Редакция таңдауы
Жазушы еңбегінің салмағын ешкім өлшей алмас, сірә. Жазу – азап, жазу – мехнат, тіпті «тәтті тамұқ». Жазушы үшін жазудан қиын һәм жазудан оңай дүние жоқ секілді. «Әдебиетті ардың ісіне» балаған бұл қауым әрқашан әдебиеттің әділетін көре бермейді. Атақ-даңқ, марапат пен қошемет жанын жеп жазған қаламгердің бәріне бұйырмайтынын да тарих дәлелдеді. Ал лайықты жазушы еңбегі еленіп, мойындалып жатса, қаламның құдіретіне көзің жете түседі. Әлқисса.
17 Қазан, 2023
«Өскен жерін қимай кетіп барады»
Тыраулап ұшқан тырналар тізбегіне ұзақ қарағанда әлдебір тылсым сезім бойыңды билеп алады. Тіршілік иесі болған соң олар да үн қатады. Не айтады екен? Құстың тілін кім білген... Тылсым үн құпиясы ашылмаған күйде қала береді. Көкжиек төсіне сызғылап сурет салған құс біткен көз ұшынан алыстай түседі. Пешенеге жазылған тағдыр парақтарының бірінен соң бірін жауып бара жатыр ма деп ойға шомасың. Ал бізге ұшарға қанат жоқ...
17 Қазан, 2023
Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасы атынан ұйымдастырылған ресми қабылдауға барды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жоғары деңгейдегі «Бір белдеу, бір жол» бастамасының ІІІ форумына қатысатын делегация басшыларының құрметіне орай ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің атынан ұйымдастырылған ресми қабылдауға барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
17 Қазан, 2023
Президент: Екі ел арасында белсенді әрі сенімді саяси диалог орнаған
Қазақстан Президенті Бейжіңге ресми сапары аясында Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы Чжао Лэцзимен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
17 Қазан, 2023
Мемлекет басшысы: Ынтымақтастықты нығайтуға мүдделіміз
Мемлекет басшысы SINOPEC компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Ма Юншэнді қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
17 Қазан, 2023
Қазақстан-Қытай келіссөзі: Бес құжатқа қол қойылды
Қытай Халық Республикасына ресми сапармен барған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізу барысында екі елдің делегация мүшелері бірнеше маңызды құжатқа қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
17 Қазан, 2023
Президент ҚХР Төрағасын елге шақырды
Қытай Халық Республикасына ресми сапармен барған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен жүргізген келіссөз барысында екі елдің стратегиялық серіктестікке негізделген қатынас қарқынды дамып келе жатқанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сүйеніп.
17 Қазан, 2023
Қытай Қазақстанның ауқымды реформаларын қолдайды - Си Цзиньпин
ҚХР Төрағасы шақыруын қабыл алғаны үшін Мемлекет басшысына алғыс айтып, өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту маңызды екенін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
17 Қазан, 2023
Еңбекші қауым үшін күнкөріс көзі ретінде жұмыс орны маңызды құндылық саналады. Сондықтан да азаматтар нәпақысын айырып отырған жұмысынан айырылып қалмауға қашанда мүдделі. Ал әлеуметтік жағынан сақтандырылған жұмысшылар болса, мұндай тәуекелдер туындаған жағдайда көптеген көмек түріне арқа сүйей алады. Айталық, бүгінгі таңда елімізде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне шамамен 6,9 млн жұмыс істейтін азамат қатысады және олардың 1,2 млн-ға жуығы жыл бойы әлеуметтік төлемдер алады.
17 Қазан, 2023
Балықты аулай да, қорғай да білейік
Сыр өңірінде күздегі егін орағымен қабаттаса, елеусіздеу өтіп кететін бір науқан бар. Суы тартылған күріш атызында қалып қойған балықтарды құтқару шараларына жауаптылардың есебінше жылда миллиондаған шабақ су айдындарына жіберіледі. Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы мамандарының мәліметінше былтыр инспекция, қала мен аудан әкімдіктері, облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, «Қазсушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК облыстық филиалы мамандары бірлесіп, 8 миллионнан астам шабақты құтқарып қалған. Биылғы меже де аз емес – 7 млн шабақ.
17 Қазан, 2023
Ғылымды дамыту – маңызды мәселе. Ғылым мен инновация ел экономикасын көтеретіні, ғылымы дамымаған елдің көштің соңында қалатыны да баршаға мәлім. Біздің жағдайда инновацияның дамуы кешеуілдеп, жасаған ғылыми жетістіктеріміз аз болып тұр. Бұл ғылым мен өнеркәсіптің ортасында алшақтық бар екенін көрсетеді. Ғылымның сан саласын саралаған «Nobel Fest» іс-шарасында ойымызға осындай ойлар келді. Содан шетелдік ғалымдар айтқан бағыттардың біздің елдегі бәсі қандай деп сараптай бастадық.
17 Қазан, 2023
Отандық экономиканың жетекші саласының бірі – мұнай-газ өнеркәсібі. Әлемдік нарықта баррельмен бағаланатын «қара алтынның» алғашқы тамшысы алынған 1899 жылдан бері бірнеше кен орны іске қосылып, мұнай өндіру еселеп артты. Әсіресе Атырау облысындағы «Теңіз», «Қашаған» кен орындарын игеруге шетел инвесторларының инвестициясы тартылды.
17 Қазан, 2023
Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясы ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру мақсатында «1st business and science event» форумын ұйымдастырды. Ғылыми жұмыстардың нәтижесін бизнес өкілдеріне таныстырған ғалымдар форум аясында өткен көрмеде еліміздің шикізаттық емес әлеуетін дамытуға арналған жобаларын да ұсынды.
17 Қазан, 2023
Алатау алабы мен Жетісу жерін құландар ежелден мекен еткен деседі. Бұл аймақтардағы бірді-екілі орындардың құлан атауымен астасып жатуы тегін емес. Алайда өткен ғасырдың сексенінші жылдарына дейін құлансыз қалған құла дала жүздеген жылдар бойы құлазып жатты.
17 Қазан, 2023
Жеті ай жалақыға зар қылған зауыт
Кейінгі бір-екі жылдың бедерінде әулиеаталық әлеумет жалақы «жырын» жырлап, бірнеше мәрте бас көтерді. Әлеуметтік теңсіздіктен қажыған жамбылдық жұмысшылар жағдайдың жақсарғанын, қарапайым қызметкерлердің табысының артқанын қалайды.
16 Қазан, 2023
Күн сайын Алматыға қай елдерден сәлем-сауқат келеді? Яки болмаса алматылықтар қай жақтарға сәлемдеме аттандырады, тіпті болмаса осы күні қолымен хат жазатын адам қалды ма деп сұрайтын болсаңыз, онда бұл сұрақққа қала пошташылары жауап береді.
16 Қазан, 2023
Санаға салмақ салар спектакльдер
Алаш арысы Темірбек Жүргеновтің 125 жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының XXIX республикалық фестивалі Қызылжар төрін шын мәніндегі өнердің үлкен думанына айналдырды. Тұлға есімін ұлықтаған театр тойы атыраптың ажарын кіргізіп қана қоймай, бір апта бойы еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған театрлардың үздік қойылымдарын қызылжарлық көрермен назарына ұсынды.
16 Қазан, 2023
Ел аузында сақталған аңыз – әпсана деректерде Қожа Ахмет Ясауидің шәкірті саналатын әулие, пір Жүсіп атаның қолжазбасы табылғаны туралы мәліметті Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің баспасөз қызметі таратты.
16 Қазан, 2023
Қызылорда облыстық тарихи өлкетану музейі «Сыр бойындағы діни-ағартушылар мұрасын кешенді зерттеу» жобасын қолға алды. Музейдегі мамандар осы күні Тапал ахун (Нұрмұхаммед) Қадірұлы (1848-1921), Қалжан ахун Бөлекбайұлы (1862-1916), Марал ишан Құрманұлының тікелей ұрпағы Әмит (Абдулхамид) ишан Әбдірахманұлы (1905-1961) пайдаланған араб, парсы, шағатай тілдеріндегі кітаптар мазмұнын талдап, құнды мұра туралы деректер дайындап жатыр. Алда осы уақытқа дейін жеке адамдар қолында сақталып келген осы кітаптардың көшірмелері жасалып, музейге қойылады.
16 Қазан, 2023
Президент Қытайға ресми сапармен барды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасына ресми сапармен барды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
16 Қазан, 2023