Редакция таңдауы
Президент: Еуразиялық Одақтың экономикалық әлеуеті зор
Ақорда ғимаратында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресей, Беларусь және Қырғызстан үкіметтерінің басшыларымен кездесуі өтті. Қазақстан Президенті үкіметтер басшыларына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер мол әлеуетке ие екенін айтып, елдер арасындағы ынтымақтастықты ілгерілету мақсатында барлық мүмкіндікті белсенді пайдалану қажет екенін алға тартты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
25 Қыркүйек, 2023
Жазғы Азия ойындары: тағы бір қола медаль бұйырды
Қытайда өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында дзюдо күресінен Абылайхан Жұбаназар қола медаль иеленді, деп хабарлайды Egemen.kz.
25 Қыркүйек, 2023
Есмигүл жазғы Азия ойындарының қола жүлдесін иеленді
Қытайда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында дзюдодан қыздар арасында Есмигүл Куюлова қола медаль олжалады, деп хабарлайды Egemen.kz.
25 Қыркүйек, 2023
Үкіметтер басшылары «ИННОПРОМ. Қазақстан» көрмесінде өнімдермен танысты
Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан және Ресей үкіметтерінің басшылары 25-27 қыркүйекте Астанада өтіп жатқан «ИННОПРОМ. Қазақстан» халықаралық өнеркәсіп көрмесінің экспозициясымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
25 Қыркүйек, 2023
Никита мерген қоржынға қола салды
Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында қоржынымызға кезекті қола медаль түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.
25 Қыркүйек, 2023
Ақтау теңіз порты халықаралық мәртебеге ие болды
Ақтау теңіз сауда портына халықаралық мәртебе берілді. Үкімет тиісті қаулы қабылдады, деп жазады Egemen.kz.
25 Қыркүйек, 2023
Нұржан Сманов: Депутаттың шашбауын көтергеніме өкінемін
Қытайдың Ханчжоу қаласында жазғы Азия ойындары түңлігін түрді. Келесі жылы өтетін Париж жазғы Олимпиадасына жолдама бөліске түсетін бұл доданың да бәсі жоғары. Содан кейін де Азия құрлығының жазғы Олимпиадасы деп айтылады. Жанкүйерлер боксшыларымыздан орасан жеңіс күтеді. Өйтетін себебі есеміз кетіп жүр біздің. 2018 жылы Индонезияда өткен жазғы Азия ойындарында боксшыларымыз тек 2 күміс медальді місе тұтып, еңсемізді түсірген-ді.
25 Қыркүйек, 2023
Азия ойындары: Бүгін 38 медаль сарапқа салынады
Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ Азия ойындарында жарыс жалғасып жатыр. Бүгін 11 спорт түрі бойынша 38 медаль сарапқа салынады, деп хабарлайды Egemen.kz.
25 Қыркүйек, 2023
Қазір дүние жүзіндегі азық-түлік қауіпсіздігі көкейкесті сипатқа ие болып отыр. Азық-түлік мәселесі мен оған деген сұраныстың артуы күн өткен сайын өткір сезілуде. Сондықтан Қазақ елі үшін де агроөнеркәсіп кешенін дамытуға басымдық берілуі аса маңызды. Қазақтың тарихи тамыры ауылда екенін ескерсек, ауыл шаруашылығының өркендеуі – Қазақстанның өркендеуімен пара-пар.
25 Қыркүйек, 2023
Нью-Йоркте Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 78-сессиясы аясында қосымша бірқатар маңызды кездесу ұйымдастырылды. Қазақстан Сыртқы істер министрлігі осындай іс-шараларға қатысты.
25 Қыркүйек, 2023
«Егемен болмай, ел болмас» деп ата-бабаларымыз армандап айтып кеткен егемендікке қол жеткізіп, әлемнің саяси картасынан ойып орын алған мемлекет құру бақыты бізге бұйырды. Бүгінгі ұрпақ елдіктің айбарын сезініп, қай істе де жауапты болуы маңызды.
25 Қыркүйек, 2023
Мемлекет басшысы қаңтар оқиғасына қатысушыларға бір реттік рақымшылық жасауды тапсырғаны белгілі. Артынша арнайы заң қабылданды. Құжатта қылмысы жеңіл азаматтарды жауапкершіліктен босату, ал ауыр қылмыс жасағандардың жазасын жеңілдету мәселесі қамтылды. Соның нәтижесінде, біраз азамат қамаудан босатылды, бірқатарының жазалау мерзімі қысқарды.
25 Қыркүйек, 2023
Сайлаушы сеніміне селкеу түспесін
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде жүргізіліп жатқан саяси реформаларға сәйкес осыдан екі жыл бұрын ауыл әкімдерін сайлау енгізілген болса, енді алдымыздағы 5 қарашада алғаш рет қанатқақты режімде аудан мен облыстық маңызы бар қала әкімдерінің сайлауы өткізілмекші. Бұл – қоғамдық өмірді демократияландыру жолындағы кезекті де маңызды қадам.
25 Қыркүйек, 2023
Тұзды топырақтан электр қуатын алады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылғы Жолдауында жауапты ұйымға қауіпсіз және экологиялық таза атом энергиясын дамыту мүмкіндігін зерттеуді тапсырған болатын. Мұның себебін Президент 2030 жылға қарай елімізде электр энергиясының тапшы болатынымен байланыстырды. Бірақ қоғамда атом электр стансасын салуға қарсылық көбейгендіктен, жалпыхалықтық референдум арқылы нақты шешім шығару көзделді. Қауіпті атомнан қуат алатын АЭС салу-салмау туралы бір байламға келе алмай жатқанда колледж студенті электр қуатын тұзды топырақтан алуды ұсынды.
25 Қыркүйек, 2023
UNICEF Talks: Айтары барға – ақ жол!
Астанада БҰҰ Балалар қорының ұйымдастыруымен UNICEF Talks жастар конференциясы өтті. «Рublic talk» форматындағы іс-шараның басты көздегені – жастардың үнін қоғамға естірту. Жиында он алты жас спикер сөз сөйлеп, өздерінің бастан кешкен оқиғаларымен бөлісті. Бұған қоса жастар креатив идеялары мен ұсыныстарын ортаға салды.
25 Қыркүйек, 2023
Жуырда АҚШ-тағы Калифорния штатының Сан-Франциско қаласында Silkroad Innovation Hub-тың ресми ашылуы өтті. Бұл – Орталық Еуразияны Кремний алқабындағы біртұтас аймақ ретінде ілгерілетуге, сондай-ақ IT кәсіпкерлік саласындағы ынтымақтастыққа және фаундерлердің мықты қауымдастығын құруға бағытталған бірегей жоба. Оның ашылуына еліміздің Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин де қатысып, сөз сөйледі.
25 Қыркүйек, 2023
Роботтехника әлемінің әліппесі
Біз ғұмыр кешіп жатқан ғасырды «ақылды» темірсіз елестету қиын. Өмір мен темірдің бір-біріне кірігіп кеткені сонша, сәт сайын тіршілікке қолқабыс болып отыр. Жаһандану дәуірінің жаңа жауынгерлерін даярлайтын роботтехника мектептері де көптеп ашылып жатыр. Балдырғандарға технология әлемінің әліппесін үйретіп жүрген мектептердің тыныс-тіршілігін білуге Астанадағы «Роботек» мектебін бетке алдық.
25 Қыркүйек, 2023
Aitas Agro: Күрделі жыл болса да күтеріміз көп
Жыл жайлы болмай тұр... Дән сепкен диқанға да, мал баққан шопанға да. Ырзық-несібесін дала төсінен бұйыртқан дәл осы бейнеткеш жандар үшін биылғы жыл ауыр да күрделі болатын сыңайлы. Өйткені ала жаздай аспаннан тамшы тамған жоқ. Аптап ыстықтан жер құрғап, егін күйіп, шөп сұйылды... Егінді таптаған ақбөкендердің «еркелігі» бар. Онсыз да шыр-пыры шыққан шаруаны шырылдатқан шегірткелер шеруі ше? Бастаудан су жетпей тартылып жатқан трансшекаралық аймақтардағы өзендер жайы... Саусақ бүгіп санамалай берсең, толып жатыр... Ал күрең күз келгенде, бәрі керісінше. Мөлшерден асып түскен ылғал өзі митыңдап жатқан саланы одан бетер тұралатып тастады. Ол аз десеңіз, әлемде болып жатқан саяси жағдайлардың салқыны да фермерлер үшін оңайға соғып тұрған жоқ. Сырттан ағылған сапасыз импорт пен еңбегіңе татымайтын төмен баға қазақ диқанының құлшынысын төмендетіп жібергендей...
25 Қыркүйек, 2023
Кейінгі жылдары отандық футболшылардың жасыл алаңдағы ойыны ғана емес, әлемдік рейтингтегі жағдайы да уақыт өте жақсарып келе жатқаны қуантады. Мәселен, осыдан екі жыл бұрын жерлестеріміз Халықаралық футбол қауымдастықтары федерациясының (ФИФА) рейтингінде 122-орынды қанағат тұтып жүрген болса, жуырда ғана жарияланған жаңа кестеде 100-орыннан көрінді.
25 Қыркүйек, 2023
Елордада еңбек күніне арналған форум өтіп, «Еңбек жолы» республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды.
24 Қыркүйек, 2023