инклюзив
Аймақтар • 23 Қаңтар, 2026
«Әзірет Сұлтан» музей-қорығында инклюзивті оқу кабинеті ашылды
Түркістандағы «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығында ерекше күтімді қажет ететін балаларға арналған инклюзивті оқу кабинеті пайдалануға берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 06 Қаңтар, 2026
Инклюзивті білім беру ұйымдарында 10 мыңнан аса педагог қызмет етеді
Инклюзивті білім беру бойынша Қазақстанда алғаш рет өткен әлемдік конгресс – саладағы жаһандық диалогтың жаңа кезеңін бастауға және педагогтердің кәсіби құзыреттерін арттыруға серпін берді. Елімізде инклюзивті білім беру үшін жағдай жасалған білім беру ұйымдарының үлесі 93,3%-ды құрайды. Ал арнайы психологиялық-педагогикалық қолдаумен қамтылған балалар саны 87%-ға жеткен, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 25 Желтоқсан, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев барлық өңірде Инклюзивті спорт орталығын салуды тапсырды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ерекше күтімді қажет ететін балаларға жағдай жасау мәселесін көтеріп, Үкімет пен әкімдерге әр облыста Инклюзивті спорт орталықтарын салуды жүктеді. Мемлекет басшысы әлеуметтік міндеттемелердің орындалуы айрықша бақылауда болатынын және келер жылы әлеуметтік төлемдер көлемі артатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 13 Қазан, 2025
Алматыда инклюзивті білім беру жөніндегі дүниежүзілік конгресс өтеді
Осы айдың 15–17 күндері аралығында Алматы қаласында инклюзивті білім беру саласындағы ең ірі халықаралық іс-шара – World Inclusion Congress (WIC 2025) Дүниежүзілік конгресі өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 11 Қыркүйек, 2025
Сенаторлар инклюзивті саясат мәселесін талқылады
Сенат депутаттары Нұртөре Жүсіп пен Айнұр Арғынбекова Астанада халықаралық конференция қатысушыларымен кездесу өткізді. Шара «Орталық Азиядағы мүгедектігі бар әйелдердің мүдделерін ескере отырып, орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу» тақырыбында өтті. Форумға Қазақстан, Финляндия, Тәжікстан, Қырғызстан және басқа елдердің делегаттары қатысып, әлеуметтік саясат пен мүгедектігі бар әйелдер мен қыздардың құқықтарын қорғау мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 04 Маусым, 2025
Инклюзивті білімде жаңа ереже қабылданды
Елімізде психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметінің ережелері бекітілді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 24 Сәуір, 2025
Заңнамадағы жаңашылдық - инклюзивті болашаққа жасалған қадам
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған құқықтық негізді терең жаңғыртуды көздейтін заңнамалық бастамалардың кешені әзірленді. Ұсынылған шаралар білім беру мен тұрғын үй саясаты, әлеуметтік қорғау, көлік және мәдениет сияқты қоғамдық өмірдің негізгі салаларын қамтиды. Бұл өзгерістердің әрқайсысы – инклюзивті болашаққа жасалған қадам. Мұнда әрбір азамат өзін маңызды әрі қоғамның бір бөлігі ретінде сезінеді, ал қоғамдық өмірге қатысу – ерекше жағдай емес, заңды құқық ретінде танылады.
Туризм • 08 Сәуір, 2025
Елімізде инклюзивті курорттар желісін әзірлеу ұсынылды
Pioneer отбасылық курортының басшысы Мұрат Қаратай Үкімет отырысында инклюзивті балалар курортын құру тәжірибесі туралы айтып, Қазақстанда осы бағытты одан әрі дамытуды ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 31 Наурыз, 2025
Астанада Инклюзивті спорт орталығының құрылысы басталды
Қазақстан бочча федерациясының президенті Мәулен Әшімбаев құрылыс жұмыстарының барысымен танысып, спорт орталығының іргетасын қалау рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 13 Ақпан, 2025
Инклюзивті білім беретін маман тапшы - депутат
Парламент Сенаты депутаты Бибігүл Жексенбай депутаттық сауалында Қазақстанда инклюзивті білім беруге қол жеткізудің қиындығы мен сапасындағы мәселелерді айтты. Оның айтуынша, ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар саны көбейіп бара жатқандықтан оларды қолдау жөніндегі қолданыстағы ескі ережелерді қайта қарау керек, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 15 Қазан, 2024
Ел мектептерінің 88%-ы инклюзивті білім беруге дайын
Қазақстанның мектептерінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін кедергісіз орта қалыптастырылып жатыр. Бүгінгі таңда мектептердің 88%-да инклюзивті білім алуға жағдай жасалған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 03 Қазан, 2024
Инклюзивті ойындар додасы өтті
Астанада «Жұлдызай-2024» атты ұлттық инклюзивті ойындар өтті, деп хабарлайды Egemen.kz. Бұл туралы Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы мәлімдеді.
Білім • 14 Тамыз, 2024
Елдегі мектептердің басым көпшілігі инклюзивті білім беруге дайын
Қазақстан мектептерінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін кедергісіз орта қалыптастырылып жатыр. Бүгінгі таңда мектептердің 88%-да инклюзивті білім алуға жағдай жасалған, деп хабарлайды Egemen.kz Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Білім • 04 Наурыз, 2024
Инклюзивті білім беретін виртуалды зертхана әзірленді
Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы инклюзивті білім беру виртуалды зертханасының презентациясын өткізді. Бұл платформа заманауи цифрлық технологиялардың көмегімен педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға және барлық білім алушылардың ерекше қажеттіліктері мен жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, сапалы білімге тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды Egemen.kz Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 15 Қаңтар, 2024
Елімізде үздіксіз инклюзивті білім берудің ұлттық орталығы құрылады, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Білім • 20 Сәуір, 2023
Ерекше білім беруді қажет ететін балалардың санаты кеңейтілді
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Оқу-ағарту министрлігінің «Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың Ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» РММ директоры Әйгерім Кудеринова Қазақстанда инклюзивті білім беруге бағытталған жобалар жайлы мәлімет берді, деп хабарлады Egemen.kz.
Қоғам • 06 Сәуір, 2023
«Инклюзивті көмекші» Telegram-боты іске қосылды
«Инклюзивті көмекші» telegram-боты Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысы бойынша қысқа мерзімді гранттық жоба аясында іске қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 07 Ақпан, 2023
Астанада #EREKSHETEATR-дың әртістері өнер көрсетті
Бүгін елордада Еркеғали Рахмадиев атындағы «Астана» концерт залында «Мы с тобой одной крови» әлеуметтік драмасының премьерасы өтті. Аталған қойылымды Ұлттық Дельфий комитетінің #EREKSHETEATR атты өнер ұжымы сахналады. Өнерлерімен қалың көрерменді тәнті еткен ерекше театрдың актерлері көпшіліктің ықыласына бөленді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 19 Қаңтар, 2023
Бас прокурор балаға қол көтерген тәрбиешілерге қатысты пікір білдірді
Қазақстанның Бас прокуроры Берік Асылов елорда балабақшаларының бірінде орын алған оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 02 Маусым, 2022
Елордада инклюзивті балабақша ашылды
1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күнінде Нұр-Сұлтан қаласында ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған балабақша ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 06 Сәуір, 2022
Елордада балаларға зәбір көрсеткен тәрбиеші жауапқа тартылды
Желіде «Сати» инклюзивті балабақшасында ерекше білім беруді қажет ететін балаға дөрекілік көрсеткен тәрбиешінің видеосы жарияланды. Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасы болған оқиғаға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 28 Наурыз, 2022
Атырауда инклюзивті театр ашылады
Атырау облысында инклюзивті театр ашылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 02 Қыркүйек, 2021
Елордада ең үлкен инклюзивті алаң ашылады
Нұр-Сұлтанда ауданы 1200 шаршы метрді құрайтын инклюзивті алаң ашылады. Ерекше қажеттілікті талап ететін балаларға арналған бұл кеңістік осы жылдың аяғына дейін пайдалануға берілуі мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 07 Маусым, 2021
Сенаторлар инклюзивті білім беру бойынша заң жобаларын қарайды
Палата Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың төрағалық етуімен Бюро отырысы болды, онда депутаттар Сенаттың 2021 жылғы 10 маусымға жоспарланған отырысының күн тәртібін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 12 Сәуір, 2021
Арқалықта ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған инклюзивті орталық ашылды
Президент Қ.Тоқаев бастамашылық еткен Игі істер марафоны аясында Арқалықта психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті (ППТК) және білім беруде ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған Инклюзивті білім беру ресурстық орталығы ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 25 Тамыз, 2020
2 және 3 топтағы мүгедек ересек адамдарды оқыту мен жұмысқа орналастыруды жүзеге асыратын «Прогресс» колледжі «Инклюзивті білім беру және ерекше қажеттіліктері бар адамдарды жұмысқа орналастыру мәселелері» атты конференцияны өткізді. Қазіргі уақыт талабына сәйкес онлайн режимінде өткен іс-шараға «Прогресс» колледжінің басшылары мен түлектері, «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының, Іле аудандық мәслихатының және БАҚ өкілдері қатысты, - деп хабарлайды Egemen.kz