Израил
Президент • Бүгін, 16:03
Қасым-Жомарт Тоқаев Израильдің сыртқы істер министрін қабылдады
Мемлекет басшысының айтуынша, Гидеон Саардың сапары Израильдің Қазақстанмен көпжақты ынтымақтастықты нығайтуға бейіл екенін растайды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • Бүгін, 10:04
Мемлекет басшысы Израиль Президенті Ицхак Герцогқа жеделхат жолдады
Мемлекет басшысы Израиль Президенті Ицхак Герцогқа Халықаралық Холокост құрбандарын еске алу күніне орай жеделхат жолдады, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сұхбат • 11 Қаңтар, 2026
Израильдің алғысы – Қазақстанның халықаралық беделі мен сыртқы саясатының мойындалғанының дәлелі
Израиль тарапының Қазақстанға алғыс айтуы – республиканың халықаралық беделінің және дербес сыртқы саяси бағытының мойындалғанының айқын дәлелі. Бұл пікірді қырғызстандық саясаттанушы Бақыт Бакетаев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 10 Қаңтар, 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Премьер-министрімен сөйлесті
Израиль тарапының бастамасымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр Биньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлесті, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 28 Желтоқсан, 2025
Израиль атысты тоқтату режиміне қарамастан Газаға шабуылын жалғастырып жатыр
Израиль әскері Газа секторындағы оккупацияланған аймақтарға әуе және артиллериялық соққылар жасады. Куәгерлердің айтуынша, шабуылдар солтүстіктегі Газа қаласына және оңтүстіктегі Хан-Юнусқа бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 05 Желтоқсан, 2025
Израиль Ливан аумағына соққы жасады
Израиль Ливанның оңтүстік бөлігін нысанаға алып, соққы жасады. Әзірге қаза тапқандар туралы ақпарат жоқ. Израиль тарапы бұл әрекетті «Хезболла» қозғалысына қарсы қауіптің алдын алу деп түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 07 Қараша, 2025
Қазақстан мен АҚШ президенттері Беньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлесті
Ақ үйдегі кездесу барысында Қазақстан мен АҚШ президенттері Израиль Премьер-министрі Беньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Әлем • 20 Қазан, 2025
Израиль шабуылдарынан Газада 40-тан астам палестиналық қаза тапты
Газа секторында Израиль әскери әуе күштерінің соққылары салдарынан соңғы тәулікте 44 адам қаза тапқан, деп хабарлайды Egemen.kz ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
Әлем • 17 Қазан, 2025
Израиль әскері Ливанға тағы да әуе соққыларын жасады
Израиль қарулы күштері атысты тоқтату туралы келісімді елемей, Ливанның оңтүстігі мен шығысындағы бірнеше елді мекенге әуе шабуылдарын жасады, деп хабарлайды Egemen.kz Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.
Әлем • 18 Қыркүйек, 2025
Газада опат болғандар саны 65 мыңнан асты
Израиль қарулы күштері Газа қаласының орталық бөлігіне кіріп, Хамас жасақтарының соңғы тірек нүктесін басып алуға әрекет жасап жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 17 Қыркүйек, 2025
Израиль шабуылынан кейін Газада байланыс жүйесі істен шықты
Палестиналық телекоммуникациялық компаниялар Газа секторының солтүстігінде Израиль әскерінің жойқын әуе соққыларынан кейін интернет пен телефон байланысы толығымен үзілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.
Әлем • 15 Қыркүйек, 2025
Израиль соққысынан Йеменде 46 адам қаза тапты
Йемен астанасы Санада Израиль соққысынан қаза тапқан 46 адамның арасында 26 БАҚ өкілі бар, деп хабарлайды Egemen.kz Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.
Әлем • 04 Қыркүйек, 2025
Израиль Газаға шабуыл жасауы мүмкін
Израильдің жоғары әскери өкілінің айтуынша, Газа қаласына жасалуы мүмкін шабуыл миллионға жуық палестиналықты көшуге мәжбүрлейді. Бұл қадам Израильдің жаңа «гуманитарлық аймақ» құру жоспарына байланысты болып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz BBC-ге сілтеме жасап.
Әлем • 08 Шілде, 2025
Израиль Иранға қайта соққы беруге дайындалып жатыр - БАҚ
Америкалық Axios басылымының хабарлауынша, Тегеран ядролық бағдарламасын қайта жалғастыруға әрекеттенсе, Израиль Иранға қайта соққы беруге әзірленуде, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 08 Шілде, 2025
Бір тәулікте 100-ден астам палестиналық қаза тапты
Соңғы бір тәулік ішінде Израиль армиясының әуе соққылары салдарынан Газа секторында 100 -ден астам адам қаза тапқан, деп хабарлайды Egemen.kz ТАСС-қа сілтеме жасап.
Әлем • 04 Шілде, 2025
Газа секторында 100-ден аса палестиналық қаза тапты
Соңғы тәулікте Израиль армиясының Газа секторына жасаған әуе соққылары салдарынан кемінде 118 палестиналық көз жұмып, 581 адам жарақат алған, деп хабарлайды Egemen.kz Al Jazeera-ға сілтеме жасап.
Әлем • 26 Маусым, 2025
Иран мен Израиль арасындағы соғыс біржола тоқтайма
Иран мен Израиль атысты тоқтату туралы келісімге келгенімен, сарапшылар бұл уақытша тыныштық екенін айтады. Қақтығыс 13 маусымда Израильдің Иранның ядролық бағдарламасына қарсы әскери операциясынан басталған еді. АҚШ та Иранға соққы жасаған, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 25 Маусым, 2025
Air Astana Дубай мен Доха бағытындағы рейстерін қайта жандандырады
Air Astana әуе компаниясы Таяу Шығыстағы атысты тоқтату режимінің енгізілуіне байланысты бұл өңірге рейстерді қайта жаңғыртты. Рейстер Иран аумағынан айналып ұшатын болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 24 Маусым, 2025
Израиль мен Иран келісімге келді - Трамп
АҚШ президенті Дональд Трамп Израиль мен Иран арасындағы 12 күнге созылған қарулы қақтығыстың аяқталғанын және толық атысты тоқтату туралы келісімге қол жеткізілгенін жариялады. Бұл туралы ол дүйсенбі күні кешке Truth Social платформасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 23 Маусым, 2025
Иран мен Израильден 296 отандасымыз эвакуацияланды — СІМ
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Иран Ислам Республикасынан 230 азаматты және Израиль мемлекетінен 66 адамды эвакуациялады. Бұл туралы брифингте Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 23 Маусым, 2025
Израильден кеткісі келетіндер үшін арнайы рейстер іске қосылды
Израиль билігі елден шығуға ниетті азаматтар үшін эвакуациялық рейстерді ұйымдастыруды бастады. Бұл туралы елдің Көлік министрі Мири Регев ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 16 Маусым, 2025
Израиль шабуылдарынан 70-тен астам әйел мен бала қаза тапты
Иранның Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, Израильдің соңғы үш күндегі әуе шабуылдарының салдарынан 70-тен астам әйел мен бала көз жұмған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 13 Маусым, 2025
Иран Израильге 100-ден астам дрон жіберді
Бірер сағат бұрын Иран Израиль аумағына 100-ден астам дрон жіберген. Бұл туралы Израиль қорғаныс күштерінің ресми өкілі Эффи Дефрин мәлімдеді. Қазіргі уақытта әуеге көтерілген дрондарды анықтап, жою жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 13 Маусым, 2025
Израиль мен Иран арасындағы текетірес ушығып барады
Израиль әскери шенеунігінің Reuters агенттігіне берген сұхбатына сәйкес, Иран жасырын түрде ядролық қару жасау бағдарламасын дамытып жатыр. Оның айтуынша, Тегеран бүгінде бірнеше күн ішінде 15 ядролық бомба жасауға жететіндей термоядролық материалға ие, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 13 Маусым, 2025
Қазақстанның Израильдегі Елшілігі отандастарға үндеу жасады
Қазақстанның Израильдегі Елшілігі қазіргі геосаяси жағдайға байланысты Израиль аумағында жүрген отандастарға арнайы үндеу жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 29 Мамыр, 2025
Газада Израиль шабуылынан тағы бір журналист көз жұмды
Израиль армиясының Газа секторына кезекті шабуылынан «Al-Quds Al-Yawm» спутниктік телеарнасының фототілшісі Мутез Мохаммад Раджаб қаза тапқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 28 Мамыр, 2025
Израиль Иранға 7 сағат ішінде соққы жасай алады - АҚШ барлауы
Нью-Йорк (The New York Times дерегіне сүйенсек): АҚШ барлау қызметі Израильдің Ирандағы ядролық нысандарға соққы жасауға небәрі жеті сағат ішінде дайын екенін хабарлады. Бұл ақпарат Таяу Шығысқа АҚШ президенті Дональд Трамптың сапары қарсаңында жарияланды, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 26 Мамыр, 2025
Газаға жасалған соққыдан тағы 38 адам көз жұмды
Газаға соңғы 24 сағат ішінде жасалған Израильдің әуе шабуылдарынан кемінде 38 адам қаза тапты, олардың арасында балалар да бар, деп хабарлайды Egemen.kz Associated Press агенттігіне сілтеме жасап.
Әлем • 28 Сәуір, 2025
Ирандағы жарылыс қолдан жасалды ма
Иранның оңтүстігіндегі Бендер-Аббас қаласында орналасқан Шахид Раджаи портындағы жойқын жарылыстан кейін ел билігі дүйсенбі күнін ұлттық аза тұту күні деп жариялады. Жарылыстың салдарынан қаза тапқандар саны 40 адамға жетіп, жараланғандар саны 1 241-ге артқаны белгілі болып отыр. Жергілікті ақпарат жүйесінде апаттың Иранмен қырғиқабақ Израильдің қолымен жасалғаны туралы хабар тарап жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 08 Сәуір, 2025
Президент Израиль Мемлекеті Кнессетінің Төрағасын қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Израиль Парламенті спикерінің Қазақстанға сапары қазақ-израиль қарым-қатынасын нығайтуға екі елдің де бейіл екенін растайды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.