Редакция таңдауы
Сәуір айының соңында ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өз мәресіне жетті. Бір өкініштісі, Қытайдың Нинбо қаласында жерлестеріміз сүреңсіз өнер көрсетті. Бар-жоғы үш медаль иеленген Қазақстанның ерлер мен әйелдер құрамасы бұл жолы да үздіктермен үзеңгі қағыстыра алған жоқ.
20 Мамыр, 2019
Премьер-Министр Асқар Мамин Түркістан облысына жұмыс сапары барысында Түркістан қаласының құрылыс жұмыстарын уақтылы іске асыру және өңірдің одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету барысын тексерді.
20 Мамыр, 2019
Елордада «Egemen Qazaqstan» газетінің 100 жылдығына арналған көрме өтіп жатыр
18 мамыр күні елордада «Музей түні» шарасы аясында «Egemen Qazaqstan» газетінің 100 жылдығына орай «Жүз жылдық жылнама» көрмесі ашылды. Шараға Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев, басылым басшылары мен ардагер журналистер қатысты.
19 Мамыр, 2019
Душанбеде Орталық Азия елдерінің Жапониямен ынтымақтастық перспективалары талқыланды
Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
19 Мамыр, 2019
«Egemen Qazaqstan» газетінің 100 жылдығына арналған көрме ашылады
Бүгін Халықаралық музей күніне орай Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық музейде «Egemen Qazaqstan» газетінің 100 жылдығына арналған көрме ашылады. Шара қарсаңында музейде арнайы баспасөз мәслихаты өтті.
18 Мамыр, 2019
Қостанайда әлемдік деңгейдегі ғалымға ескерткіш ашылды
Қостанайда Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің алдына белгілі академик, әлемдік деңгейдегі ірі ғалым Өмірзақ Махмұтұлы Сұлтанғазинге ескерткіш орнатылды.
18 Мамыр, 2019
Қасым-Жомарт Тоқаев Паралимпиадалық жаттығу орталығына барды
Президент Тоқаев Қазақстанның Паралимпиадалық дайындық орталығына барып, инклюзивті спортты дамыту бағытында жаңа бастамаларды талқылады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
17 Мамыр, 2019
Дариға Назарбаева Владимир Якунинді қабылдады
Парламент Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева «Өркениеттер үнқатысуы» зерттеу институтының Байқаушылар кеңесінің төрағасы Владимир Якунинді қабылдады. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметі хабарлады.
17 Мамыр, 2019
Қойшығара Салғараұлының мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті
Танымал ғалым Қойшығара Салғараұлының 80 жасқа толуына байланысты мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
17 Мамыр, 2019
А. Мамин жаңа Түркі Сауда-өнеркәсіптік палатасының жарғысына қол қою рәсіміне қатысты
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин ХІІ Астана экономикалық форумы алаңында өтіп жатқан Түркі іскерлік кеңесінің отырысы аясында Түркі Сауда-өнеркәсіптік палатасының жарғысына қол қою рәсіміне қатысты. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.
17 Мамыр, 2019
Премьер-Министр Асқар Маминның төрағалығымен Үшінші жыл сайынғы Қазақстандық жаһандық инвестициялар бойынша «Kazakhstan Global Investment Roundtable» (KGIR-2019) атты «дөнгелек үстел» өтті. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
17 Мамыр, 2019
Көп балалы отбасылар мәселесі қалай шешілуде?
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов көп балалы аналармен кездесті. Қала басшысы көп балалы аналардың талап-тілектерін тыңдап, әкімдік, жалпы мемлекет тарапынан атқарылып жатқан шаралар мен көмектер туралы баяндады.
17 Мамыр, 2019
Инвестициялық ахуалды жетілдіру жолдары Атырауда өткен дөңгелек үстелде талқыланды
Қазақстанның инвестициялық тартымдылығы жыл санап артып келеді. Осы бағытта қолға алынған шаралардың нәтижесінде еліміз ғаламдық бәсекеге қабілеттілік индексі мен Дүниежүзілік банктің Doing Business рейтіндегі көрсеткіштерін жақсартты. Атырауда «Инвестициялық ахуалды дамыту: өңдеуші өнеркәсіп саласына стратегиялық инвесторларды тарту және экономиканың басым секторларында «зәкірлі инвесторлармен» бірлескен кәсіпорындар құру» тақырыбында өткен дөңгелек үстелде Парламент Сенатының Қаржы және бюджет комитеті еліміздің инвестициялық ахуалына қатысты мәселелерді жан-жақты талқыға салды.
17 Мамыр, 2019
Үгіт жұмыстары белсенділікпен жүргізілуде
Президенттікке кандидаттардың өңір-өңірдегі қоғамдық штабтары үгіт-насихат жұмыстарын белсенді жүргізіп жатыр. Сайлауалды бағдарламаларды таныстыру барысында әр аймақтың тұрғындарын толғандырған мәселелер де назарға алынуда.
17 Мамыр, 2019
Қоғамды жемқорлық дертінен емдеудің игі жолы
Қазір облыстағы 504 мектепте «Адалдық дүкені» жұмыс істеп тұр. Оқушылар үзіліс кезінде сөредегі су, шай, печенье секілді тамақтарды сатушысыз өздері алып, ақшасын қойып кетеді. Мұндай дүкендер жоғары оқу орындары мен колледждерде де орналасқан. Жақында облыстық әкімдік ғимаратында да осындай бір дүкен ашылды. Біраз мекемелерде «Адалдық кітапханасы» қойылған. Әсіресе «Адалдық дүкенінен» керегін алып, ақшасын төлемей кетсе де, оны ешкім ұстап алып, жазалайын деп жатқан жоқ. Оған әркімнің ары күзетші болуы тиіс.
17 Мамыр, 2019
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ делегациясымен кездесті
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
17 Мамыр, 2019
Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Сбербанкінің басқарма төрағасы Герман Грефті қабылдады
Мемлекет басшысы Г.Грефке ХІІ Астана экономикалық форумының жұмысына қатысқаны үшін ризашылық білдіріп, шара жұмысына мазмұн берген оның сөйлеген сөзіне жоғары баға берді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
17 Мамыр, 2019
Халықаралық байқаушылармен кездесті
Орталық сайлау комиссиясында Тәуелсіз мемлекеттер достастығы Парламентаралық Ассамблеясының байқаушыларымен кездесуі өтті. Онда ТМД ПАА байқаушылары Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын ұйымдастыру барысымен етене танысты.
17 Мамыр, 2019
Қасым-Жомарт Тоқаев ХІІ Астана экономикалық форумға қатысушы шетелдік жетекші сарапшылармен кездесті
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
17 Мамыр, 2019
АҚШ пен Қытайдың сауда соғысы: миллиондардың арқасына түсетін салмақ
АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысы өзінің шарықтау шегіне жақындап келеді. Сарапшылардың айтуына қарағанда, бір қалыпқа түскен көп жылдық тәжірибені оқыс бұзуға болмайтынын түсінгісі келмеген АҚШ президенті Д.Трамп негізгі экономикалық бәсекелесін бірден тұқырту мақсатын көздеп, сауда текетіресін жалғастырып отыр.
17 Мамыр, 2019