ат
Қоғам • 14 Сәуір, 2021
Қазақстанда кинотеатрлар мен караокелер қайта ашылады
Қазақстанның бас мемлекеттік санитария дәрігері Ерлан Қиясовтың Ashyq жобасы туралы жаңа қаулысы шықты. Онда «Ashyq» пилоттық жобасын қолдану арқылы театрлар мен караокелердің, банкет залдарының қайта жұмыс істеуіне рұқсат берілген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 13 Сәуір, 2021
ЕАЭО тауарларының бірыңғай тізіміне енбеген өнімдерді реттеу мәселелері талқыланды
Сенатта «Талаптары Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінде белгіленбеген өнімнің Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде айналым тәртібі туралы келісімді және қауіпсіздікті қамтамасыз ету ережелерін ратификациялау туралы» заң жобасын талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 13 Сәуір, 2021
Жамбыл облысы әкімдігінің цифрландыру басқармасының басшысы тағайындалды
Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Байқазақов Архат Қайратұлы Жамбыл облысы әкімдігінің цифрландыру басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 13 Сәуір, 2021
Алматыда троллейбустан өрт шықты
«Алматыэлектротранс» ЖШС-нің мәліметінше, оқиға 12 сәуір күні Тимирязев пен Әуезов көшелерінің қиылысында болған. Троллейбустың байланыс сымы үзіліп, өрт шыққан, деп хабарлайды Egemen.kz
Теннис • 12 Сәуір, 2021
Қазақстандық теннисшілер Хорватиядағы турнирдің жеңімпазы атанды
Қазақстандық Александр Недовесов пен Андрей Голубев жұптық сында Хорватиядағы Сплит челленджер турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 10 Сәуір, 2021
Батыс Қазақстандағы Бөрлі ауылында карантин шаралары күшейтілді
Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының бас мемлекеттік санитар дәрігерінің міндетін атқарушы Аягөз Хайруллинаның 10 сәуірдегі қаулысы шықты, деп хабарлайды Egemen.kz облықтың әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 10 Сәуір, 2021
Динара Сәдуақасова турнирге қатысудан не себепті бас тартқанын айтты
Қазақстандық гроссмейстер Динара Сәдуақасова Fаcebook-тегі парақшасында интернеттің нашар ұстауынан Polar Challenge халықаралық турниріне қатысуды тоқтатқанын жазды, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 09 Сәуір, 2021
М.Әйтенов: Халыққа вакцина егудің маңыздылығын қарқынды насихаттау керек
Шымкент қаласында пандемияға байланысты құрылған жедел штабтың кезекті отырысында COVID-19-ға қарсы іс-қимылдың нәтижелері, вакциналау, тағы басқа мәселелер талқыға түсті, деп хабарлайды Egemen.kz
Руханият • 09 Сәуір, 2021
Қабдеш Жұмаділовтің соңғы сұхбаты эфирге шығады
«Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, Халық жазушысы Қабдеш Жұмаділовтің 85 жас мерейтойына орай түсірген, алайда қаламгердің өзі көріп үлгермеген соңғы сұхбатын ұсынады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Коронавирус • 09 Сәуір, 2021
Алматыда карантин күшейтіле ме?
Алматы қаласы санитарлық-эпидемиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова коронавирус жұқтырғандар санының көбеюіне байланысты Алматыда карантин шаралары күшейтіле ме деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 09 Сәуір, 2021
Алматы полициясы мылтықтан оқ атқандарға қатысты түсініктеме берді
Алматыда жол талғамайтын көлік терезесінен қару шығарып оқ атқан ер адамдардың видеосы әлеуметтік желілерде тарап жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Парламент • 09 Сәуір, 2021
Сенатта ветеринария саласындағы мәселелер талқыланды
Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің мүшелері Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшылығымен кездесуде ветеринария және кадр даярлау саласындағы проблемаларды талқылады. Атап айтқанда, мал дәрігерлерін даярлау сапасы, олардың жалақысының төмендігі, ветеринарлық станциялардың материалдық-техникалық жабдықталуы сөз болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 09 Сәуір, 2021
Президент Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау бөлімінің меңгерушісі тағайындалды
Қанатбек Жайсаңбаев Президент Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 09 Сәуір, 2021
Аида Балаева азаматтарға жеке қабылдау өткізді
Бүгін Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева «Nur Otan» партиясының республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде жеке қабылдауына жазылған азаматтарды қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 09 Сәуір, 2021
Севара Нишанбаева Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды
Бішкекте өткен дзюдодан Азия чемпионатында шымкенттік спортшы қола жүлде жеңіп алды. Әйелдер арасында 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Севара Нишанбаева үшінші орынға ие болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 08 Сәуір, 2021
16 перзент әкелген батыр ана: «Әр баланың өз несібесі бар»
Ақ қашып, қызыл қуған аласапыранда ұрпағының қамы үшін тау асып, тас басып, төрткүл дүниеге тарыдай шашылып кеткен ағайынның атажұртқа оралуы – тілмен айтып сипаттауға келе бермейтін, ақ түйенің қарны жарылған зор қуаныш. Елге ел қосылып, құтымыз артты, санамызда жұқанасы қалған салт-дәстүріміз қайта жаңғырды.
Президент • 08 Сәуір, 2021
Президент қазақстандық ғалымдарға қолдау көрсетуде - Асхат Аймағамбетов
Мемлекет басшысы Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтын және отандық QazVaс (QazCovid-in) вакцинасын әзірлеген ғалымдарға қолдау көрсетіп жатыр. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Орталық коммуникациялар қызметі ақпараттық алаңында өткен брифингте айтты, деп хабарлайды Egemen.kz БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 08 Сәуір, 2021
Алматы ауыр машина зауыты қайта жаңғырады
«Алматы ауыр машина зауыты» АҚ басшылығы инвесторлармен және қала басшылығымен бірге зауытты Алматы қаласының орталығынан көшіріп, кәсіпорынның бұрынғы аумағын жандандыру туралы шешім қабылдады, деп жазады Egemen.kz. Бұл туралы компанияның сайтында жарияланған хабарламада айтылған.
Парламент • 08 Сәуір, 2021
Сенаторлар туризмді дамытуға тың серпін беретін заң қабылдады
Енді туристік әлеуеті жоғары аумақтарда нысандар салатын кәсіпкерлер үшін инвестициялық жеңілдіктер қарастырылады. Ондай жерлерге ерекше қарқынмен дамып келе жатқан және туристификация картасында республикалық деңгейдегі нысандар тізіміне енгізілген арнайы аймақтар жатады. Мұндай жаңа норма бүгін сенаторлар қабылдаған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне туристік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңда жазылған, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Медицина • 08 Сәуір, 2021
Атеросклероздың алдын алуға болады – Кардиолог дәрігер
Атеросклероз – созылмалы өршіп отыратын, артерияларды зақымдайтын аурудың түрі. Олардың қабырғаларына майға ұқсас заттар, ең алдымен холестерин кіреді. Біртіндеп май мен холестериннен тұратын атеросклеротикалық бляшкалар пайда болады. Атеросклеротикалық бляшкалар артерия саңылауларын бітейді. Артериялардың саңылаулары тарыла бастайды да, ол арқылы қан аз жүріп тіндері оттегі мен қоректік заттарды аз қабылдайды.
Аймақтар • 07 Сәуір, 2021
Алматының Медеу ауданында көшкін жүрді
Алматы қаласының Медеу ауданында көшкін жүрді, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 07 Сәуір, 2021
Алматы облысында көпбалалы ана 14-ші сәбиін өмірге әкелді
Алматы облысы Кербұлақ ауданына қарасты Сарыөзек ауылында көпбалалы «Батыр ана» Гүлнәз Жеңісбайқызы 14-ші сәбиін өмірге әкелді, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 07 Сәуір, 2021
Атырауда халықаралық іздеуде жүрген 3 қылмыскер ұсталды
Атырау қаласы аумағында 17-18 наурыз аралығында «Іздестіру» бірлескен операциясы аясында халықаралық іздеуде жүрген үш азамат ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Ғылым • 07 Сәуір, 2021
Айжан Сқақова: Ғылымның деңгейі құлдырап барады
ХП фракциясының мүшесі Айжан Сқақова өзінің депутаттық сауалында қазақстандық ғылым Парагвай мен Камбоджадағы ғылым секілді қаржыландырылатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 07 Сәуір, 2021
Елордадағы бірнеше мектепке «Алаш» қайраткерлерінің есімі беріледі
Елорданың бірқатар мектебіне «Алаш» қайраткерлерінің есімдері берілмек. Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының сауалына Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың жауабында айтылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 07 Сәуір, 2021
Нығматулин: Шетелдіктерге ауыл шаруашылығы жерлерін сатуға тыйым салынады
Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында жер қатынастары мәселелеріне қатысты заң жобасы I оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды Egemen.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кино • 06 Сәуір, 2021
Кинотеатрлар коронавирус құрбанына айналды
Былтыр елімізде 368 кинозалы бар 102 кинотеатр қызмет көрсеткен еді. Биыл іске қосылған 89 кинотеатрдың жұмысы енді жандана бастады ма дегенімізде, карантин шектеулері қайта килікті. Кинокөрсетілім нарығының ең ірі сегменті саналатын Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларындағы 31 кинотеатр жұмысын тоқтатты. Осы ретте Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы басқармасы төрағасының кеңесшісі Бауыржан Шүкенов Қазақстандағы кинотеатрлардың қазіргі жағдайынан хабардар ететін бірқатар деректі атап көрсетті. Оның айтуынша, кинотеатрлар – коронавирустың құрбанына айналды, бірақ оны құтқаруға ешкім құлықты емес.
Әдебиет • 06 Сәуір, 2021
Аты аңызға айналған Аттила туралы кітаптың тұсаукесері өтті
Бүгін Халықаралық Түркі академиясы Мажарстан және Қазақстан Сыртқы істер министрлерінің қатысуымен аты аңызға айталған ғұн әміршісі Аттила туралы «The Lord of Europe Attila» (Еуропа әміршісі Атилла) атты ғылыми еңбекті таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz академияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Коронавирус • 06 Сәуір, 2021
Алматыда тағы 585 адам індет жұқтырды
Коронавирустық инфекцияның таралуы туралы соңғы мәліметтерге сәйкес, 2021 жылдың 5 сәуір күні жағдай бойынша коронавирустық инфекцияның 585 жаңа жағдайы тіркелді, оның 490-ы симптомдық белгілері бар және 95-і симптомсыз.Емделгендер саны – 29 096 (+570).
Парламент • 06 Сәуір, 2021
Сенат Төрағасы Жапония елшісімен кездесті
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Жапонияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Тацухико Касаимен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.