Редакция таңдауы
Астанадағы ұлттық академиялық кітапханада Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының 165 жылдығына арналған дөңгелек үстел ұйымдастырылып, онда «Мәшһүр Жүсіптің тылсым әлемі» атты кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті. «Altyn Qyran Foundation» қоғамдық қорының қолдауымен шыққан кітапқа байланысты мәслихатты Сенат депутаты, белгілі журналист Нұртөре Жүсіп жүргізді.
26 Қыркүйек, 2023
«Қазақ газеттері» ЖШС ұжымы Тоқтар Әубәкіровпен кездесті
2 қазан Тоқтар Әубәкіровтің ғарышқа ұшқан күні қарсаңында қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер «Қазақ газеттері» ЖШС ұжымымен кездесті. Басқосуға мемлекет және қоғам қайраткері Оралбай Әбдікәрімов, белгілі хирург, профессор Серік Тоқпанов, «Ер Тоқтар» кітабының авторы, белгілі журналист Талғат Сүйінбай қатысты, деп жазады Egemen.kz.
26 Қыркүйек, 2023
Алаш жұрты ақжолтай хабарды асыға күтіп отыр
Ханчжоудағы дүбірлі доданың үшінші күнінен де тым үмітсіз емес едік. Бұл күні 31 медаль жиынтығы сарапқа салынса, Қазақстан спортшылары 18 спорт түрінен бақ сынады. Кеше спортшыларымыз 1 күміс және 3 қола медаль еншілеп, медальдар жиынтығын көбейтіп жатқанымызда, Қырғызстан мен Тәжікстан алғашқы алтынды жеңіп алды. Алтынның ауылы алыстаған сайын уайымда күшейе бастады. Дегенмен, додада жүрген мамандар алтын алатын спортшыларымыз әлі көп деп отыр.
26 Қыркүйек, 2023
Ең төменгі жалақы неге 300 мың теңге емес? Министр жауап берді
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ең төменгі жалақы мөлшері туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
26 Қыркүйек, 2023
Нұрлыхан Шархан Азиаданың қола медалін жеңіп алды
Ханчжоуда өтіп жатқан XIX Азия ойындарында Қазақстан дзюдошысы Нұрлыхан Шархан 100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
26 Қыркүйек, 2023
Шығыс Қазақстан облысындағы Марқакөл қорығында қар жауды
Шығыс Қазақстан облысындағы Марқакөл қорығының аумағына биылғы жылғы алғашқы қар жауды, деп хабарлайды Egemen.kz.
26 Қыркүйек, 2023
Дархан Қыдырәлі жаңа қызметке тағайындалды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Дархан Қуандықұлы Қыдырәлі Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
26 Қыркүйек, 2023
Азия ойындары: Қазақстан мергендеріне қола медаль бұйырды
Ханчжоуда (Қытай) басталған жазғы Азия ойындарында мергендеріміз қола медаль иеленді, деп хабарлайды Egemen.kz.
26 Қыркүйек, 2023
Сайлау Батырша-Ұлы: Егемендік азаттығымызды айқындады
Мемлекеттік Егемендік туралы декларация қабылданған күн еліміздің тағдырында Тәуелсіздігіміздің бастауы болған тарихи күн ретінде қалғаны анық. Сол тарихты көзімен көргендер бүл күнді «тарихымыздың жаңа парағын ашқан бетбұрыс» деп бағалайды. Рас, қазіргі күні кейбір адамдардан еліміздің КСРО құрамынан ең соңғы болып шығуына байланысты «Біз тәуелсіздікті алған жоқпыз, тәуелсіздік өзі есігімізді теуіп кірді» деген сөздерді естіп қаламыз. Шын мәнінде «бостандық» пен «бодандық» таразы басында тең түсіп тұрған сол алмағайып кезеңде тәуелсіздік үшін қан төгіліп, соғыс болмаса да, саясат майданында қандай қиян-кескі текетірестер жүргенін бүгінде біреу білсе, біреу білмейді. 1990-1993 жылдары Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары лауазымын атқарған Сайлау Батырша-Ұлы «Egemen Qazaqstan» газетімізге берген сұхбатында Мемлекеттік егемендік туралы декларация қабылданған уақыттан тәуелсіздік алғанға дейінгі кезеңде елімізде қандай саяси өзгерістер мен оқиғалар болғаны туралы айтып берді.
26 Қыркүйек, 2023
Сарғайған газет шежіресі: «Егемендік алдымен тілге берілсін»
Осыдан 33 жыл бұрын еліміздің азаттығы туралы әңгіме айтылып жатқанда «Социалистік Қазақстан» газеті тәуелсіздік декларациясына қатысты көптеген мақала жариялады. Сондай үнқосудың бірі «Социалистік Қазақстанның» 1990 жылғы 3 қазандағы нөмірінде жарық көрді.
26 Қыркүйек, 2023
Әкім сайлауы: партиялар кандидат ұсынуды бастады
Алда тағы бір маңызды саяси науқан келе жатыр. Аудан және облыстық маңызы бар қалалардың әкімдерін сайлау уақыты жақындап қалды. Саяси партиялар өз кандидаттарын ұсына бастады. Қарағанды облысының екі ауданына Қазақстан халық партиясы да екі кандидатты таңдап, біреуінің құжатын сайлау комиссиясына тапсырды.
26 Қыркүйек, 2023
Кейінгі жылдары елімізде жұмыс барысындағы жазатайым оқиғалар жиілеген. Тосын жайлардың басым бөлігі құрылыс саласына тиесілі. Өткен жылы Алматыда өндіріске байланысты 59 оқиға тіркеліп, салдарынан 4 адам қайтыс болған. Ал 26 азамат ауыр жарақат алып, еңбек қабілеті төмендеген.
26 Қыркүйек, 2023
Әуелеген ән мен жырдың кеніне айналған Жамбыл ауданының жұртшылығы Сембаевтар отбасылық ансамблін айрықша құрмет тұтады. Құрылғанына 17 жылға жуықтаған ансамбль құрамында бүкіл бір әулеттің мүшелері өнер көрсетіп, көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп келеді.
26 Қыркүйек, 2023
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауында алда атқарылар жұмыстар мен болашақтың бағыт-бағдары айқындалды. Жолдаудың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» деп аталуының өзі көп жайтты аңғартып отырғандығын халық толық түсініп, қолдау білдіреді.
25 Қыркүйек, 2023
Саяжай қызығы – Көкшенің жүзімі
Талпынған мұратына жетеді екен. Жаз бойы жетім тоқтының ұйысқан жабағы жүніндей бұлтының қабағы түксиіп тұратын Көкшеде бабы қатты, кірпияз жүзім өседі десек, сенесіз бе?
25 Қыркүйек, 2023
Биыл Сәтбаев қаласында өткен «Мерейлі отбасы» байқауына қонақ ретінде қатысудың сәті түскен еді. Сол жолы бас бәйгені иеленген Сағындық әулеті туралы қалам тербеуді жөн деп білдік.
25 Қыркүйек, 2023
Зерендінің зерегі, құйылып тұрар өлеңі
Қорғанбек Аманжол – алдымен ақын. Ол, көркем мінезді ұстазымыз Зейнолла Қабдолов айтпақшы, поэзия бақшасында сөз өнерін ардың ісі, «Өлең – өмір, өмір – өлең» деп білген жан. «Қос бөлмелі қоржын там, қарағайдан қиылған, Төбесі бар жатаған, Тағдырымдай бұйырған» деп өлеңінде өрнектегендей, сол қоржын тамнан от алып, Отанына танылған Қорғанбек туындылары бүлкілсіз бүтін дүниелер десек, асырып айтқандық емес.
25 Қыркүйек, 2023
Қандай көңіл-күй ауанында жүрсең де еріксіз есіңе түсетін бір әндер болады. Көңіл-күй лирикасы дейміз бе, басқа дейміз бе, кім білсін! Әйтеуір бойыңды балқытып, ойыңды шалқытып, жаураған жаныңа күн сәулесіндей жылу сыйлайды. Жылдар жылыстап өтсе де, сол бір әдемі әуен санаңда атойлап тұрып алатыны бар.
25 Қыркүйек, 2023
Азия ойындарының екінші күнінде Қазақстан қоржынына тағы үш қола медаль түсті. Бұл күні Ханчжоу төріне көтерілетін спортшылардың арасында алтынға лайықты басты фавориттер болмағанымен, медаль алады-ау деген спортшыларымызға жанкүйер болдық.
25 Қыркүйек, 2023
Ризабек АЙТМҰХАН: Шыдамдылық шыңға шығарады
Күллі Алаш жұртын қуаныш пен шаттыққа бөлеп, тәуелсіздіктен кейінгі ел күресінің тарихында тұңғыш әлем чемпионы атанған Ризабек Айтмұхан Астанаға ат басын тіреді. Сербияның бас шаһары – Белградта мәресіне жеткен әлемдік додада атой салған Ризабекті елорда жұрты да әуежайдан ыстық ықыласпен күтіп алды. Сол қалың жанкүйердің арасынан біз де табылып, қазақтың алтын қасықтай ұлымен аз-кем әңгімелесудің сәті түскен еді.
25 Қыркүйек, 2023