, құсу, іштің өтуі, жалпы әлсіздік, денесінің қақсауы бойынша дәрігерлерге шағымданған. Орталық қалалық аурухананың жұқпалы аурулар бөліміне сейсенбіден бастап, кешегі бейсенбі күнгі мәлімет бойынша тағамдық токсикоинфекциямен 92 науқас қаралыпты. Өкінішке қарай, бұл сан әлі де көбеюі мүмкін. Дәрігерлердің көмегіне жүгінгендердің ішінде 67 науқас инфекциялық стационарға жатқызылған.
29 Маусым, 2023
Елде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің енгізілгеніне төрт жылдың төңірегі болыпты. Содан бері денсаулық сақтау саласына бюджеттен қаралатын қаржы екі есе артты. Ал сапа ше? Сапа екі есе жақсарды деп айта аламыз ба? Шын мәнісінде, медициналық сақтандыру қаншалықты тиімді? Ел-жұрт ай сайын сақтандыруға аударып отырған жарнаның игілігін көріп жүр ме? Қазір сақтандырылмаған 3 миллионнан астам азамат бар көрінеді. Олар қалай емделеді? Осы сипаттағы көптің көкейінде жүрген сұрақтардың жауабын білу үшін «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ басқарма төрағасының орынбасары Ілияс Мұхамеджанмен әңгімелескен едік.
29 Маусым, 2023
Халық шежіресі оның танымал өкілдерінің тағдырынан, соның ішінде ұлтты өрбітуде маңызды орынға ие әйел-аналардың ғұмырбаянынан да тұрады. Айша бибі, Домалақ ана, Қарқабат, Бопай, Қызай ана, Жүзей, Айғаным, Күнбике, Айбике, Зере, Аққағаз, Әлия мен Мәншүк, Дина өмірі – осының дәлелі.
29 Маусым, 2023
Астанада былтырдан бастап дәстүрлі турнирге айналған бокстан ерлер мен әйелдер арасындағы ІІ Халықаралық «Елорда кубогі» жарысы басталды. Елорданың 25 жылдығына орай ұйымдастырылған бокс бәсекесі Астанадағы «Beeline Arena» спорт кешенінде өтіп жатыр. Биылғы додада әлемнің 10 елінен келген 200-ден аса былғары қолғап шебері бас жүлдеге таласты бастап кетті. Олардың ішінде Өзбекстан, Қытай, Үндістан, Моңғолия және басқа мемлекеттердің өкілдері бар. Ал Қазақстан құрамасы сапында Олимпия ойындарының жеңімпаздары, әлем, Азия және басқа да халықаралық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлері де қатысып жатыр.
29 Маусым, 2023
Кашмир өлкесі Смаст-Мардан қаласынан 50 шақырым жердегі Сақара тау-жотасында теңіз деңгейінен 1130 метр биікте орналасқан үңгір-ғибадатханаға жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары кезінде V-VI ғасырларға тән көптеген артефакті табылған еді.
29 Маусым, 2023
2 ақпан Ұлттық басылым күні болып бекітілді
«Қазақ» газетінің тұңғыш саны жарық көрген күн Ұлттық басылым күні болып белгіленді. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
29 Маусым, 2023
Қазақстан Әлемдік бәсекеге қабілеттілік рейтингінде жоғарылады
IMD рейтингі - «Экономикалық қызмет», «Үкіметтің тиімділігі», «Бизнестің тиімділігі» және «Инфрақұрылым» факторларын бағалайтын кешенді зерттеудің нәтижесі. 2023 жылғы зерттеу нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы 2022 жылғы рейтингпен салыстырғанда 6 тармаққа көтеріліп, 66,11 балл нәтижесімен 37-орынға табан тіреді, деп хабарлайды Egemen.kz.
29 Маусым, 2023
Астанада жаңа ауыз су станциясының бірінші кезеңі іске қосылды
Астанада жаңа ауыз су станциясының (ССС-3) бірінші кезеңі іске қосылды. Қала әкімдігінің өкілдері бұл шаһардағы су тапшылығы мәселесін толық шешетінін алға тартты. Жаңа су станциясының арқасында тәулігіне 35 мың текше метр су беріледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
29 Маусым, 2023
Биыл ел экономикасы 4,5-5%-ға өседі - Әлихан Смайылов
ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов Астанада өтіп жатқан «AMANAT» партиясының барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының республикалық форумында Қазақстан экономикасының қалай дамып жатқаны туралы айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
29 Маусым, 2023
Ауыл халқының табысын арттыру жұмыстарына 100 млрд теңге бөлінді
ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов Астанадағы «AMANAT» партиясының барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының республикалық форумында кәсіпкерлікті қолдау және мұнай-газ өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы мен энергетика салаларында жаңа жобаларды іске асыру барысы туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
29 Маусым, 2023
Қорғаныс министрінің орынбасары тағайындалды
Бақытбек Сыдықов Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
29 Маусым, 2023
Еліміздің бас мүфтиі халыққа үндеу жасады
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қазақстандықтарды Құрбан айттың құрметіне мал құнын қолдан көтермей, оңтайлы баға ұсынып, халыққа жақсылық жасап, көпшіліктің ризашылығына бөленуге шақырды, деп хабаралайды Egemen.kz Бас мүфтияттың сайтына сілтеме жасап.
28 Маусым, 2023