ойын автоматтары
Қоғам • 04 Желтоқсан, 2025
Сенатор: Мектеп пен балабақша маңындағы ойын автоматтарына заңмен тыйым салу қажет
Бүгін Сенат отырысында депутат Ғалиасқар Сарыбаев мектептердің маңында ойын автоматтары көбейіп кеткеніне алаңдаушылық білдірді. Оның айтуынша, қазір мұндай құрылғылар мектеп, үйірме және спорт секцияларымен дүкендерге жақын алаңдарға жаппай орнатыла бастаған. Мұндай көрініске еті үйренген бала болашақта ойын автоматтарына баратын негізгі аудиторияға айналуы бек мүмкін, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 22 Қараша, 2023
Оқушылар торуылдап жүр. Депутат лотерея терминалдарын тасымалдауға тыйым салуды талап етті
Лотерея терминалдары да казиноның, құмар ойынның бір түрі. Мектептен 15-20 метр қашықтықтағы дүкен кіре берістеріндегі жасыл-сары түсті ойын автоматтары оқушыларды құмар ойынға құмартумен қатар, түрлі қылмысқа итермелейді. Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Елнұр Бейсенбаев біздің елде өндірілмейтін ойын автоматтарын импорттауға тыйым салып, барлық терминалдарды тексеруді талап етті, деп жазады Egemen.kz.