рт
Бокс • 03 Сәуір, 2026
Азия чемпионаты: Төрехан Сабырхан жартылай финалға шықты
Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда бокстан Азия чемпионатының ширек финалы басталды. Бүгін құрама сапынан Төрехан Сабырхан шаршы алаңға шықты, деп жазады Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 02 Сәуір, 2026
Астанада көпқабатты үйден өрт шықты: 9 бала құтқарылды
Астана қаласы Сарыарқа ауданындағы көпқабатты үйлердің бірінде шыққан өрт кезінде ТЖМ қызметкерлері 12 адамды құтқарып, 25 тұрғынды қауіпсіз жерге эвакуациялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 02 Сәуір, 2026
Магниттік дауыл кезінде адам ағзасында қандай өзгеріс болады?
2 сәуір күні таңертеңнен бастап Жерде геомагниттік құбылыстар байқала бастады. Ғалымдардың айтуынша, бұл құбылыс Күндегі короналдық тесіктің әсерінен туындап отыр, ал алдағы сағаттарда магниттік дауыл күшеюі мүмкін, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 02 Сәуір, 2026
Аутизмді ерте кезеңде қалай анықтаймыз?
Қазақстанда аутистік спектрдегі бұзылыстарды (АСБ) ерте анықтау және балаларға кешенді қолдау көрсету бағытында жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұл бастамалар ерте диагностика сапасын арттыруға, көмек көрсетуді қолжетімді етуге және балалардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 02 Сәуір, 2026
Автоматты жүйе және 187 бағдаршам: LRT қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі?
Астанада салынып жатқан LRT желісінде 187 бағдаршам орнатылды. Бағдаршамдар станцияларда, жол аралық учаскелерде және депода орналастырылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 02 Сәуір, 2026
Италия мен Түркия маңында мигранттар мінген қайық апатқа ұшырады: 38 адам қайтыс болды
Еуропаға жетуге талпынған мигранттардың сапары тағы да адам шығынымен аяқталды. Ливия мен Ауғанстаннан шыққан адамдардың қайықтары апатқа ұшырап, ондаған адам көз жұмды, бірнешеуі ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы ақпаратты euronews.com сайты мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Таным • 02 Сәуір, 2026
Биылғы айтулы оқиғаның бірі – 1896 жылы Хельсинки қаласында «Фин-угор» қоғамы редакция алқасының (Suomalais-ugrilaisen seuran toimituksia) шешімімен Финляндия әдеби қоғам баспасынан (Lmprimerie de la societe de literature finnoise) Вильгельм Томсонның «Орхон жазбалары» («Inscriptions de l’Orkhon») атты құнды кітабы жарық көруі. Бұл туындыға биыл 130 жыл толып отыр.
Білім • 31 Наурыз, 2026
Қазақстанда студенттердің шәкіртақысы өсе ме?
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Үкіметте өткен брифингте стипендия көлемін арттыру мәселесі қарастырылып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 31 Наурыз, 2026
Президент «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады
Кездесуде Қазақстанның тау-кен, металлургия салаларында бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елорда • 31 Наурыз, 2026
Астанада жұмыс табу жеңілдейді: Мансап орталығы үш жерде ашылды
Астана қаласы әкімдігі елордада жаңа 3 мансап орталығы ашылғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 30 Наурыз, 2026
Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасының 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық қауіпсіздік стратегиясын жүзеге асыру қорытындысы шығарылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлем • 30 Наурыз, 2026
9 млн еуро шығын: Италиядағы музейден әйгілі суретшілердің туындылары ұрланды
Италияның Парма қаласы маңындағы мұражайда әлемге әйгілі суретшілердің құнды картиналары ұрланды. Ұрлық қысқа уақыт ішінде, бар болғаны үш минутта жүзеге асқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 30 Наурыз, 2026
Цифрлық теңге – инвестициялық құрал емес: Ұлттық банк азаматтарға ескерту жасады
Ұлттық банк азаматтарды цифрлық теңгеге байланысты таралған жалған инвестициялық ұсыныстардан сақ болуға шақырды. Соңғы уақытта әлеуметтік желілер мен интернет кеңістігінде жалған жарнамалар арқылы азаматтарды алдау фактілері жиілеген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 30 Наурыз, 2026
25 жыл жөндеу көрмейтін жол: Аягөздік оқушы пластик қалдықтардан эко-асфальт жасап шығарды
Абай облысының Аягөз қаласындағы №10 қазақ мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы Аружан Қабдұлмаратова тұрмыстық пластик қалдықтарын қайта өңдеу арқылы жол жабынын жасаудың тың әдісін ұсынды. Жас зерттеушінің бірнеше жылға созылған еңбегі нақты нәтижесін беріп отыр, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 27 Наурыз, 2026
Елордалық оқушы Гарвард университетіне оқуға түсті
Астана қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің оқушысы Бөрте Сайранбекқызы Harvard университетіне оқуға қабылданды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 27 Наурыз, 2026
Қазақстанда 176 мыңнан астам адам жұмыстан кеткісі келеді: Себебі неде?
Ұлттық статистика бюросы зерттеулерінің қорытындысына сәйкес, өткен жылдың төртінші тоқсанында елде кемінде 176,6 мың жұмыспен қамтылған азамат жұмыс орнын ауыстырғысы келетінін айтқан, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 27 Наурыз, 2026
Мемлекет басшысы Ерванд Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын тапсырды
Ақордада әйгілі альпинист Ерванд Ильинскийге жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Заң • 27 Наурыз, 2026
Алатау қаласы жаңа мәртебеге ие болды
Парламент Мәжілісі «Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимі туралы» конституциялық заңды екінші оқылымда қабылдады, бұл еліміздің урбанизация және инвестициялық саясатында жаңа кезеңнің басталғанын білдіреді. Алатау қаласы – дербес басқару мен Smart City моделі бойынша жаңа мәртебеге ие болады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 27 Наурыз, 2026
Ербол Хамитовқа «Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері» атағы берілді
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов пара биатлоннан Миланда өткен қысқы Паралимпиада чемпионы Ербол Хамитовпен және оның жаттықтырушыларымен кездесті. Кездесу барысында министр отандық спорт саласына қосқан елеулі үлесі мен халықаралық аренадағы жоғары жетістіктері үшін Ербол Хамитовқа «Еңбек сіңірген спорт шебері» атағын табыстады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 26 Наурыз, 2026
Ескі 10 мың теңгелік банкноттарды пайдалану мерзімі ұзартылды
Ұлттық банк номиналы 10 000 теңгелік банкноталардың айналымда қатар жүру мерзімін 2027 жылғы маусымға дейін ұзартты. Бұл шешім қаржыгерлер қауымдастығының ұсынысын ескере отырып қабылданған, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 26 Наурыз, 2026
28 наурызда онкологиялық орталықтар келушілерді тегін қабылдайды
28 наурыз күні еліміздің барлық өңірлік, қалалық және облыстық онкологиялық орталығында бірыңғай ашық есік күні өтеді. Бұл күні медициналық мекемелер келушілерді тегін тексереді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 26 Наурыз, 2026
Батыс Қазақстанда Ұлттық спорт лигасы ашылды
Батыс Қазақстан облысында Ұлттық спорт күніне арналған мерекелік шара мен «Бабалар ізімен» ұлттық спорт лигасының ашылуына арналған салтанатты кеш өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Теннис • 26 Наурыз, 2026
Елена Рыбакина Miami Open турнирінің жартылай финалына шықты
Әлемнің екінші ракеткасы Елена Рыбакина Майамиде өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің жартылай финалына жолдама алды. Жартылай финалда ол тағы да Арина Соболенкомен кездесуі мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 25 Наурыз, 2026
Ұлттық білім академиясы экологиялық білім стандартын әзірлеп жатыр
Жаңадан қабылданған Конституцияның 3-бабында экологиялық мәдениет іргелі құндылық ретінде айрықша мәнге ие деп көрсетілген. Осы тұрғыда Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы орта білім беру жүйесінде экологиялық құндылықтарды білім мазмұнына кіріктіру жұмыстарын жүйелі түрде жүзеге асырып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 24 Наурыз, 2026
Орал қаласында орналасқан дәмхана ғимаратында өрт шықты. Оқиға Желтоқсан көшесінің бойында болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 23 Наурыз, 2026
Мемлекет басшысы БАӘ-нің Қазақстандағы елшісін қабылдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ-нің Қазақстандағы елшісі Мұхаммед Саид Мұхаммед әл-Арикиді қабылдады, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 20 Наурыз, 2026
Наурыз қарсаңында ұлттық спортты ұлықтау – ұтымды үрдіс
Наурызнама күнтізбесіне сәйкес 20 наурыз – Ұлттық спорт күні. Бұл күн төл спортымызды дәріптеуге, насихаттауға және оны заманауи үрдістермен ұштастыра отырып, ұлттық бірегейлікті нығайтуға бағытталған маңызды дата. Бүгінде елімізде асық ату, аударыспақ, бәйге, дәстүрлі садақ ату, жамбы ату, жекпе-жек, көкпар, қазақ күресі, құсбегілік, теңге ілу және тоғызқұмалақ сынды 11 ұлттық спорт түрі дамып келеді. Оның ішінде төртеуі ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енгізілген. Халық ықыласы мен әлем мойындаған ұлттық спорт түрлерін ұлыстың ұлы күні қарсаңында айрықша бедерлеу сана мен тәнді серпілтіп қана қоймай, ұжымдық рух сыйлайтыны сөзсіз, деп жазады Egemen.kz.
Туризм • 20 Наурыз, 2026
Туризм саласында қандай өзгерістер болады?
17 наурыз күні Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне туристік саланы және балалар спортын қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына қол қойды. Құжат туристік саланы дамытуға қолайлы жағдай жасауға және мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін арттыруға бағытталған, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 20 Наурыз, 2026
Импортқа тәуелділік әлі жоғары: Еліміз қандай кәсіби және техникалық қызметтерді сатып алып отыр?
Соңғы жылдары Қазақстанның қызметтер экспорты мен импорты тұрақты өсім көрсеткенімен, сыртқы сауда теңгеріміндегі теріс айырма толық жойылған жоқ. Ел экономикасында қызмет көрсету саласы кеңейіп жатқанымен, күрделі және жоғары білікті қызмет түрлері бойынша импортқа тәуелділік сақталып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 20 Наурыз, 2026
Қолайсыз метеожағдай: Бірнеше өңірде ескерту жарияланды
«Қазгидромет» синоптиктері 20 наурызға арналған ауа сапасына қатысты ескерту жариялап, еліміздің бірқатар қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасатынын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.