Редакция таңдауы
Құрбан айт: Құрбан шалу рәсімі онлайн ұйымдастырылады
Нұр-Сұлтанда дәстүрлі құрбан шалу орындары жабық болады. Құрбан шалу үшін Qurban2020.kz сайты іске қосылды.
29 Шілде, 2020
Талдыкөл табиғи саябаққа айналады
Елордадағы Талдыкөл маңын абаттандыру, көгалдандыру жөнінде осыған дейін де бірқатар жоба қарастырылған болатын. Оның ішінде Диснейленд орталығын құру сынды күллі астаналықтарды бейжай қалдырмаған ауқымды жобалар болды. Жуырда Нұр-Сұлтан қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы аталған көлдің маңынан ашылуы жоспарланып отырған табиғи парктің сызбасын жариялады.
29 Шілде, 2020
Цифрлы түрлену ұтымды шешім ұсынады
Online Astana Finans Days 2020 конференциясы аясында цифрлы форматта EdTech білім беру технологияларының екінші қазақстандық форумы өтті. Әлеуметтік оқшаулану барысында әлемдегі білім беруді цифрландыру осы жылдың басты тақырыбы болды.
29 Шілде, 2020
Мамандық таңдаудағы маңызды қадам
Талапкердің таңдаған мамандығы тағдырына тікелей әсер ететініне талас жоқ. Арман-мақсатыңа жету үшін әуелі таңдау жасауда жаңылыспаған абзал. «Керек тастың ауырлығы жоқ» дегендей, мамандық таңдаудың маңызына тағы бір мәрте тоқталғанды жөн көрдік. Көңілі қалаған кәсіп көлеңке сияқты өмір бойы қасынан қалмайтынын қаперде ұстаған түлек қайырлы қадам жасауға қанаттанары сөзсіз.
29 Шілде, 2020
Нұрлан Нығматулин: Мәжіліс депутаттары аймақтарда жұмыстарын жалғастыруда
Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің пікірінше, Парламент сессиясы аяқталғаннан кейін дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын депутаттардың аймақтардағы жұмысы биыл ерекше маңызға ие. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
28 Шілде, 2020
Тамыз айынан бастап Грузия мен Тайландқа әуе рейсі ашылады
Тамыз айынан бастап қазақстандықтар Грузия мен Тайландқа ұшып бара алады. Бұл туралы Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz
28 Шілде, 2020
Өңірлердегі провизорлық және инфекциялық стационарлар жабылады
Қазіргі уақытта Қазақстанда 7 провизорлық стационар және 1 инфекциялық стационар жабылды. Жалпы саны 1 070 төсек - орын, сондай-ақ 6 провизорлық стационарларда (855 орынға) төсек-орын саны қысқарды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады, - деп жазады Egemen.kz
28 Шілде, 2020
Қазақстанда мемлекеттік қызметке орналасу тәртібі өзгерді
Қазақстанда мемлекеттік қызметке орналасу бойынша конкурс енді 2 кезеңмен өткізіледі, деп хабарлады Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің баспасөз қызметі.
28 Шілде, 2020
Асхат Аймағамбетов жоғары оқу орындарында бағаны өсірмеуді ұсынды
Бүгін Білім министрі Асхат Аймағамбетов министрліктің онлайн жиналысында ЖОО-ның басшыларына нақты екі мәселе бойынша ұсыныс тастады, деп хабарлайды Egemen.kz
28 Шілде, 2020
Қазақстандықтар Дубайға келерде коронавирус сынамасын екі рет тапсырады
Дубайға саяхаттағысы келетін қазақстандықтардың коронавирустық диагнозға қатысты теріс сертификаты болуы және әуежайға келгеннен кейін мұрын жағындысын тапсыруы тиіс, деп хабарлайды Egemen.kz
28 Шілде, 2020
Мақсат – ел игілігіне қызмет ету
Мемлекет басшысының бастамасымен жасақталған жастар кадрлық резерві дарынды көшбасшыларды бір алаңда біріктірді. Үздік атанған жастар кәсіби біліктілігіне қарай түрлі саланы ілгерілетуге кірісіп кетті. Жобаның жеңімпазы атанған мамандардың бірі Ілияс Оспанов Қазақстанның технология саласын дамытуға бағытталған ұйымдарының бірінде басшылық қызметке тағайындалды.
28 Шілде, 2020
Таяуда ғана Алматыда жалған дәрі-дәрмектер даярлайтын астыртын цех пен оларды салуға арналған қораптар шығаратын баспахана және заңсыз өнімдерді сақтайтын қойма табылды. Тексеріс кезінде күмәнді жолмен жасалып, сатуға әзірленген, жалпы көлемі 100 тоннадан асатын дәрілік заттар тәркіленді. Осыған орай Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммед дабыл қағып, еліміздің Бас прокурорына хат жолдады.
28 Шілде, 2020
Қостанай облысында COVID-19 анықталған алғашқы науқас 31 наурызда тіркелді. Содан бері жойқын індетке қарсы жан алып, жан беріскен майдан алаңына айналған палаталарда ақ халат киген жүздеген жауынгер шыбын жанын шүберекке түйіп, адам өмірі үшін арпалысып жүр. Оқ атылып, бомба жарылып жатқан жоқ. Бірақ кәдімгі сұрапыл соғыс жүріп жатыр. Каска орнына маска киген қатардағы қарапайым медбикелер зеңбіректің орнына оттегі баллондарын сүйретіп, алдыңғы шепте жүр. Өкініштісі, аймақта үш жарым айдың ішінде 81 дәрігер вирус жұқтырып, екі медицина қызметкері көз жұмды.
28 Шілде, 2020
«Алтын бутсы» иегері белгілі болды
Күні кеше футболдан Ағылшын премьер-лигасының 2019-2020 жылғы маусымы аяқталып, жылдың үздіктеріне берілетін «Алтын бутсы» мен «Алтын қолғап» иегері анықталды.
28 Шілде, 2020
Әлем тарихында «Көк түркілер дәуірі» дейтін тіркес бар. Нақтырақ айтқанда, 550 жылдар шамасында Түмен қаған Еуразиялық кеңістікті бойлата Түркі ұлысының іргесін қалады.
28 Шілде, 2020
Ешбір қарсыластан қаймықпаймыз – дейді Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы Михал БИЛЕК
Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Михал Билек федерацияның ресми сайтына сұхбат беріп, ел чемпионаты мен ұлттық құраманың ойындары туралы көзқарасын ортаға салды.
28 Шілде, 2020
Індетті ауыздықтаудың жолдары бар
«Жаман айтпай, жақсы жоқ». Алматы күзде бір мезетте COVID-19 симптомы бар 7700 пациентті қамти ала ма? Эпидемиялық жағдай күрделене түсетін жағдайға қала дайын ба? Мегаполисте дәрі-дәрмек тапшылығына байланысты жағдай тұрақталды ма? Осы мәселелерге байланысты Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев БАҚ өкілдерінің сұрақтарына тікелей эфирден жауап берді.
28 Шілде, 2020
600 шақырым күре жол жөнделеді
Биыл Қостанай облысында автомобиль жолдары мен елді мекендердегі көшелерді жөндеуге жалпы сомасы 43 млрд 912 млн теңге қаржы бөлініп, 295 жобаны жүзеге асырылып жатыр.
28 Шілде, 2020
«Қарапайым заттар» қолымызға қашан түседі?
Былтыр Үкіметте «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасының нәтижесінде 2025 жылға қарай барлық 365 өнімнің өндіріс көлемі 2,4 есеге артып, нарықтағы импорттың үлесі төмендейді, олардың ішінде 247 азық-түліктік емес өнеркәсіп өнімдері бойынша өндіріс 1,5 млрд доллардан 3,1 млрд долларға дейін өседі, импорт үлесі 82 пайыздан 59 пайызға дейін төмендейді» деп айтылды.
28 Шілде, 2020
Көзден кетсе де, көңілден кетпейтін ерек тұлғалар болады. Сондай абзал азаматтардың бірі – Сержан Омаров еді. Жер жаһанды жайлаған аты жаман індет белең алып тұрған тұста ол фәниден бақиға аттанды. Жаны жайсаң жігіт небәрі 47 жыл ғұмыр кешті. Негізі бұл есім жанкүйерлерге жақсы таныс. Өзгелерді айтпағанда, спорт саласының басы-қасында жүрген азаматтардың өздері Сержан Бостанұлын көзі тірісінде-ақ көптеген дүбірлі додаларда дараланған белді балуан, талай дарынды жастың томағасын сыпырған білікті бапкер және парасат-пайымы мол іскер басшы ретінде түбегейлі мойындады.
28 Шілде, 2020