жедел жәрдем бригадасы
Құтқарушы • 24 Шілде, 2025
Жетісуда жедел жәрдем қызметкерлері жеті жанды өрттен құтқарған
Бүгін Жетісу облысы әкімінің орынбасары Марлен Көлбаев Ескелді ауданындағы өрт шыққан үйден 7 адамды құтқарған жедел жәрдем қызметкерлерін қабылдап, облыс әкімінің Алғыс хаты мен бағалы сыйлықтарын табыстады. Кездесуге облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асқар Садықов қатысты. Арнайы қабылдауға аталған ауданның №6/6 жедел жәрдем бригадасы құрамындағы фельдшерлер Ғабит Ерғаж, Дамира Рахимова және жүргізуші Мұрат Сатеков келді, деп жазады Egemen.kz.