Реставрация орталығы құрылады
Мәдениет • 08 Қазан, 2025
Ұлттық музей жанынан Реставрация орталығы құрылады
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Италия Мәдениет министрлігінің Реставрация жөніндегі орталық институтының директоры Луиджи Оливамен кездесті. Тараптар ҚР-ның Ұлттық музейі мен Италия Республикасының Реставрация жөніндегі орталық институты арасында Меморандумға қол қойды. Құжатқа сәйкес, Ұлттық музей жанынан Реставрация орталығы құрылады, деп хабарлайды Egemen.kz аталған министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.