Соңғы жаңалықтар
Қазақстан • 15 Қаңтар, 2018
Даму тұтқасы – жаңа технологиялар
Бүгінгі күні атын естісеңіз тұла бойыңыз селк ете қалғандай күйге түсіретін революция атауы мүлдем жаңаша мән мен мазмұнға ие болып отыр. Әсіресе бұл сөз «жаңа өнеркәсіптік революция» деп айдар тағылған тіркес сөзде тіптен айшықты естіледі. Президент Н.Назарбаев биылғы Қазақстан халқына Жолдауында ел дамуының жаңа мүмкіндіктері Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне тұспа-тұс келетінін тайға таңба басқандай айқындап берді. Бұл міндет республика аймақтарына да тың міндеттер жүктейді. Жаңаша көзқарас жағдайында жұмыс істеу жауапкершілігін арқалатады. Осыған орай біз «Ақтөбе индустриялық аймағы» басқарушы компаниясы» ЖШС директорының міндетін атқарушы М.Аққағазовқа жолығып, бірер сауал қойған едік.
Бағдарламалар • 15 Қаңтар, 2018
Жолдау – дамудың жаңа доктринасы
Елбасы – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың биылғы Жолдауы Қазақстанның бұдан былайғы дамуының жаңа тұжырымдамасының доктринасы іспетті болып отыр.
Президент • 15 Қаңтар, 2018
«Тәуелсіздік дәуірі» – жылдар жүгін арқалаған туынды
Елбасының «Тәуелсіздік дәуірі» атты еңбегі еліміздің өткен жылдарда бастан кешкен тарихын жүйелі баяндайтын, елде өрістеген аса күрделі процестерді терең талдайтын сонымен қоса алдағы күндерге артылатын міндеттерді саралап ашуымен де құнды еңбек дейміз. Сөз басында Президент: «Бұл кітап менің ұлы қолдаушым, кемел келешегіне өзінің қазақстандық жолымен қарыштаған жасампаз халқыма арналады» деп кітаптың мазмұнын айқындап береді.
Бағдарламалар • 15 Қаңтар, 2018
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында ұлттың рухани дамуының жаңа бір бағыт-бағдарын айқындап беріп, Қазақ елінің алдында тағы бір үлкен жауапты міндет тұрғандығын атап өтті. Иә, осыған орай ұлттық сананы айшықтайтын, жаңа рухани қоғам қалыптастыратын, рухы биік, санасы жаңашыл, ұлттық рухта тәрбиеленген, ұлтжанды, отансүйгіш өскелең ұрпақ қажет екендігі айдан-анық.
Қазақстан • 15 Қаңтар, 2018
Демократиялық күштердің «Қазақстан-2050» жалпыұлттық коалициясының Үндеуі
Қазақстан • 15 Қаңтар, 2018
«Тәуелсіздік дәуірі» – жасампаздық шежіресі
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» деп аталатын жаңа кітабы – бұл, әрине мемлекеттілікті қалыптастыруда іргелі өзгерістер орын алған тәуелсіз дамудың 26 жылына деген авторлық көзқарас. Автордың өзі атап көрсеткендей, «Мемлекет құру – аса күрделі жасампаз процесс». Кітап қазірдің өзінде тарихи публицистика ретінде оқырмандар тарапынан ең жоғары баға алып үлгерді. Ол біздің неден бастап, қай жерге келгеніміз, қайда бағыт алып бара жатқанымыз жөнінде көптеген сұраққа жауап береді.
Қазақстан • 15 Қаңтар, 2018
Жолдау жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
Астанада «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауына қолдау білдіру мақсатында Демократиялық күштердің «Қазақстан-2050» жалпыұлттық коалициясының кезекті отырысын өткізді.
Жекешелендіру жөн-жосықсыз жасалмасын
Мәжілістегі «Ақ жол» демократиялық партиясының фракциясы өткен жылдың қазан айында Премьер-Министрдің орынбасары Ерболат Досаевқа депутаттық сауал жолдап, онда денсаулық сақтау нысандарын жекешеге сатудың нақты шарттары бар бағдарлама әзірлеп алмай тоқтата тұру керек екенін өтінгенбіз. Біз асығыс жекешелендірудің кесірінен мемлекет тиісті деңгейде нақты табыс ала алмайтынын, сонымен бірге нысанның өзі де қосымша инвестиция тарта алмайтынын ескерткенбіз.
Қазақстан • 15 Қаңтар, 2018
Ордабасы ауданының орталығы Темірландағы Қажымұқан музейіндегі құнды жәдігерлердің әрқайсысының өзіндік тарихы бар. Бірқатар жәдігерлер музейге бертініректе тапсырылған. Сондай бірегей жәдігерлердің бірі – күмістен жасалған лағыл тасты әшекейлермен көмкерілген белдік.
Футбол • 15 Қаңтар, 2018
Өзі туып-өскен ауданының футболын, футболын ғана емес, спортын биік белеске көтерген, әлі де осы салада тынбай тер төгіп келе жатқан Секен Бодаевқа жерлестері осындай ат беріпті. Бұл атты нақты қашан алғаны кейіпкеріміздің есінде жоқ. Сірә, құйындай құйғытып, тастақ жердің опыр-топырын шығарып, көз ілеспес жылдамдығымен талайды тамсандырған бозбала шағында алса керек.
Әлем • 15 Қаңтар, 2018
Күн тәртібіндегі абсолютті басымдық
Өркениеттің өріне шыққан ХХІ ғасырда мемлекеттер қантөгісті соғыстан бас тартып, кикілжіңдер мен келіспеушіліктер тек диалог үстелінің басында шешілуге тиісті екенін барлық елдердің көшбасшылары мойындауға тиіс еді. Керіс тым тереңге тартып, келісу еш мүмкін болмаған жағдайда тек экономикалық санкциялар арқылы ғана қысым жасауға болатынына әлемдік көшбасшылардың көзі жетіп, қазір сондай әрекеттер белсенді түрде іске асырылып отыр.
Қазақстан • 15 Қаңтар, 2018
Тұрғын үй бағасы тұрақтанды ма?
Осыдан жеті-сегіз жыл бұрынғы Астанадағы тұрғын үйлер бағасы шарықтап тұрған кез. Үш бөлмелі қалыпты ғана пәтерлер 180-200 мың доллардың құнына сатылып жатты. Ал жаңадан салынған элиталық тұрғын үйлердегі пәтерлердің әр шаршы метрі 4000 мың долларға дейін бағаланды. Демек, мұндай бизнес-кластық 100 шаршы метрлік пәтердің құны 400 мың долларға дейін жетіп, тіпті одан да жоғары бағаға өз иелерін тауып жатты.
Қазақстан • 15 Қаңтар, 2018
«Айтылған сөз – атылған оқ» деген халықпыз. Ал сол оқ нысанаға дөп тисе, «мірдің оғындай», «ондыққа тиді» деп жататынымыз тағы бар. Елбасымыздың халыққа биылғы Жолдауы діттеген мақсат-тілегіміздің үдесінен шықты, алға тартылған он міндет көздеген ондықтың тап өзі екені күмәнсіз.
Президент • 15 Қаңтар, 2018
Қазақстанның төрағалығына әлем үлкен үмітпен қарайды
Орталық коммуникациялар қызметінде Сыртқы істер министрлігінің ұйымдастыруымен БҰҰ Бас хатшысының саяси мәселелер жөніндегі көмекшісі Мирослав Енчамен онлайн конференция өтті.
Қазақстанның жаһандық қауіпсіздік бастамалары
Еліміз егемендіктің бастапқы кезінде-ақ өңірлік және жаһандық қауіпсіздік Қазақстанның сыртқы саясатының негізгі басымдықтарының бірі болатынын төрткүл дүниеге жария еткен еді. Содан бері еліміз халықаралық аренада сол бағытты берік ұстанып, оны белсенді түрде жүзеге асырып келеді.
Жарнамаланғанның бәрі жақсы ма?
Әрине, жарнама – әрқашан өндіріс пен бизнестің қозғаушы күші болып келе жатқанына ешкім дау айта алмас.
Президент • 15 Қаңтар, 2018
Сыртқы саясаттағы стратегиялық бағыт
Егемен еліміздің ширек ғасыр бойы ұстанып келе жатқан көпвекторлы сыртқы саясатының ең басым бағыттарының бірі – Америка Құрама Штаттары. Бұлай деуге екі ел арасында қалыптасқан стратегиялық қарым-қатынастардың сипаты толық мүмкіндік береді.
Аймақтар • 14 Қаңтар, 2018
Батырлар мен ғашықтардың елі Аягөз ауданында қасиетті жұма күні ғибраты мол өзгеше той өтті. Өзгешелігі сол, бұл той әдеттегідей мейрамханада немесе дәмханада емес, аудандық әлеуметтік көмек көрсету орталығында өтіп, қос мүмкіндігі шектеулі азамат Темірлан мен Мәдинаның ақ некесі өздерін тәрбиелеген, әлі де қамқорлық танытып келе жатқан шаңырақтың төрінде қиылды.
Қаржы • 14 Қаңтар, 2018
Қазақстанның алтын валюта қоры 88,8 млрд долларды құрады
Ұлттық банктің және Ұлттық қордың жалпы резервтерін қоса есептегендегі алтын валюта резервтері 2017 жылғы желтоқсандағы көрсеткіш бойынша 88,8 млрд АҚШ долларын құрады, деп хабарлайды Kapital.kz.
Қазақстан • 14 Қаңтар, 2018
Ұлттық қорға түсетін табыс шамамен 80% өсті
2017 жылы Ұлттық қорға 2 трлн теңгеден астам төлемдер түсті, деп хабарлайды LS сайты.
Қазақстан • 14 Қаңтар, 2018
Ақтөбедегі ХҚКО-да Димаш Құдайбергенге құрмет көрсетілді
Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенді Ақтөбедегі ХҚКО-дағылар гүлмен қарсы алды. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының қоғаммен байланыс департаментінің директоры Мұрат Жұманбай суреттерді Facebook желісінде жариялады.
Аймақтар • 14 Қаңтар, 2018
Қарағанды облысының барлық мектептері робототехника зертханаларымен қамтамасыз етіледі
Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов білім беру робототехникасын дамыту бойынша жұмысты жалғастыруды тапсырды, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Аймақтар • 13 Қаңтар, 2018
Қарағанды облысында 800 шақырым жол жөнделеді
Қарағанды облысы аумағында ұзындығы 800 шақырым болатын автокөлік жолдарын жөндеу жоспарға енді. Бұл жұмыстарға 39 млрд теңгеден астам қаржы қарастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстан • 13 Қаңтар, 2018
Қазақстанда орташа жалақы 168 мың теңге болды
2017 жылы желтоқсан айында жұмыссыз жүрген адамдардың саны 441,8 мың адамды құрады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті.
Қазақстан • 13 Қаңтар, 2018
Н.Назарбаев пен Буштың кездесуінде түсірілген видео жарияланды
Ақорда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 1992 жылы АҚШ-қа сапарында түсірілген видеоның үзіндісін жариялады
Қазақстан • 13 Қаңтар, 2018
Қазақстанда құқықтық ақпараттың бірыңғай жүйесі енгізілді
Қазақстанда Бірыңғай құқықтық ақпарат жүйесі енгізілді, деп хабарлайды Әділет министрлігі.
Қазақстан • 13 Қаңтар, 2018
Қазақстанда қолайсыз ауа райына байланысты 30 адам көшірілді
Қазақстанда қолайсыз ауа райына байланысты 30 адам қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖК.
Аймақтар • 13 Қаңтар, 2018
Биыл ШҚО-ның үш ауданында жаңа мектептер салынады
Биыл Шығыс Қазақстан облысында бес әлеуметтік-мәдени нысан пайдалануға беріледі. Бүгінде Өскемендегі Ахат Күленов кентінде орналасқан ғимаратты бір ауысымда 212 адамға қызмет көрсететін емханаға айналдыру бойынша қайта жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.
Қазақстан • 13 Қаңтар, 2018
Қазақстанда 2017 жылы ет өндірісі 9,7% артқан
Қазақстанда ет өндіру көлемі 2017 жылдың қаңтар мен желтоқсан аралығында 241 771 тоннаны құрады, бұл 2016 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 9,7% көп, деп хабарлайды Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті.
Қазақстан • 13 Қаңтар, 2018
Қазақстанның ЕАЭО елдерімен тауар айналымы 28% өсті
Алдын ала мәліметтер бойынша, Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерімен өзара сауда көлемі 2017 жылдың қаңтар-қарашасында қаржы эквивалентімен алғанда 15 599,2 млн долларды құрады. Бұл 2016 жылғы сәйкес мерзімдегі көрсеткіштермен салыстырғанда 28 пайызға көп, деп хабарлайды Ұлттық эконмика министрлігінің Статистика комитеті.