Ақ
Қазақстан • 16 Маусым, 2020
Қазақстанның халық саны 18 млн-нан асты
2020 жылғы 1 мамырға еліміздегі халық саны 18711,2 мың адамды құрады, оның ішінде қалалықтар – 11004,5 мың (58,8%), ауылдықтар –7706,7 мың адамды (41,2%) құрады. Бұл туралы Статистика комитеті хабарлады, - деп жазады Egemen.kz
Коронавирус • 16 Маусым, 2020
Ақмола облысында коронавирус жұқтырған тағы 10 адам анықталды
Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия Ақмола облысында тағы 10 адамның коронавирус жұқтырғанын мәлім етті, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 16 Маусым, 2020
"Міндетті екпе: Қолдаушылар мен қарсы болушылар" атты кездесу өтеді
16 маусым күні сағат 15.00-де "Міндетті екпе: Қолдаушылар мен қарсы болушылар" атты кездесу өтеді. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің баспасөз қызметі Telegram арнасында хабарлады, - деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 16 Маусым, 2020
Ақмолада "Жас маман" жобасы іске асырылуда
Облыс бойынша "Жас маман" жобасына іріктеліп алынған 5 оқу орнының бірі Шағалалы елді мекеніндегі жоғары агротехникалық колледжі, деп жазады Egemen.kz
Әлем • 16 Маусым, 2020
Әлемде COVID-19 жұқтырғандар саны 8 млн-нан асты
16 маусымда Johns Hopkins University (JHU) ұсынған мәлімет бойынша вирус жұқтырғандар саны - 8 015 502, өлім саны - 436 319, айыққандар саны - 3 843 843 адам болды, - деп жазады Egemen.kz
Коронавирус • 16 Маусым, 2020
Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 15 000-нан асты
Қазақстандағы 2020 жылғы 15 маусымдағы эпидемиологиялық ахуал бойынша өткен тәулікте коронавирус инфекциясының ауру белгілері байқалатын 383 адам тіркелді (өсім қарқыны – 2,6%), - деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 15 Маусым, 2020
Бақыт Сұлтановтың халықпен есептік кездесуі кейінге ауыстырылды
Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың халықпен есептік кездесуі 24 маусымға ауыстырылды, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
Аймақтар • 15 Маусым, 2020
СҚО-да заңсыз арақ-шарап сатушы анықталды
СҚО Мамлют қаласының тұрғыны өз үйінен алкоголь өнімдерін заңсыз сатып келген. Ол аудандық полицияның "Құқықтықтық тәртіп" жедел-профилактикалық шарасының барысында анықтылды. Тексеріс барысында оның қорасынан 200 литрге жуық алкоголь өнімдері алынды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 15 Маусым, 2020
Коронавирус себебінен жол-көлік оқиғалары азайған
"QazAvtoJol" ҰК" АҚ-да бейне байланыс арқылы өткен ведомствоаралық мәжіліс барысында республикалық маңызы бар жолдардағы қауіпсіздік мәселесі талқыланды, деп хабарлады ИИДМ баспасөз қызметі.
Медицина • 15 Маусым, 2020
Қазақстанның барлық өңірінде "Белсенді ұзақ өмір" орталықтары ашылады
Мұндай орталықтардың ашылуы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі дайындаған "Белсенді ұзақ өмір" Ұлттық жоспарында көзделген, деп хабарлайды ЕХӘҚМ баспасөз қызметі.
Видео • 15 Маусым, 2020
Әлем бойынша COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 7 934 277 адамға жетті
АҚШ-та 2 094 069 адам індет жұқтырған. Бразилияда 867 624 адам осы дертке шалдыққан. Тізімдегі үштікті 536 484 жұқтыру дерегі тіркелген Ресей түйіндеп тұр.
Қоғам • 15 Маусым, 2020
Премьер-Министр мінген тікұшақ апатты жағдайда Таразға қонды
Премьер-Министр Асқар Мамин мен Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбев мінген тікұшақтан шыққан ақауды арнайы комиссия тексереді. Бұл туралы "Қазавиаспас" АҚ қоғаммен байланыс бөлімі хабарлайды, - деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Маусым, 2020
Батыс Қазақстанда ахуал әлі тұрақсыз
Демалыс күндері Батыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 47 адам тіркелді. Өңір бойынша ауырғандардың жалпы саны 967-ге жетті. Облыстағы 12 ауданның 11-інде вирус жұқтырғандар бар, дегенмен аурудың 82 пайызы Орал қаласынан, деп жазады Egemen.kz
Қоғам • 15 Маусым, 2020
Көпбалалы аналар жыл басынан бері 93,9 млрд теңгеге жәрдемақы алды
2020 жылғы қаңтар-мамыр аралығында орта есеппен 387,2 мың отбасы 93,9 млрд теңгеге көпбалалы отбасыларға арналған мемлекеттік жәрдемақымен қамтылды, деп хабарлады ЕХӘҚМ баспасөз қызметі.
Қоғам • 15 Маусым, 2020
Бақытжан Сағынтаев мегаполисте жұмысқа орналасудың жүйесі туралы түсіндірді
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Алматыда жұмысқа орналасудың жүйесі туралы түсіндірді, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Маусым, 2020
Ақмолада карантин шаралары күшейтіледі
Оның басты себебі, облыс аумағында эпидемиологиялық жағдайдың күрделеніп кетуі. Соңғы 2 аптада пневманияның ауыр формасымен ауырғандар саны күрт көбейді. Бейқамдықтың, сақтанбаудың салдарынан науқастар саны 3,5 есеге көбейген, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Маусым, 2020
Бүгін кинотеатрлар, ойын орталықтар мен балабақшалар ашылмайды
Нұр-Сұлтанда Covid-19 жұқтыру қаупіне байланысты 15 маусымнан бастап кинотеатрлар, сауда ойын сауық орталықтары мен сауда үйлерінде орналасқан ойын орталықтары, балабақшалар ашылмайды. Балабақшаларда кезекші топтар ғана жұмысын жалғастыра береді. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
Аймақтар • 14 Маусым, 2020
Павлодар облысының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары талқыланды
Облыс басшысы Әбілқайыр Сқақовтың төрағалығымен өткен кеңесте төтенше жағдай режимі мен карантин шаралары Павлодар облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы мен бюджеттің игерілуіне қалай әсер еткені талқыланды, - деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Әлем • 14 Маусым, 2020
Қазақстандық әскерилер парадқа қатысу үшін Ресейге барды
Құрлық әскерлері бас қолбасшысының жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары генерал-майор Дәулет Оспанов бастаған Қазақстан Қарулы күштері Десанттық-шабуылдаушы әскери қызметшілерінің шерулік тобы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған әскери парадқа қатысу үшін Ресейге келді, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 13 Маусым, 2020
Әскери қаржылық және шаруашылық қызметті жүргізу реттелді
Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Қоғам • 13 Маусым, 2020
Ұлы Отан соғысының қатысушыларына жеке куәлік беру қағидасы өзгертілді
Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Экономика • 13 Маусым, 2020
Қазақстандықтар қолма-қол ақшаны аз пайдаланады
"Ұлттық банктің мәліметі бойынша, осы жылдың алғашқы төрт айында халық қолма-қол ақшасыз есеп айырысулар арқылы 8 трлн теңгеге жуық ақша жұмсаған", - деп хабарлайды Egemen.kz.
Коронавирус • 13 Маусым, 2020
Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 366 адам тіркелді
Қазақстандағы 2020 жылғы 12 маусымдағы эпидемиологиялық ахуал бойынша өткен тәулікте коронавирус инфекциясының ауру белгілері байқалатын 366 адам тіркелді (өсім қарқыны – 2,6%), - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 12 Маусым, 2020
Облыстың бас санитар дәрігері Нұрсұлу Беркімбаева эпидемиологиялық жағдайға байланысты жаңа қаулы шығарды, - деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 12 Маусым, 2020
Қарақұйрықты қорғауға балалар кірісті
Қарақұйрық – Маңғыстау түбегі мен Үстірт жонында индустриализация басталмай тұрып, яғни өткен ғасырдың ортасында, саны жүз мыңнан кем емес болған, ал қазір Қазақстанның Қызыл кітабына енген бөкеннің түрі. Ақтаудағы "Білім-Инновация" облыстық лицей базасында өткен қарақұйрықты сақтау үшін кейбір ауылдық мектеп оқушыларын тартуға бағытталған жобаны іске асыру бойынша жұмыс жоспарына сай өткен дөңгелек үстелде қарақұйрықтар мәселесі талқыланды, - деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 12 Маусым, 2020
Мақтааралда 120 мың тонна қарбыз-қауын ТМД елдеріне экспортталды
Түркістан өңірінде бір алқаптан 2-3 өнім алу жобасы өз нәтижесін беруде, - деп жазады Egemen.kz
Тарих • 12 Маусым, 2020
АҚШ-та жарық көретін "Нэйшнл джиографик мэгэзин" журналының 1954 жылғы 61-ші санында "Қазақтар азаттыққа қалай аттанды" дейтін мақала жарияланған. Оның авторы Милтон Дж. Кларк деген американдық азамат. Осы мақаламен бірге қазақтар өмірінен түсірілген түрлі-түсті суреттер де берілген. Бажайлап қарасаңыз, суреттерден нағыз қазақы тұрмысты, этнографиялық өмір салты аңғарасыз. Суреттер Пәкстанның Сринагар қаласынан 90 шақырым жерде биік таудың аңғарында түсірілген. Сонда бұл қазақтар кімдер?
Аймақтар • 12 Маусым, 2020
Келестік кәсіпкер қызанақтың қырық түрлі сортын өсіреді
Қызанақ десе ойыңызға алдымен қызыл түсті жемістің түсері анық. Ал Келес ауданында өсіріліп келе жатқан қызанақтың 40 түрінің 17-інің түсі басқалау екен. Біртілек ауылдық округінде 2011 жылдан бері жылыжай кешенімен айналысып келе жатқан "Нұржан" шаруа қожалығында қызанақтың "черри" сортынан 10 түрі, үлкен қызыл қызанақтың - 23, қызғылт сортынан 7 түрі бар, - деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 12 Маусым, 2020
Батыс Қазақстанда екі күнде екі бала терезеден құлады
Орал қаласында соңғы екі күнде – 10-11 маусымда көп қабатты тұрғын үйлердің терезесінен екі сәби құлап түсті, - деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 12 Маусым, 2020
Ақсай қаласында Батырхан Шүкеновтің муралы пайда болды
Танымал қазақ әншісі, әйгілі «А-студио» тобын құрушылардың бірі Батырхан Шүкеновтың құрметіне Батыс Қазақстан облысының Ақсай қаласында мурал пайда болды. Жеті қабатты үйдің қабырғасына салынған суретте әнші қолына саксофонын ұстаған күйде бейнеленген,- деп жазады Egemen.kz