Соңғы жаңалықтар
Әдебиет • 30 Қаңтар, 2018
Ата сазанның хикаясы. Белгілі этнограф-ғалым Жәрдем Кейкиннің ашылмаған бір қыры хақында
«...Ата сазанның төзімі таусылды. Ноқат жоғарыдан жақындай бергенде құйрығымен суды осып-осып жіберіп, жемді жарыса аңдыған шортанның бетіне шашты да, ноқатты қауып үлгерді. Аузына түскен жемді тамсанып еді, қармақ ұшы шықшытына қадалды. Жанталаса тағы бір жұлқынғанда тегеурінді күш жоғары қарай сүйрей жөнелді. Аласұрып жіп бауын арқа қанатымен ысқылап, қимақ еді, үлгермеді. Суда қан-жоса із тастап, мұз үкісінен суырылды. Қайда барса да қыр соңынан қалмаған қара сирақтың сұлбасын көріп, шошына бұлқынды. Темір істік тынысын одан әрі тарылтып, тұншықты, аузы қанға толып, көзі бозқырауланды. Жандәрмен күйде жанындағы үкіге ұмтылмақ еді, сал денесі көтертпеді. Басын мұзға ұрды, құйрығымен мұзды сабалады. Ұрды, ұрды да сұлқ жатты. Денесі сіресіп, тоңази берді...».
Әдебиет • 30 Қаңтар, 2018
«Кенеден келген кесел» енді «Жетісудың өзіне «кесел» болып жабысқалы тұр. Онда сыналған ғалымсымақты «Правданың» Қазақстандағы тілшісі қанатының астына алып, ашық қорғаған. Қарсы тұрған екеуді даттаған, газетіміздегі мақаладан «шикілік» тапқан. Сойқан басталғалы тұр...
Қаржы • 30 Қаңтар, 2018
Ұлттық Банк хабарлайды, түсініктеме береді, түсіндіреді
Қазақстан сақтандыру нарығының серпінді өсуіне қарамастан, оның Қазақстан экономикасындағы маңызы айтарлықтай жоғары емес. Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Жанат ҚҰРМАНОВ «Егемен Қазақстанға» берген сұхбатында сақтандыруды халық пен бизнестің мүддесін қорғайтын, нақты жұмыс істейтін тетікке айналдыру үшін қандай шаралар қабылдау жоспарланып отырғаны туралы айтып береді.
Бокс • 30 Қаңтар, 2018
Головкин-Альварес арасындағы екінші жекпе-жек 5 мамырда өтеді
Орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес (49-1-2, 34 КО) екінші рет жекпе-жек өткізуге келісті.
Әлем • 30 Қаңтар, 2018
Достықта жоқ шекара. Қазақ пен қырғыз достығы күн санап артып келеді
Алып Алатаудың арғы беті мен бергі бетін ен жайлаған қазақ пен қырғыз ежелден төскейде малы, төсекте басы қосылған халық. Айыр қалпақты ағайындармен біздің рухани туыстығымыз тағы бар. Ұлы ғалым Шоқан Уәлихановтың Ыстықкөл сапарын жазуы, Манас жырын хатқа түсіруі, Сүйінбай мен Қатағанның айтысы, Шыңғыс Айтматовтың әйгілі Мұхтар Әуезовке шәкірт болуы, бәрі де екі елдің рухани байланысын көрсетеді. Ал Жамбыл мен Тоқтағұл есімдерінің қатар аталуы да рухани беріктіктің дәлелі. Бұл тұрғыда қазақ пен қырғыз достығы күн санап артып келеді.
Аймақтар • 30 Қаңтар, 2018
Өскеменде қоқыс өңдейтін зауыт салына ма?
Елбасы биылғы Жолдауында «көл-көсір мұнайдың» дәуірі аяқталып келе жатқанын тілге тиек етіп, елімізге дамудың жаңа сапасының қажеттігіне тоқталды. Мемлекет басшысы «Өңірлердің әкімдері шағын және орта бизнес субъектілерін кеңінен тартып, тұрмыстық қатты қалдықтарды заман талабына сай утилизациялау және қайта өңдеу үшін шаралар қабылдау керек», деп жүктеген міндет Шығыс Қазақстанда қалай жүзеге асырылуда? Бұл ретте әзірге ауыз толтырып айтарлықтай жұмыстар атқарылды деуге келмес. Дегенмен де қозғалыс, алға жылжу барын жоққа шығаруға болмайды.
Қазақстан • 30 Қаңтар, 2018
Қазақстан • 30 Қаңтар, 2018
Тыйым салынған материалдар мен сайттар анықталды
Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің жүргізген діни сараптама жұмыстары барысында 2017 жылы 4 332 материалға (діни әдебиеттер, діни бағыттағы басқа да материалдар) зерттеу жұмыстары жүргізілген. Оның ішінде 196 нысанға теріс қорытынды берілді.
Технология • 30 Қаңтар, 2018
Жаңаөзенде жаңа өндірістік база іске қосылды
150 мыңға жуық халқы бар Жаңаөзен қаласы өзінің жарты ғасырлық тойы қарсаңында жаңа істермен жаңғыруда. Жуырда ғана қалада мұнай өнеркәсібі құралдарын және технологиялық коммуникацияларды жөндеу басқармасының өндірістік базасы ашылды.
Инфографика • 30 Қаңтар, 2018
Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері
Қазақстан • 30 Қаңтар, 2018
«Ақылды ауыл шаруашылығын» құру қадамы
Климаттық жағдайы Солтүстік Қазақстан өңірінен де қатал Аустралияда астық дақылдарының өнімділігі 2 есе жоғары. Ал табиғи жағдайы ұқсас Канадада өсімдік шаруашылығының өнімділігі 14 есе артық.
Қазақстан • 30 Қаңтар, 2018
Елбасының биылғы Жолдауы – еліміздің өркендеу жолындағы бұған дейінгі ұсынылып, жүзеге асырылып жатқан қарқынды реформалардың заңды жалғасы.
Аймақтар • 30 Қаңтар, 2018
Шығыста су және жел электр стансалары салынады
Шығыс Қазақстанның ірі өндіріс орындары жаңа технология негізінде құны 15 млрд теңгенің 13 жобасын жүзеге асырады. Биыл Зырян ауданында Тұрғысын су электр стансасы пайдалануға беріліп, 2019 жылы Ұлан және Жарма аудандарында үш су және жел электр стансаларының құрылысы аяқталады.
Экономика • 30 Қаңтар, 2018
Қазақстан • 30 Қаңтар, 2018
«Тәуелсіздік дәуірі». Еліміздің тарихи шежіресі
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жақында жарық көрген «Тәуелсіздік дәуірі» кітабын парақтай отырып, шын мәнінде Қазақ елінің ұлы дәуірді бастан кешіп жатқанына еріксіз мойынсұнасың, тарихи шежіре көз алдымыздан сырғанап өте бастайды. Осынау сәтте санаңа ең алдымен біз кеше қандай едік, бүгін қандаймыз деген ғаламдық маңызды сауал туындайды. Естеріңізде болса, сол бір кеңестік дәуірде сүйікті Алматымызда метро салу әрбір қазақтың арманы емес пе еді?!.
Парламент • 30 Қаңтар, 2018
Мәжілісте Қазақстан халқы Ассамблеясы депутаттық тобының отырысы өтті
Мәжілісте «Тәуелсіздік дәуірі» – біздің заманымыздың шежіресі» тақырыбымен Қазақстан халқы Ассамблеясы депутаттық тобының отырысы өтті. Жиында халық қалаулылары Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабына өзек болған тарихи кезең туралы ой толғады.
Әлем • 30 Қаңтар, 2018
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ-қа алғашқы сапары мен осы жолғы мемлекеттік ресми сапарының арасында 26 жыл (1992 ж. мамыр) өтіпті. Содан бері екі ел арасындағы қарым-қатынас сенімді, өзара достық негізде өрбіп келеді. Ал бұл сапардың жөні ерекше. Осы жолғы Дональд Трамп пен Нұрсұлтан Назарбаев кездесуінің нәтижесі екі ел арасындағы саяси және экономикалық қарым-қатынасты одан әрі тереңдете түсетініне сенім мол. Оған, әрине үлкен негіз бар.
Қазақстан • 30 Қаңтар, 2018
Дін саласындағы заң жобасы таныстырылды
Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының таныстырылымы өтіп, онда Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев заң жобасының негізгі ережелерін кеңінен түсіндірді.
Қазақстан • 30 Қаңтар, 2018
Цифрландыру – медициналық қызметтің тиімділігін арттырады
Кеше Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағаты «Денсаулық сақтау саласын цифрландыру» деген тақырыпта өтті. Мәжіліс Төрағасының орынбасары Гүлмира Исимбаева төрағалық еткен отырыста Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов баяндама жасап, саланың жай-күйі егжей-тегжейлі талқыланды.
Әлем • 30 Қаңтар, 2018
«Хаффингтон Постта» Жаһандық қауіпсіздікті талдау институты Энергетика, табиғи ресурстар және геополитика орталығының директоры, АҚШ Халықаралық қатынастар кеңесінің және Стратегиялық зерттеулер халықаралық институтының (Лондон қаласы) мүшесі Ариэль Коэннің «Қазақстан Солтүстік Кореяның ядролық мәселесін шешу үшін үлгі болып табылады» деген мақаласы жарияланған болатын.
Аймақтар • 30 Қаңтар, 2018
Қызылжар вокзалы қашан қазақстандық болады?
Абылай хан ақ ордасын тіккен Қызылжар өңірінде әлі күнге шешімін таппай, жергілікті халыққа қолайсыздық тудырып келе жатқан бір мәселе бар. Ол – Петропавл қаласындағы темір жол вокзалының және аймақтағы теміржолдың бір бөлігінің әлі күнге дейін Ресейге қарайтыны. Тәуелсіздік алғанымызға ширек ғасырдан астам уақыт өтсе де, осы уақыт аралығында отандық БАҚ-тарда сан мәрте айтылса да, Парламенттің биік мінберінен көтерілсе де, бұл мәселе әлі күн тәртібінен түсер емес.
Қазақ Фабержесіне қолдау қайдан...
Қай заманда да халықтық жауһар өнер туындысын тудыруға аса ауқатты, салтанатын асырамын деген бай-бағландар мен патшалар, хандар себепкер болған.
Ағылшын тілінде сабақ беретін маман тапшы
«Өз тілімізбен өмір сүрейік. Бұдан артық қалай айтуға болады» деген Елбасы Н.Назарбаев мемлекеттің даму жолында «Кеше болмағаның бүгін болуы мүмкін, бүгін болмағанның ертең болуы мүмкін – ана тіліне мән бермеушіліктің, оны құрметтемеудің орны толмас олқылықтарға соқтыратыны сөзсіз», деп өмір өзгерістеріне қарай ұлт тілін қалай да сақтап қалуды жүктегені белгілі.
Аймақтар • 29 Қаңтар, 2018
Ауыл тұрғыны адасқан аққуды тобына қосты
Маңғыстау облысы Ақшұқыр ауылы бағытындағы Ақтау-Аэропорт тас жолы маңындағы жеке шаруашылықтың шопаны Құралбек Әбдікәрімов адасқан аққуды тобына қосты, деп хабарлайды Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз қызметі.
Қазақстан • 29 Қаңтар, 2018
О.Жәутіков атындағы халықаралық олимпиаданың жүлдегерлері анықталды
Орталық коммуникациялар қызметінде О.Жәутіков атындағы халықаралық олимпиадаға арналған баспасөз конференциясы өтті.
Бағдарламалар • 29 Қаңтар, 2018
Көлік полицейлері Жолдауды жүзеге асыру міндеттерін талқылады
Қазақстан Республикасы ІІМ Көліктегі ІІД-де кеңейтілген мәжіліс өтті. Оған ведомства басшысы Аманжол Қабылов төрағалық жасады. Жиында департаменттің 2017 жылғы жедел-қызметтік жұмыстарының қорытындысы талқыланып, көлік полицейлерінің Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтарда жариялаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын жүзеге асыру бағытындағы міндеттері нақтыланды. Басқосуға департаменттің басшылық құрамы мен желілік бөлімдердің басшылары қатысты.
Аймақтар • 29 Қаңтар, 2018
Қостанайда цифрландыруға жетекшілік жасайтын басқарма құрылды
Мұны Қостанайда «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі кеңейтілген мәжілісте облыс әкімі Архимед Мұхамбетов мәлімдеді. Жаңа басқарма алдағы 3-4 айдың ішінде жұмысын бастайтды.
Аймақтар • 29 Қаңтар, 2018
Өскеменде 8 мұз айдыны жұмыс істеп тұр
Өскемендегі «Алтай» стадионында футболшылар ала жаздай доп теуіп, ойын көрігін қыздырса, қыс бойы қала жұртшылығы осында келіп коньки тебеді. Жақында осы мұзайдында шаһардағы студенттер мен мектеп оқушылары арасында «Көңілді старт» ойыны ұйымдастырылды.
Өнер • 29 Қаңтар, 2018
Алматыға арман арқалап келген ауыл баласы биік мақсаттарды мұрат тұтты. Тіршіліктің мың сан бояуларын ішкі дауысымен үндестіріп бұл өнерден өзіне ғана тән әдемі иірім табуға талпынды. Әр туындысынан тарихымыздың, ұлттық болмысымыздың исі бұрқырайды. Оның кенебіндегі кейіпкерлер мәңгілік қозғалыста.
Аймақтар • 29 Қаңтар, 2018
Ақтау қаласындағы химия-биолгия бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары биыл үшінші жыл қатарынан International Waterbird Census (IWC) аталатын 52-ші халықаралық қысқы суда жүзетін және су маңындағы құстар санағына шықты. Олар Қазақстандағы ерекше орнитология аумағы болып есептелетін Қаракөл көліндегі құстарды санады.