би
Экология • 28 Қазан, 2021
Ақмолада 273 қарағай қазып алған браконьерлер ұсталды
Ақмола облысында браконьерлер 273 жас қарағай қазып алған, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Бокс • 27 Қазан, 2021
Алғашқы жеңіліс: Бек Нұрмағанбет доданы аяқтады
Бокстан Сербия астанасы Белград қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында 86 килограмм салмақ дәрежесінде рингке көтерілген Бек Нұрмағанбет жарысты аяқтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 27 Қазан, 2021
Бурабайда сілеусін фототұзаққа түсті
«Бурабай» ұлттық паркі үлкен мысықтар отбасының жаңа бейнелерін көрсетті. Кадрларда екі марғауын ертіп, серуендеуге шыққан сілеусінді көруге болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бизнес • 27 Қазан, 2021
Мажарстан Қазақстанда бірқатар жобаларды жүзеге асыруға дайын
Мажарстан Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі Михай Варганың Қазақстанға сапары аясында өткен Қазақстан-Венгрия инвестициялық бизнес-форумында инвестициялық мүмкіндіктер, сондай-ақ ынтымақтастықтың артықшылықтары мен сауда-экономикалық әріптестікті одан әрі ілгерілетудің перспективалары таныстырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 27 Қазан, 2021
Қазақ әдебиетін оқыту бағдарламасы өзгереді
Орта білім беру деңгейіндегі «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті» және қазақ тілінен басқа тілде оқытатын сыныптарға арналған оқу бағдарламаларына тиісті өзгерістер енгізілетін болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Кино • 27 Қазан, 2021
Әр көрерменнің жүрегінде – өз Мұқағалиі бар. Бұл фильм – ақын өмірін зертеудің соңы емес. Осы тақырыпқа қызыққан кез келген режиссер келешекте Мұқағалиді жаңаша қырынан ашып көрсетуге мүмкіндігі бар.
Бокс • 27 Қазан, 2021
Сәкен Бибосынов: Сербияға алтын алуға келдім!
Бокстан Сербия астанасы Белград қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатын қазақстандық боксшылар сәтті бастағаны белгілі. Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Сәкен Бибосынов та бірінші кездесуінде Рио-де-Жанейро Олимпиадасының чемпионы, өзбекстандық Хасанбай Дусматовты жарыс жолынан ығыстырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 26 Қазан, 2021
Сәбиі шетінеген аналарға сүйеу болмақ
Әрдайым жауапты мекемелер босану үстінде көз жұматын аналардың өлімін азайту үшін нақты қадамдарға барып, отбасын жоспарлау кабинеттері жұмысының тиімділігін арттыру үшін әрекет жасап жатады. Дегенмен бұл мақсатқа жету, жүйені өзгерту – күш жұмылдыруды, қолға алынған шараларды жетілдіруді талап етеді.
Бизнес • 26 Қазан, 2021
Қазақстанда MBA бағдарламасын VR форматында оқуға болады
Елордада КАЗГЮУ бизнес-мектебнің базасында жүзеге асатын МВА бағдарламаларының презентациясы өтті, деп хабалайды Egemen.kz.
Хоккей • 26 Қазан, 2021
ҚХЛ: «Барыс» бүгін Ресейде «Сибирьмен» кездеседі
«Барыс» бүгін Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде «Сибирь» (Новосібір) командасымен өткізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 25 Қазан, 2021
Елордада Армин Вамбериге арналған конференция өтеді
Мажарстанның Қазақстан Республикасындағы елшілігі, Халықаралық Түркі Академиясы және Назарбаев Университеті 2021 жылдың 27 қазанында Қазақстан Республикасының Ұлттық Академиялық кітапханасында көрнекті мажар түркологы Армин Вамбериге арналған конференция мен көрменің ашылу рәсімін өткізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 25 Қазан, 2021
Үндістанда толассыз жауған қардан 11 адам қаза тапты
Үндістан тауларында қатты қар мен қолайсыз ауа райы салдарынан кем дегенде 11 адам қайтыс болды. Оның ішінде туристер, тасушылар және гидтер бар. Жоғалған адамдарды іздеу жалғасып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Кино • 24 Қазан, 2021
Тұңғиығына тартқан тұрлаусыз көрініс
Кейінгі апталарда жастар арасында қызу талқыланып жүрген тақырып – оңтүстіккореялық «Кальмар ойыны» (Squid Game) дорамасы. Әлеуметтік желілерде жүйені, сыбайлас жемқорлықты осы хикаяның кадрлары арқылы келемеждеп, түрлі жағдайды сипаттайтын «мемдер» тарап та үлгерді.
Руханият • 24 Қазан, 2021
Ассалаумағалейкүм, айналайын іні-досым Сауытбек! Сізге арналған хұсни хатымды Хатжазған жартасының астындағы аршаның ығынан жазып отырмын. Өзіңіз білетін Таупістелі ауылының Қаратау жақ биігіндегі Бозторғай асуының оң қапталы ғой. Хатжазған жартасындағы таңбалар бертінгі ғасырларда өшіп, көрінбей кеткен. Әлдекімдер ерігіп те, еліріп те қиратқан деседі. Анда-санда осынау Хатжазғанның астындағы аршаның түбінде хат жазып отырып, шыбын жанына шипа тілейді мына жаман ағаңыз.
Спорт • 24 Қазан, 2021
Сербияда өтетін Әлем чемпионатына кімдер аттанады?
Сербия астанасы Белградта бокстан өтетін əлем чемпионатына Қазақстан атынан кімдер өнер көрсететіні анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Білім • 23 Қазан, 2021
Балабақшаларда баланы дамытудың жаңа моделі енгізіледі
2025 жылға қарай барлық мектепке дейінгі ұйымдарда бала дамуының жаңа моделі енгізілетін болады. Оқыту принципі ойын арқылы жүргізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 21 Қазан, 2021
Үндістанда нөсер жауыннан қаза тапқандар саны 50-ден асты
Үндістанның солтүстігіндегі Уттаранчал штатында нөсер жаңбыр мен көшкін салдарынан құрбан болғандардың саны 52-ден асты деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 20 Қазан, 2021
Үндістанда су тасқынынан 40-тан астам тұрғын қаза тапты
Үндістанда су тасқыны мен қатты көшкін салдарынан 40-тан астам адам қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әдебиет • 19 Қазан, 2021
Архат пен Құндызды ауылына болыстық еткен Әбен қажы ұлды боларын түсінде көріп, «балам тар заманда өмір сүреді, алайда ақыл-парасаты биік тұлға болады» деп жорыпты. Көреген кісі ғой. 1901 жылдың көктемінде Құндызды ауылындағы Әбеннің Ақтасы деген жерде сәби іңгәсі естіледі. Әкесі құдайға шүкір етіп, есімін Мұхамедшүкір қояды. Айтқанындай, Шәкір ақын – алмағайып заманда жұрттың жоғын жоқтап, мұңын мұңдаған тұлға еді.
Аймақтар • 19 Қазан, 2021
Қоқыс жәшігінен табылған сәбидің анасы ұсталды
Шымкентте сәбиді қоқыс контейнеріне тастаған ана табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 18 Қазан, 2021
Сенат Спикері Сауд Арабиясы Консультативтік Кеңесінің Төрағасымен кездесті
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаев Қазақстанға ресми сапармен келген Сауд Арабиясы Корольдігі Консультативтік Кеңесінің Төрағасы Абдалла бен Мұхаммад бен Ибрахим Әл Аш-Шейхпен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 18 Қазан, 2021
Регбиден Қазақстан ерлер құрамасы БАӘ командасын жеңді
Регбиден Қазақстан ерлер командасы бірлескен оқу-жаттығу жиындары аясында БАӘ құрамасымен жолдастық кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Аймақтар • 18 Қазан, 2021
Шымкентте қоқыс арасынан сәбидің денесі табылды
Шымкентте қоқыс жәшігінен өлі сәби табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 17 Қазан, 2021
«Талибан» өкілдері өзбек билігімен келісімге келді
Өзбекстан мен Ауғанстан өкілдері 16 қазанда Термезде (Өзбекстанның Ауғанстанмен шекарадағы Сурхандарья облысының орталығы) өтті. Өзбекстан сыртқы істер министрлігінің сайтында тараптар электр желілері мен теміржол құрылысының бірлескен жобасын іске асыру туралы келісімге қол жеткізді деп хабарланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 16 Қазан, 2021
Қытай екінші пилоттық кемесін ғарышқа ұшырды
Қытайдың Шэньчжоу-13» пилоттық кемесі «Тяньхэ» ғарыш стансасының модулімен түйісті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 15 Қазан, 2021
Биткоиннің құны 60 мың доллардан асты
Биткоиннің құны 4%-ға өсіп, 60 мың доллар белгісінен асып кетті, сәуір айынан бастап алғаш рет тарихи рекорд орнатылды, деп хабарлайды Egemen.kz РИА Новостиге сілтеме жасай отырып.
Аймақтар • 15 Қазан, 2021
Балабақшада баланы жертөлеге қамап қойған тәрбиеші кешірім сұрады
Түркістан облысы Сарыағаш ауданына қарасты Құркелес ауылдық округіндегі «Ақ көгершін» балабақшасының тәрбиешісі 5 жасар баланы жертөлеге қамап қойған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бизнес • 15 Қазан, 2021
Қырғызстан АХҚО мүмкіндіктерін пайдалануға ниетті
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровтың «Астана» халықаралық қаржы орталығы алаңын пайдалану туралы келісімін жүзеге асыру мақсатында Қырғыз Республикасының ірі қаржы ұйымдары мен институттарының 20 жетекшісінен тұратын бизнес-делегация АХҚО-ға келді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ғылым • 14 Қазан, 2021
Әл-Фараби атындағы мемсыйлықты беру жөніндегі комиссияның отырысы өтті
Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасының ғылым мен техника саласындағы әл-Фараби атындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның қорытынды отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан • 14 Қазан, 2021
Батыс Қазақстанда жаңа табиғи қорық құрылады
«Республикалық маңызы бар Ащыөзек мемлекеттік табиғи қаумалын және «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесін құру туралы» Үкімет қаулысының жобасы дайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.