«Салауатты сана» жобасы
Қоғам • 01 Қазан, 2025
5 кеселге қарсы күрестің жол картасы әзірленеді
Мемлекеттік қызметте істегендер «Жол картасы» дегенді жақсы біледі. Қарапайым тілмен айтсақ, ол – ауқымды міндетті рет-ретімен, сапалы, нәтижелі орындау жоспары. Әдетте, Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауынан кейін қабылданады, сондай-ақ ұзақ мерзімдік мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру, партиялар съездерінің шешімдерін орындау үшін де жасалады. ҚХА жанындағы республикалық Аналар кеңесінің Қарағанды облысында өткен кеңейтілген отырысында өңір әкімі Ермағанбет Бөлекпаев «Салауатты сана» жобасын іске асырудың 3 жылға арналған Жол картасын қабылдамақ ниеттерін жария етті. Бұл – қоғамға қауіп төндіріп отырған кеселдермен күресудегі үлкен қадам. Және билік пен қоғамның бір мақсатта алға басуының жақсы көрсеткіші.