Редакция таңдауы
7-20-25: «мегаполистер бағдарламасына» айналып барады
Мемлекеттің тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету бағытындағы шаралары тәуелсіздік жылдарында үздіксіз жүзеге асырылып келеді. Осы жылдар ішінде сан түрлі бағдарламалар қабылданып, талай азамат үйлі болды. Дегенмен, халық санының ұдайы өсуіне, урбанизация үрдісінің тоқтаусыз жүріп жатуына байланысты баспана мәселесі ешқашан өзектілігін жойған жоқ. Өкінішке қарай, осынау күрделі мәселені шешуге бағытталған кейбір бастамалардың көңілден шығатындай деңгейде жүзеге аспай жататыны бар. Оның да сан түрлі себептері болса керек.
09 Сәуір, 2019
Күй десе, күйші десе елең ететін әдетіммен Орал қаласында тұратын Едіге Нәбиев ақсақалдың атын естіген бойда, тартқан күйлерін тыңдауға асықтым. Көне күйшілер салған сырлы соқпақтың салтын бұзбай, сұлу сазын жоғалтпай келе жатқан санаулы күйшінің сардары екен.
09 Сәуір, 2019
Ежелгі медицина: өркениеттер ізіндегі өріс
Уақытты аялдата алмайтының тәрізді, заман ағымындағы өзгерістерді де тоқтату мүмкін емес. Әйтсе де адамзат тарихында ықылым заманда өткен дүниенің тегермешпен қайта айналып соғатыны болады.
09 Сәуір, 2019
Қарыз тәуелділігі рухани тәуелділікке апарады
Әр ұлттың қай кезеңде болсын алдында тұратын ұлы міндеттерінің ең бастысы– өзінің ісін, өмірін жалғастыратын саламатты саналы ұрпақ тәрбиелеу. Болашақ қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени, ғылыми өрісі озық етіп жетілдіру – аға буынның қоғам алдындағы зор борышы. Демек, біздер ұрпақ алдындағы борышымызды өтей отырып, олардың болашағын бұлыңғыр емес, жарқын ету үшін, келесі бір қадам – мойындарына ешқандай қарыз қалдырмауға тиістіміз!
09 Сәуір, 2019
АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі: Достықты нығайтуға ниеттіміз
АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Уильям Мозер таяуда журналистерді жинап, еркін форматта сұхбат берді.
09 Сәуір, 2019
Экспорттық әлеуетіміз көңіл көншіте ме?
Жасыратыны жоқ, Қазақстан экономикасы әлемге шикізат экспорттаушы ретінде танымал. «Экономикалық қауіпсіздік дегеніміз – экспортты көбейтіп, импортты азайту» деген тіркестің бар екенін ескерсек, тек шикізат сатып, басқасының бәрін сатып алуға әдеттенген экономиканың ұшпаққа шықпайтыны түсінікті. Кейінгі жылдары Үкімет шикізаттық емес экспортты дамытуға жоспарлы түрде кіріскені сәл де болса нәтиже бере бастағандай.
09 Сәуір, 2019
Президент Дариға Назарбаеваны, Асқар Маминді, Қайрат Мәмиді және Владимир Божконы қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Сенатының төрағасы Дариға Назарбаеваны, Премьер-Министр Асқар Маминді, Конституциялық Кеңесінің төрағасы Қайрат Мәмиді, Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божконы қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
08 Сәуір, 2019
Арман Жұмабеков Ұлттық экономика бірінші вице-министрі болып тағайындалды
Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
08 Сәуір, 2019
Парламент Сенатының Бюро отырысы болды
Дариға Назарбаеваның төрағалық етуімен болған Парламент Сенаты Бюросының отырысында Палатаның 11 сәуірде болатын отырысының күн тәртібі белгіленді. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.
08 Сәуір, 2019
Қазақстан Иорданиядағы Дүниежүзілік экономикалық форумға қатысты
Өлі теңіздің жағалауында «Ынтымақтастық үшін жаңа алаңды әзірлеу» тақырыбында Таяу Шығыс пен Сотлүстік Африка жөніндегі Дүниежүзілік экономикалық форумның (ДЭФ) 10-шы өңірлік форумы өтті. Форумның жұмысына Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов бастаған қазақстандық делегация қатысты. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.
08 Сәуір, 2019
Дмитрий Баландин FINA ұйымдастыратын жаңа әлемдік турнирде бақ сынайды
Сәуір айының соңында жүзуден жаңа әлемдік турнирдің бірінші кезеңі өтеді. Champions Swim Series шоуына Қазақстаннан тек қана Дмитрий Баландин шақырту алды. Бұл туралы Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
08 Сәуір, 2019
«Mongolia Open-2019»: Отандық балуандар халықаралық сыннан 4 медаль жеңіп алды
Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда еркін және әйелдер күресінен «Mongolia Open-2019» турнирі аяқталып, Қазақстан командасы 1 алтын, 2 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды деп хабарлайды Olympic.kz.
08 Сәуір, 2019
Қазақстан Президенті ЕҚЫҰ төрағасы Мирослав Лайчакпен кездесті
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның сыртқы саясатының бейбітшілдік сипатын атап өтіп, еліміздің халықаралық ұйымдармен арадағы сындарлы ынтымақтастыққа адал екенін айтты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
08 Сәуір, 2019
Қорғаныс министрі Тәжік-ауған шекарасында қаза тапқан жауынгерлерді еске алды
1995 жылғы 7 сәуірде тәжік-ауған шекарасында Тәжікстан Республикасының Пшихавр тау шатқалында 7-ші құрама бітімгершілік ротасы тараптың іргелес шекарасына содырлардың кенеттен қарулы шабуыл жасауына тап болды. Қарсыластың басымдық күшімен болған төрт сағатқа созылған тең емес ұрыс барысында жауынгерлер өздерінің әскери борыштарын абыроймен орындап, Әскери антқа адал болды. Бұл қантөгіс ұрыста 17 жауынгер қаза тауып, 33-і жарақат алған болатын.
08 Сәуір, 2019
Тырмысатындар көп, ықпалы жоқ. Фархад Шариптің «Тренинг личностного роста» фильмі идеясының басты мотиві осында. Заманауи тақырып. «Жетістікке жетудің кілті неде?» деген сұрақ өзекті. Осы мақсатта тренингілер өткізу бүгінгі қоғамда басты трендте.
08 Сәуір, 2019
Ақындық қуаты құзарт Алатаудан арқырай құлайтын Жетісудың асау өзендеріндей арынды Ілияс Жансүгіров – ұлт тарихындағы ұмытылмас тұлға. Халық оған «Қазақ поэзиясының Құлагері» деп әділ бағасын баяғыда-ақ беріп қойған. Осы орайда оның ізбасар інісі Тұрсынзада Есімжановтың мына бір жыр жолдары еріксіз еске түседі: «Қазақтың маңдайына өлең бітсе, Өлеңнің маңдайына бітіп ең сен!». Орынды ода. Ақынның өзі айтқандай: «Өз ұлын, өз ерлерін ескермесе, Ел тегі қайдан алсын кемеңгерді?».
08 Сәуір, 2019
Үндістан енді ғарыш державасы ма?
Әлем бойынша ядролық державалар клубына кіру үшін мемлекет 6 ядролық сәтті жарылыс жасау қажет деген жазылмаған заңдылық бар. Солтүстік Кореяның алты жарылыс өткізген себебі де сол. Ал ғарыш державасы атану үшін де шарт бар екен. Ол ғарышта жүрген спутникті ракетамен атып түсіру. Жақында Үндістан осы міндетті орындап, өзін ғарыш державасы деп жариялады.
08 Сәуір, 2019
Қ.Тоқаев Ғарыш қызметі жөніндегі «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясының бас директорын қабылдады
Қазақстан Президенті Ресей Федерациясымен ғарыш саласындағы, соның ішінде «Байқоңыр» ғарыш айлағының қызметі жөніндегі ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
05 Сәуір, 2019