Редакция таңдауы
«Тәуелсіздік» дегенде біз тек 1991 жылдың 16 желтоқсанында жарияланған саяси азаттығымызды ғана есімізге алатынымыз рас. Иә, бұл – ұлы мерекеміз. Тәуелсіздіктен қымбат қазынамыз да, байлығымыз да жоқ. Дегенмен халқымыздың рухани, мәдени, сана-сезім деңгейіндегі тәуелсіздікке ұмтылысы одан ертерек басталған және бұған бүгінде 105 жылдығын тойлап отырған біздің басылымның қосқан үлесі зор.
13 Желтоқсан, 2024
Жасанды интеллект табиғи өсімге жол ашады
«Google» компаниясының бас атқарушы директоры Сундар Пичаидың «Жасанды интеллект (ЖИ) – электр қуаты сияқты, қандай салаға енсе де, шексіз мүмкіндікке жол ашады» деген сөзі бар. Расында, ол кейінгі онжылдықта тек технология саласының емес, бүкіл өндірістің ажырамас бөлігіне айналды. Өнім сапасын бақылаудан бастап, өндіріс үдерістерін автоматтандыруға дейінгі тізбекте тізгін ұстап жүр. Бірақ бұл – бастамасы ғана. Болашақта ЖИ өндірісті адам танымастай өзгертеді. Біздің ел де елеулі үрдістен қалыс қалмауға барынша қамданып жатыр.
13 Желтоқсан, 2024
«Egemen.kz»: Шетелдік оқырманымыздың көбі – АҚШ-та
Дәстүрлі БАҚ-тың дамуы өз алдына. Уақыттың көшіне ілескені бар, іркіліп қалғаны бар, ілініп-салынып, оқырманымен әйтеуір бір қауыша қалатыны бар, тіпті іргесін кеңге салғаны бар. Қолыңыздағы газет – соңғысының мысалы. Ғасырдан асатын шежіресінде оқырманынан шет қалған емес. Қандай заманда да қолынан табылып, көз қуанышына айналып жатқаны.
13 Желтоқсан, 2024
Газет тойы қарсаңында не нәрсеге мән бермедік. Зерделі оқырмандар өздері-ақ хабарласып, бас басылым туралы жазып жіберіп жатыр. Бұрынғы басшылардың жолдап жатқан жазбалары өз алдына. Басылымның арғы-бергі өмірі, атқарған қызметтері, әуелі газет бетінде көрініп барып шешімін тапқан мәселелерді хатқа түсіріп жіберген жанашыр елдің лебізін оқығанда, әрине, ұжымдағылардың мерейі өсіп қалады. «Тойдың болғанынан боладысы қызық» дегендей, бәрі-бәрі қамтылып жатқан сияқты. Түпсананың тұсбағдарын бір сілкіп қарасақ, бәрі жазылып жатқандай көрінгенімен, газет өндірісі, «Egemen Qazaqstan»-ның бүгінгі тыныс-тіршілігін, бейнелеп айтқанда, сіз көрмеген «от пен судың» ортасын ұмытып барады екенбіз-ау дестік.
13 Желтоқсан, 2024
Ұлы дала ғұламалары және Түркістан
«Түркістан екі дүние есігі ғой» деп Мағжан жырлағандай, шежірелі қаланың тарихы әріде жатыр. Түркі мәдениетіне орасан зор үлес қосқан ғұлама Ясауидан бастап, киелі топырақтан қаншама ғалымдар түлеп ұшты. Рухани астананың көркі бүгінде жаңаша сипат алып, қарқынды дамып келеді.
13 Желтоқсан, 2024
Қазақ әдебиетін әлемге таныту үшін жаңа мазмұнға көшуге тура келетін секілді. Бір қарағанда мұнымыз басы артық талап сияқты көрінуі мүмкін. Бірақ бүгінгі әдеби өмірдің шындығы осы екенін мойындауымыз керек. Бұл тұрғыда қаламгерлеріміз екі майданда қатар жұмыс істеп жатыр деуге де болады. Бірі қайткенде де ұлтқа ұнау, екіншісі әлемге танылу.
13 Желтоқсан, 2024
Саналы ғұмырын сөз дүниесіне сарп еткен санаулы тұлғаның бірі, қазақ тіл білімінің сардары, түркологияның тұғырлы тұлғасы, академик Әбдуәли Қайдар алыстаған сайын асқақтай көрінетін Алатау сынды рухани құбылысқа айналып үлгерді. Қазақ ғылымының марғасқасы, ана тілінің алдаспаны болған оның жасампаз ғұмыры артында қалған қазыналы мирасымен өлшеніп, уақыт өткен сайын салмағы арта түсері анық.
13 Желтоқсан, 2024
Тұлғалар тағылымы: Бір ұжымда – 36 жыл
«Егемен Қазақстан» газетінің ұжымы өнеге тұтар аға буын өкілі – Әділ Дүйсенбек.
13 Желтоқсан, 2024
Өткен ғасырдың алпысыншы жылдары әдебиетке келіп, ұлт руханиятына қызмет еткен қаламгерлер шоғыры қалың. Сол іргелі буынның өкілі, бүгінген дейін қолынан қаламы түспеген көрнекті жазушының бірі – Кәдірбек Сегізбайұлы.
13 Желтоқсан, 2024
Мемлекет басшысы Талдықорғандағы Үстел теннисі орталығын аралап көрді
Қасым-Жомарт Тоқаев «Жетісу-Қолдау» қоғамдық қорының демеушілігімен салынған Үстел теннисі орталығымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
12 Желтоқсан, 2024
Қасым-Жомарт Тоқаев «Жетісу» волейбол клубының жай-күйімен танысты
Президент «Жетісу» волейбол клубының оқу-жаттығу кешенін аралап көрді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
12 Желтоқсан, 2024
Мемлекет басшысы Ынтымақ ауылындағы мектепті аралап көрді
Қасым-Жомарт Тоқаев Талдықорған қаласының іргесіндегі Ынтымақ ауылында биыл пайдалануға берілген №30 мектепті аралап көрді, деп хабарлайды Egemen.kz.
12 Желтоқсан, 2024
Биыл Жетісу облысында 250 мың шаршы метрге жуық тұрғын үй пайдалануға берілген
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
12 Желтоқсан, 2024
Үкімет басшысы ТМД үкіметтері басшылары кеңесінің отырысына қатысты
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас БектеновМәскеуде Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдерінің үкіметтері басшылары кеңесінің отырысына қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
12 Желтоқсан, 2024
Шавкат Рахмонов UFC рейтингінде жоғарылады
UFC ресми түрде боксшы Шавкат Рахмонов сынға түсетін жартылай орта салмақтағы өкілдердің жаңартылған рейтингін ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
12 Желтоқсан, 2024
Елімізде 25 мың жұмыс орны ашылады
Қазақстан экономикасын құрап отырған басым салаларда тағы ірі 17 жоба жүзеге асырылмақ. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
12 Желтоқсан, 2024
Күнкөріс деңгейі қалай есептеледі?
Мемлекеттегі төменгі күнкөріс деңгейі адамның өмір сүру сапасын анықтайды. Оған қажетті шығындардың ең төменгі құнын білдіретін бұл көрсеткіш елімізде кедейлік пен әлеуметтік көмектерді есептеу үшін қолданылады. Мамандардың пікірінше, жан басына шаққанда ең төменгі ақшалай табыс тұтыну себетінің құнына тең болуы керек.
12 Желтоқсан, 2024
Жапонияға жаңа елші тағайындалды
Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
12 Желтоқсан, 2024
Цифрлық трансформацияға – нақты қадам
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты халыққа Жолдауында цифрландыру саласында қол жеткізілген нәтижелерді күшейтудің маңызын атап өткен еді. Бүгінде өркениет көшіне ілескен елдердің қай-қайсысы да жасанды интеллектіні дамытуға айрықша басымдық беріп отырғаны мәлім. Бұл үрдістен еліміз де шет қалмайтыны анық.
12 Желтоқсан, 2024
Тауар өндіруде бәсекеге төтеп беруіміз қажет
Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен төменгі палатаның жалпы отырысы өтті. Отырыста Мәжіліс комитеттері бірқатар жаңа заң жобасын жұмысқа қабылдады. Алдымен ауыл шаруашылығын субсидиялауға бөлінген мемлекет қаражатын пайдаланудың тиімділігі туралы Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайылов баяндама жасады. Сондай-ақ депутаттар еліміздегі құрылыс саласын жетілдіру және тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу мәселелері бойынша заң актілеріне өзгерістер енгізу мәселесін қарады.
12 Желтоқсан, 2024