Этносаралық журналистика
Қоғам • 17 Қыркүйек, 2025
Этносаралық журналистика мәселелері талқыланды
«Қазақ газеттері» серіктестігінде Қазақстан халқы ассамблеясы академиясының «Этносауаттылық және этносаралық қатынастарды БАҚ-та жариялау мәселелері» атты оқу модулінің аясында жетекші газет тілшілерімен тәжірибе алмасу жиыны өтті. Серіктестік директоры Дихан Қамзабекұлы модераторлық еткен басқосуға өңірлік ҚХА журналистер клубтарының төрағалары мен мүшелері, «Қоғамдық келісім» мекемесінің баспасөз хатшылары, депутаттар мен ҚХА мүшелері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.