аз
Қоғам • 16 Мамыр, 2026
Жалпақтал ауылында Эйфель мұнарасы бой көтереді
Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданына қарасты Жалпақтал ауылында Франциядағы Эйфель мұнарасының көшірмесі тұрғызылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 16 Мамыр, 2026
Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы карьерасын аяқтады
Ұлттық құраманың қорғаушысы Михаил Габышев футболшы ретіндегі кәсіби мансабын аяқтады. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясы мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 16 Мамыр, 2026
Астаналық құтқарушылар жарылыстың алдын алды
Елордалық құтқарушылар өрт кезінде газ баллонының жарылу қаупін алдын алды, деп жазады Egemen.kz.
Экология • 16 Мамыр, 2026
Еліміздің ірі мегаполистерінде ауа райы қандай болады
«Қазгидромет» 16 мамырда Қазақстан мегаполистеріндегі ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 15 Мамыр, 2026
Елімізде балабақшаларды лицензиялау жүйесі қайта енгізіледі
Келесі жылдан бастап Қазақстанда балабақшаларды міндетті лицензиялау жүйесі қайта күшіне енеді. Оқу-ағарту министрлігі бұл қадам мектепке дейінгі білім беру сапасын арттырып, нарықтағы талаптарды біріздендіруге бағытталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 15 Мамыр, 2026
Қазақстанда жаз айларында ауа райы қандай болады? Синоптиктер болжамы
«Қазгидромет» ұсынған болжамға сәйкес, маусым және тамыз айлары әдеттегіден ыстық болады. Қазақстан аумағында ауа температурасы климаттық нормадан 1-2 градусқа жоғары болуы мүмкін. Елдің оңтүстігінде кей күндері ауа температурасы +45 градусқа дейін көтеріледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 15 Мамыр, 2026
Қазақстан Иранға гуманитарлық көмек жіберді
Қазақстан халықаралық ынтымақтастық аясында Иран Ислам Республикасына гуманитарлық көмек жіберді. Жүк құрамында азық-түлік өнімдері мен дәрі-дәрмектер бар, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 15 Мамыр, 2026
Украинадағы алаяқтық: Қазақстан азаматтарын алдап келген 53 шетел азаматы ұсталды
Ішкі істер министрлігі алаяқтарды анықтау мақсатында шетелдік әріптестермен белсенді қарым-қатынас жасайды. Тікелей байланыстар мен ақпарат алмасу арналары қалыптастырылған. Биыл 31 наурызда ІІМ Украинаның полициясымен бірлесіп, кең көлемді арнайы операция жүргізді. Бұл операция барысында ел тұрғындарын алдап келген Днепр қаласында орналасқан 3 алаяқтық call-орталықтың қызметі тоқтатылды. Арнайы операция нәтижесінде 53 шетел азаматы ұсталды, оның ішінде 8-і қамауға алынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 15 Мамыр, 2026
Ердоғаннан тарту: Түркия Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығына арналған кітап дайындады
Түркия басшысы Режеп Тайип Ердоған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығына және Түркия-Қазақстан ынтымақтастығының 34 жылдығына орай арнайы әзірленген кітапты сыйға тартты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 15 Мамыр, 2026
Алматы облысында соққыға жығылған жігіт қаза тапты: Күдіктілер қылмысты жасырмақ болған
Алматы облысы Боралдай кентінде табысқа байланысты туған жанжалдан кейін жас жігіт қаза тапқан. Марқұмның туыстары оның жұмыс орнында соққыға жығылғанын айтып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бокс • 15 Мамыр, 2026
Қазақ боксшылары Азия додасында 7 алтын медаль еншіледі
World boxing ұйымының ұйымдастырумен Өзбекстанның бас шаһары Ташкентте Азия чемпионаты өтіп жатыр. 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында Қазақстан боксшылары 7 алтын, 8 күміс, 9 қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 15 Мамыр, 2026
Елімізде 40 градусқа дейін аптап ыстық болады
Синоптиктердің болжауынша, алдағы демалыс күндері еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады. Тек солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда үсік жүруі мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 15 Мамыр, 2026
«900 мың теңге отбасыма жетпейді»: Депутат Бақытжан Базарбек ай сайынғы жалақы аздық ететінін айтты
Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек ай сайын алатын 900 мың теңге көлеміндегі жалақысы отбасылық шығынды толық өтеуге жетпейтінін айтты. Оның сөзінше, әсіресе бірнеше баласы бар отбасылар үшін күнкөріс қиындап барады, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 15 Мамыр, 2026
«Қазақстан Халық Кеңесі» мүшелерінің өкілеттік мерзімі 4 жыл болады
«Қазақстан Халық Кеңесі» мүшелерінің өкілеттік мерзімін төрт жыл деп белгілеу ұсынылды. Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Халық кеңесі туралы» заң жобасын талқылау кезінде Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 15 Мамыр, 2026
«Қазақстан Халық Кеңесіне» қандай міндеттер жүктеледі?
Парламент Палаталарының бірлескен отырысында Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев «Қазақстан Халық Кеңесі» туралы Конституциялық заң жобасын таныстырды. Заң жобасында Қазақстан Халық Кеңесінің мақсат-міндеттері, қызмет қағидаттары мен өкілеттіктері айқындалған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Мамыр, 2026
Жаз маусымында Балқашқа қосымша пойыздар қатынайды
1 маусымнан бастап №220/219 «Қарағанды – Балқаш» бағытындағы жолаушылар пойызы жолға шығады. «Жолаушылар тасымалы» АҚ іске қосқан жаңа бағыт өңірдегі көлік қатынасын кеңейтіп, Балқашқа қатынайтын жолаушылар үшін қосымша мүмкіндік ұсынады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 15 Мамыр, 2026
Өскеменде тіс емханасының 53 қызметкеріне екі айдан бері жалақы төленбеген
Шығыс Қазақстан облысындағы балалар тіс емханасының 53 жұмысшысы екі айдан бері тиісті жалақысын ала алмай келген. Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 15 Мамыр, 2026
Үсік пен аптап ыстық: Елімізде ауа райы күрт өзгереді
«Қазгидромет» 15 мамыр, жұма күнгі Қазақстан аумағы бойынша ауа райы болжамын жариялады. Еліміздің оңтүстігінде 30°C-тан жоғары ыстық күтілсе, өзге өңірлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 14 Мамыр, 2026
Иран Қытай кемелеріне Ормұз бұғазы арқылы өтуге рұқсат берді
Иран Ормұз бұғазы арқылы Қытайдың бірқатар кемелеріне өтуге рұқсат берді. Бұл шешім Қытай Сыртқы істер министрі мен Ирандағы Қытай елшісінің өтініштерінен кейін қабылданған, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 14 Мамыр, 2026
Қазақстан мен Түркия президенттері Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығына барды
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоғанға еліміздегі басты технологиялық хабқа айналуды көздейтін орталықтың әлеуеті таныстырылды, деп хабарлайды Egemen.kz. Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Форум • 14 Мамыр, 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған Қазақстан-Түркия бизнес форумына қатысты
Мемлекет басшысы бұл форумның екі ел үшін тиімді әрі мазмұнды болғанын атап өтіп, алқалы жиынды ұйымдастыруға атсалысқан Түркия тарапына алғыс айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 14 Мамыр, 2026
Қазақстанда жол битумына ішкі сұраныс толық қамтамасыз етілді
Елімізде автомобиль жолдарын салу мен жөндеуге қажетті жол битумына деген ішкі сұраныс толық қамтамасыз етілді. Бұған Caspi Bitum зауытының өндірістік қуатын кеңейту жобасы нәтижесінде қол жеткізілді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 14 Мамыр, 2026
Қазақстан мен Түркия қандай жобаларды бірлесе жүзеге асырады?
Мемлекет басшысы Түркия Президентімен келіссөз кезінде энергетика кешеніне қатысты мәселелерге ерекше тоқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 14 Мамыр, 2026
Түрік кәсіпкерлері ел экономикасына 6 миллиард доллар көлемінде қаражат салды
Мемлекет басшысы Түркия Президентімен кездесудің қорытындысы бойынша баспасөз конференциясын өткізді. Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде Түркия еліміздің ірі инвесторларының қатарына кіретінін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 14 Мамыр, 2026
Қазақстан мен Түркия арасында жаңа стипендиялық бағдарлама іске қосылады. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің айтуынша, бұл келісім Режеп Тайип Ердоғанның Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапары аясында бекітілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 14 Мамыр, 2026
Түрік компаниялары Қазақстанда 3 100-ден астам жаңа жұмыс орнын ашады
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоғанға екі ел бірлесе іске асырып жатқан бірқатар инвестициялық жоба туралы мәлімет берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 14 Мамыр, 2026
Харрасмент жасағандар заңмен жазалана ма?
Қазақстан билігі жұмыс орнындағы харассмент үшін жауапкершілікті заң жүзінде бекітуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Тұяқбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 14 Мамыр, 2026
«Қазцинк» зауытындағы жарылыс: Министрлік үш жыл бойы кәсіпорын қызметінен кемшілік таппаған
2025 жылы «Қазцинк» компаниясының Өскемен қаласындағы зауытына заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар берілген. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ербол Тұяқбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Технология • 14 Мамыр, 2026
Қазақстанда мобильді байланыс неге қымбат?
Қазақстан ЕАЭО мен Орталық Азия елдері арасында мобильді байланыс құны бойынша ең қымбат мемлекеттердің қатарына кіріп отыр. Алайда интернет жылдамдығы соңғы айларда айтарлықтай төмендеген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 14 Мамыр, 2026
Елімізде әскерге бару жасы 50-ге дейін ұзартылуы мүмкін
Қазақстанда әскерге бармаған 50 жасқа дейінгі ер азаматтарды қайта даярлауға жіберу ұсынылды. Бастаманы Астана қаласының Қорғаныс істері департаментінің өкілі Ғани Артықов көтерді. Запастағы полковник бұл ұсынысты телеарнаға берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.