Руслан Рүстемұлы Көбетаев
Құтқарушы • 18 Қазан, 2025
Өмірді оттан арашалаған командир
19 қазан елімізде Құтқарушылар күні аталып өтеді. Бұл ел тыныштығын күзетіп, от пен судың ортасында жүрген жандардың еңбегіне тағзым етер күн. Олар күн сайын өз өмірін қауіпке тігіп, өзгенің өмірін арашалап қалады. Осындай ерлердің бірі – Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Петропавл қаласы Төтенше жағдайлар басқармасына қарасты №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің командирі Руслан Рүстемұлы Көбетаев. Күні кеше ол Рақымжан Қошқарбаев атындағы III дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды, деп жазады Egemen.kz.