Редакция таңдауы
Адамзаттың Айтматовы – Арқа төрінде
Таяуда Нұр-Сұлтан қаласының Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Қырғызстан – Астана» этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен әлем әдебиетінің классигі Шыңғыс Айтматовқа арналған «Тау мен дала кездесуі» атты шығармашылық кеш өтті. Аталған ауқымды іс-шараға Қырғызстанның қоғам қайраткері, жазушы, Розетта Айтматова және белгілі қоғам қайраткерлері, жазушылар, ғалымдар, Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелері, елшіліктердің, этномәдени бірлестіктер мен ҚХА жастар қанатының өкілдері қатысты.
22 Мамыр, 2019
Мемлекет пен меценат тізе қосса, тұрғын үй мәселесі түбегейлі шешіле ме?
Бүгінде елімізде 30 мыңнан астам көп балалы отбасы баспанасыздар қатарында өмір сүріп жатыр екен. Олар бірінші кезекте тұрғын үймен қамтылатын әлеуметтік топ санатына кіргенімен, мемлекет әлсіз қорғалған әулеттерді бірден баспаналы етуге қауқарсыз.
22 Мамыр, 2019
Маңғыстау халықаралық құқық қағидаттарына қауқарлы
Геоэкономикалық тұрғыда қолайлы мекен болып табылатын Маңғыстау өңірі енді инвесторлармен халықаралық құқық қағидаттары бойынша жұмыс істейтін болады. «Астана халықаралық қаржы орталығы» қатысушыларын Маңғыстау облысының экономикасына инвестиция құюға шақыру арқылы аймақтың экономикалық әлеуетін арттыру мақсатындағы келісімдер өңір басшылығы мен аталған қаржы орталығы арасында жасалды.
22 Мамыр, 2019
1597 сенім білдірілген адам тіркелген
Сайлау науқанының көрігі қызып келеді. Бұл сайлаудың бұрынғылардан өзгешілігі айқын аңғарылып жатыр. Үміткерлердің өз халдерінше осалы жоқтай. Сайлауалды бағдарламалары да халықтың көкейіндегі мәселелерді қамтиды. Енді таңдау сайлаушылардың өзіне қалып тұрған сыңайлы.
22 Мамыр, 2019
Сайлаудан қалыс қалмауға шақырды
Сайлауалды науқан кезінде президенттікке кандидаттар мен олардың сенім білдірілген адамдары өңірлерді аралаған сапарларында халықты сайлаудан қалыс қалмай, ел болашағы үшін оған бір кісідей қатысуға шақыруда.
22 Мамыр, 2019
Бюллетень мәтінін бекіту және дайындау мәселелері қаралды
Кеше Орталық сайлау комиссиясының ашық отырысы болды. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев отырыста төрт мәселе қаралатынын айтты. Алдымен ол әрбір сайлау учаскесі бойынша тиісті әкім қол қойған сайлаушылар тізімдерін акт бойынша сайлау комиссияларына беру туралы айта келіп, бұл мәселе бойынша облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының аумақтық сайлау комиссиялары төрағаларына бейнеконференц байланысы арқылы сөз берді.
22 Мамыр, 2019
Халқымыздың даңқты ұлы Бауыржан Момышұлының жан дүниесін, ақыл-парасат ерекшелігін бейнелеуге арналған белгілі жазушы Мамытбек Қалдыбайдың «Ұмытылмас кездесулер», «Атақ пен шатақ», екі кітаптан тұратын «Мен халқымның Бауыржанымын», «Мен қазақтың баласы» деген бес томы жарық көріп, оқырманынан жоғары баға алған еді. Қаламгердің қаһарман жайлы жазбаларының бірерін назарларыңызға ұсынғанды жөн көрдік.
22 Мамыр, 2019
Ақтөбеде отбасын сақтау орталығы ашылды
Ақтөбеде «Анаға тағзым» рухани-адамгершілік тәрбие беру кешенінің жанында отбасын сақтау орталығы ашылды. Аталған әлеуметтік құрылым республиканың Жоғары Сотының «Отбасылық сот» атты қанатқақты жобасы аясында құрылған. Мұндағы басты мақсат өңірде үлгілі және өнегелі отбасылардың санын өсіруге бағытталған.
22 Мамыр, 2019
Оралда Сенат комитетінің көшпелі отырысы өтті
Орал қаласында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын жетілдіру мәселесін қарау бойынша көшпелі отырысы өтті.
22 Мамыр, 2019
Қазақстан Президенті «Олжа Садчиковское» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сүт фермасына барды
Мемлекет басшысы өсімдік және мал шаруашылықтарымен айналысатын «Олжа Садчиковское» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өндірістік көрсеткіштерімен танысты. Кәсіпорын Қостанай облысының ішкі қажеттігін және еліміздің өзге өңірлерін сүт өнімдерімен қамтамасыз етеді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
21 Мамыр, 2019
Режеп Тайып Ердоған Түркі кеңесінің Бас хатшысы Бағдад Әмiреевті қабылдады
Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоған Түркі кеңесінің Бас хатшысы Бағдад Әмiреевті 2019 жылы 20 мамырда Ыстанбұл қаласында қабылдады.
21 Мамыр, 2019
Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Қостанай облысына келді
Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жазды.
21 Мамыр, 2019
Асқар Мамин Қазақстанда 5G енгізу мәселелері туралы кеңес өткізді
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қазақстанда «бесінші буын» байланыс желісін енгізу мәселелері туралы кеңес өткізді. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.
21 Мамыр, 2019
Бектас Бекназаров Владимир Зеленскиймен кездесті
Сенаттың вице -спикері Бектас Бекназаров Украинаның жаңадан сайланған Президенті Владимир Зеленскиймен кездесті. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметі хабарлады.
21 Мамыр, 2019
Ашхабадта Шымкенттің жаңа жобалары таныстырылды
Шымкент қаласының әкімі Ғ.Әбдірахымов осы аптада Ашхабадта өткен ТМД-ға мүше елдердің шығармашылық және ғылыми зиялы қауым өкілдерінің XIV форумына қатысты. Форум барысында Шымкент қаласы «Достастықтың мәдени астанасы - 2020» бағдарламасының тұсаукесері өтті. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайты сайты хабарлады.
21 Мамыр, 2019
АХҚО биржасына қызығушылар көп
Екі күнге созылған Астана экономикалық форумы жақында мәреге жеткені белгілі. Ауқымды іс-шара 16 мамыр күні «Астана» халықаралық қаржы орталығының ұйымдастыруымен өткен таңғы бизнес астан бастау алған-ды. Аталған шараға қатысушылар бұл форумның еліміз үшін қаншалықты маңызды екенін атап өтті.
21 Мамыр, 2019
Павлодар облыстық жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының мәліметінше, егер өңірдегі ауылдарда 345 қоқыс полигонын салу үшін 52 млрд теңгедей қаражат қажет көрінеді. Сондықтан, қоқыс жинау орындарының оңтайландырылған типтік жобасын әзірлеу туралы ұсыныстарын тиісті министрлікке жолдапты.
21 Мамыр, 2019
Ақшаны құмар ойынға тігіп жіберіпті
Баяғыда бір жігітті кедейшілік қысып, ұрлық жасамақ болады. Түнде көршісінің қойын ұрлап сойып алады. Көршісі іздеу салғанымен таба алмаған. Осыған дәндеген әлгі жігіт тағы ұрлық қылады. Бұл жолы да бұдан ешкім сезіктенбеген. Үшінші ұрлығында қолға түсіп қалыпты. Сотқа тартылғанда «бір секірдім, құтылдым, екі секірдім, құтылдым. Үшіншісінде тұтылдым. «Ұрлық түбі – қорлық» деген осы екен-ау» деп торыққан екен.
21 Мамыр, 2019