бақытты шаңырақ қоры
Руханият • 05 Тамыз, 2020
ҚМДБ елордағы өкілдігі қор мүшелеріне көмек көрсетті
ҚМДБ Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігінің ұйымдастыруымен бүгін бас шаһардағы "Бақытты шаңырақ" мүгедектігі бар бала тәрбиелейтін отбасылар қорына қайырымдылық шарасы жасалды. Қор төрайымы Пернеш Абдукаримқызының жасаған өтінішіне орай бүгін елорда өкілдігі атынан қор мүшелеріне 100 сөмке ет және азық-түлік қоры берілді.