Экономика • 30 Қаңтар, 2018

Экономиканы нығайтудың тиімді бағыттары

265 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Экономиканы нығайтудың тиімді бағыттары

– Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев биылғы 10 қаңтарда жариялаған Жолдауы арқылы ел алдында тұрған нақты он міндетті айқындап қана қоймай, тәуелсіздіктің 25 жылын табысты өткерген Қазақстанның алдағы уақытта халықаралық және аймақтағы саяси және экономикалық орнын нығайта түсуді қамтамасыз ететін даму бағыттарын атап көрсетті. 

Пре­зидент Жолдауында көрсетілген міндеттердің әрқайсысы жүзеге асырылуы тиіс жұмыстардың үлкен ауқымын білдіреді. Ел дамуы үшін бұл міндеттердің барлығы үйлестіріле отырып атқарылғаны жөн. Жолдауда айтылған басымдықтардың үдесінен шығу үшін барлық тиісті орындар өздеріне жүктелген міндеттерді белсенділікпен атқарса, құба-құп. Бұл Жолдауда көрсетілген мақсаттарға қол жеткізудің негізгі жолы болып табылады. 

Франтишек МАСОПУСТ, 
Чехияның ТМД елдері жөніндегі сауда-өнеркәсіптік палатасының басқарма төрағасы