UAE SWAT Challenge-2026
Әскер • 18 Ақпан, 2026
Арнайы жасақ жауынгері: Қазақстан әскери құрылымының дайындығы жоғары деңгейде екенін дәлелдедік
UAE SWAT Challenge-2026 халықаралық жарысы Қазақстан үшін толайым табыс, жарқын жеңістермен қорытындыланды. Арнайы жасақтар арасындағы «олимпиадаға» баланған дода биыл Дубайда өтті. Қажырлы қайрат, темірдей тәртіп, құралайды көзге атқан мергендік, жауынгерлік қабілет сыналатын сынға еліміз 5 құрама қосты. Төрткүл дүние көз тіккен халықаралық жарыстың 5 күнінде ел әскерилері қазақ сарбазына тән сайыпқырандықпен тосқауылдарды еркін еңсерді. Әлемнің 48 елінен 100-ден астам команда жиналған дүбірлі додада KAZAKHSTAN С құрамасы абсалютті чемпион атанса, А тобы екінші орынға табан тіреді. «Томирис» қыздар құрамасы ерлермен иық тірестіре сайысқа түсіп, әлемнің үздік 20 құрамасы сапынан табылды, деп жазады Egemen.kz.
Айбын • 13 Ақпан, 2026
Астана әуежайында Дубайдан олжалы оралған сарбаздарды салтанатты түрде қарсы алды
Еліміздің арнайы жасақ сарбаздары әлемдік аренада ел мерейін үстем етті. Дубай қаласында өткен UAE SWAT Challenge-2026 халықаралық турнирінде Қазақстан құрамалары үздік нәтиже көрсетіп, жүлделі орындардан көрінді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 12 Ақпан, 2026
Президент UAE SWAT Challenge-2026 жеңімпаздарын құттықтады
Президент Дубайда өткен терроризмге қарсы бөлімшелер арасындағы UAE SWAT Challenge-2026 халықаралық жарысында үздік нәтижеге қол жеткізген қазақстандық командаларды құттықтады. Бұл туралы Президенттің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Айбек Смадияров телеграм арнасында хабарлады, деп жазады Egemen.kz.