ҚР Президентінің Үстел теннисінен Ашық кубогі
Теннис • 29 Қазан, 2025
ҚР Президентінің Үстел теннисінен Ашық кубогінің чемпиондары анықталды
Елордада өткен үстел теннисінен Қазақстан Республикасы Президентінің Ашық кубогі өз мәресіне жетті. 14 елден келген 300-ден астам жас спортшы бақ сынаған бұл халықаралық додада 11 жасқа дейінгі (U-11) және 16 жасқа дейінгі (U-16) жас санаттарында тартысты финалдық кездесулер өтіп, үздіктер анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.