Редакция таңдауы
Түбінде адамдар Жермен де қоштасатыны анық. Ғалымдар ғаламшардың тұрақсыздығына тіс батыра алмай отыр. Америкалық ғалым Робин Хэнсонның айтқаны айдай келді-ау дейсіз қазір. Оның: «Бізде Жерді жоюға жетерлік технология бар, бірақ апат болған жағдайда аман алып қалатын технология әзірлемедік», деген тұжырымдамасы ойлантпай қоймайды. Әлемдегі жағдайдың астарына қараңызшы. Әйтпесе Илон Маск неге Марсқа асығады?
03 Тамыз, 2020
Бітімгерлердің ерекше миссиясы
Қазақстандық әскери қызметшілер тобы Ливанға бітімгерлік миссия атқаруға аттанды. Бұл «Ливандағы БҰҰ-ның Уақытша күштері» миссиясының құрамында қызмет атқаруға бара жатқан төртінші бітімгерлер тобы.
03 Тамыз, 2020
АҚШ президенті Дональд Трамп «ТикТок» бағдарламасын ел аумағында қолдануға тыйым салатынын мәлімдеді. Ақ үй басшысының сөзіне сүйенсек, аталған қытайлық бағдарлама тұрғындардың жеке мәліметіне қауіп төндіруі мүмкін. Сондай-ақ ол «Майкрософт» компаниясының «ТикТокты» сатып алуға ниет білдіргеніне де назар аударған жоқ.
03 Тамыз, 2020
Парламент сайлауы кейінге шегерілді
Гонконг билігі коронавирус пандемиясы салдарынан парламент сайлауын кейінге шегеретінін мәлімдеді. Мемлекеттегі демократтар билікті бұл әрекетке өзінің әлсіздігінен барды деп айыптап отыр.
03 Тамыз, 2020
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Бауыржан Исламхан Біріккен Араб Әмірліктерінің «Әл-Айн» командасымен үш жылдық келісімшартқа қол қойды. Бұған дейін де Исламхан аталған команда құрамында 5 ай жалда ойнаған.
03 Тамыз, 2020
COVID-19 бойынша жаңартылған статистиканың алғашқы нәтижелері шықты
Қазақстан Республикасында COVID-19 бойынша жаңартылған статистиканың алғашқы нәтижелері шықты, - деп хабарлайды Egemen.kz
02 Тамыз, 2020
Нұр-Сұлтанда тағы бір стационар жабылды
"Рамада Плаза" ғимаратында орналасқан жұқпалы аурулар стационары жабылуда. Бүгін бұл жерден толық сауығудан кейін коронавирус инфекциясы және пневмониямен ауыратын соңғы 20 науқас шығарылды, деп хабарлайды Сovid19.astana.kz сайты.
01 Тамыз, 2020
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 90 мыңнан асты
Қазақстанда өткен тәулікте 1289 адамнан коронавирус анықталды. Оның ішінде 581 адам клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы тіркелді, - деп жазады Egemen.kz
01 Тамыз, 2020
Алтай Көлгінов Құрбан айт мерекесімен құттықтады
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлын Құрбан айтпен құттықтап, хат жолдады. Бұл туралы ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
31 Шілде, 2020
Демалыс күндері Іле-Алатауында жұмыс тәртібі қалай жүргізіледі?
Іле-Алатау ұлттық табиғи паркінің әкімшілігінде демалыс күндері жұмыс тәртібі қалай өткізілетіні туралы айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz
31 Шілде, 2020
Елордалық еріктілер мұқтаж жандарға құрбандық етін таратуда
Құрбан шалу рәсімі тек онлайн ұйымдастырылады. Құрбан шалу үшін "Qurban2020.kz" сайты іске қосылды. Дәстүрлі құрбан шалу орындары жабық болады. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлайды, деп жазады Egemen.kz
31 Шілде, 2020
Бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау 20 тамызға дейін ұзартылды
Бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау 20 тамызға дейін ұзартылды. Бұл туралы Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
31 Шілде, 2020
Бас мүфти Құрбан айтпен құттықтады
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы барша мұсылман қауымды Құрбан айт мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz
31 Шілде, 2020
Асқар Мамин қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады
Премьер-Министр Асқар Мамин қазақстандық мұсылмандарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады, - деп жазады Egemen.kz.
31 Шілде, 2020
Бірде... Жазушы Төлен Әбдік бірде көшеде келе жатып ақын Өтежан Нұрғалиевті жолықтырады. Салған беттен Өтежан шабыттана сөйлеп, екеуара мына мазмұнда диалог болыпты: – Төке, менің творчествома белесті өзгеріс енді! – Иә, ол не өзгеріс, айтсаңшы? – Мен соңғы кезде күнделік жазуға кірістім. – Е-е, оның дұрыс екен... – Дәл қазір сіз не айтар екен деп аузыңызды аңдып тұрмын!... ***
31 Шілде, 2020
Киберспорт Олимпиада бағдарламасына кіруге лайық па?
Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) әр төрт жыл сайын Олимпия ойындарының бағдарламасына өзгеріс енгізіп, спорттың жаңа түрлерін қосып отырады. Мәселен, ХОК 2016 жылы тамыз айында өткен кезекті сессиясында Токио Олимпиадасының бағдарламасына карате, серфинг, бейсбол, құзға өрмелеу және скейтбординг спортын енгізу туралы шешім қабылдады.
31 Шілде, 2020
Кейде бір ғана әннің өзі тұтас дәуірдің, алып империялардың арман-мұратын арқалап ғасырлардан ғасырларға көшетіні болады. Ән – тағдыр дейтініміз де сол болса керек. «Қара таудың басыннан көш келеді» деп басталатын «Елім-айды» ет жүрегіңіз езілмей тыңдап көріңіз. Кеше ғана төрткүл дүниенің төрінде дара Димаштың дауысымен жеті миллиард жүректі елжіреткен «Самалтау» әні де әлі жанымызда жаңғырады. Әннің ұлтқа, тілге бөлінбейтіндігінің көрінісі осы болса керек дейді көбі. Бірақ мәселе әнде ғана ма? Оның мазмұны мен мағынасы терең мәтіні ше? Бүгінде «Самалтау» әнін орыс, қытай, бүкіл Еуропа тыңдармандары ең алдымен мәтініне мән бере талқылап жатыр. «Елім-айдың» да мәтіні – қазақтың классикалық қара өлең үлгісі, ой мен сөз жымдасқан тағдырлы төрт жол жыр.
31 Шілде, 2020
Құрманғазы Ақашев. «Ол жасаған тарих»
Ұлағатты жылдардың ізі мен дала төсіндегі ұрпақтар сабақтастығын шебер қиюластырған суретші Құрманғазы Ақашев тарихи тақырыпқа жиі қалам тартады. Ен даланы еркін жайлаған дала перзентінің ән-күйі мен салтанаты жарасқан ойын-сауығы суретші қылқаламында түрлі-түсті реңмен лезде жарасым тауып, көрермен көңіліне қанат бітіреді. Реализмнен бастап, академиялық кескіндеме әдістерін тең меңгерген суретшінің шығармашылығы туралы сөз қозғалғанда қозғалысқа ерекше жан бітірер шеберлігі алдымен айтылса керек-ті.
31 Шілде, 2020
Озық технология өрісіңді кеңейтеді
Қазір цифрландыру – қарқынды дамып жатқан салалардың бірі. Ал төрткүл дүниені шарпыған коронавирус пандемиясы цифрландырудың мемлекеттік органдармен қатар барлық сала үшін өте маңызды екенін дәлелдей түскендей болды. Президенттің жастар кадрлық резерві арқылы іріктелген мамандар арасында да осы салада тиімді жұмыстар атқарып жүргендер аз емес. Мәселен, отандасымыз Тілектес Адамбеков «Қазпошта» АҚ-ның уақыт талабына сай жұмыс істеуін қадағалап, шетелде жинаған тәжірибесімен құрылым жұмысын ілгерілетіп келеді. Бүгін біз «Қазпошта» АҚ-ның ІТ және инфрақұрылым бойынша атқарушы директоры Т.Адамбековпен жүргізген әңгімемізді назарларыңызға ұсынып отырмыз.
31 Шілде, 2020
Бүгінгінің аңшылары аң-құс аулауға жол талғамайтын көлікпен шығады. Қазір оған мүмкіндік мол. Атырауда да солай. Мұнда аңшылар мен балық аулаушылардың облыстық қоғамында 6 324 мүше бар. Аңшылардан түсетін жарна мөлшері аз емес. Мәселен, 2015 жылы 22 461 185 теңге жарна төленіпті. Ал 2018 жылы оның көлемі 42 036 780 теңгеге жеткен. Былтыр қоғамның кассасына 47 807 450 теңге түскен. Демек, жыл сайын жарнадан жиналатын түсімде өсім байқалады. Алайда...
31 Шілде, 2020