Соңғы жаңалықтар
Қазақстан • 28 Желтоқсан, 2018
Спорт • 28 Желтоқсан, 2018
Ит жылы да спорттық сайыстарға толы болды. Жылдың басынан аяғына дейін Қазақстандық өрендер бірқатар маңызы зор кешенді жарыстарға, жекелеген спорт түрлері бойынша өткен әлемдік және құрлықтық деңгейдегі додаларға және басқа да толып жатқан халықаралық турнирлерге қатысты. Жерлестеріміздің жарқын жеңісіне құштарлана қол соғып, куаныш пен шаттыққа бөленген кездеріміз көп болды. Сонымен қатар жеңілістен жігеріміз жасып, көңіліміз құлазыған сәттер де жоқ емес.
Қазақстан • 28 Желтоқсан, 2018
Ел игілігін еселеген келісімдер
2018 жылы бірқатар алыс-жақын шетелдерге мемлекеттік, ресми және жұмыс сапарларының әрқайсысында Қазақстан Президенті еліміздің бүгіні мен ертеңіне қатысты маңызды келіссөздер өткізіп, олардың қорытындылары бойынша жүздеген келісімге қол қойылды.
Қазақстан • 28 Желтоқсан, 2018
Жыл қорытындысы: 80 заң қабылданды
Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен палатаның жалпы отырысында 2018 жылдың қорытындылары жарияланды. Сонымен қатар палатаның биылғы соңғы жалпы отырысында бірнеше заң қабылданды.
Қазақстан • 28 Желтоқсан, 2018
Елдің экономикалық дамуы оның саяси, қаржылық жүйелерін нығайтып, халықаралық алаңда таныла түсуіне мүмкіндік береді. Бүгінде жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшкен Қазақстанның межелі көрсеткіштері жақсарып, 2018 жылды жемісті аяқтап отыр. 2018 жылдың еншісіне енген басты оқиғалардың бірі – Астана қаржы орталығының ресми түрде өз жұмысын бастауы, «Индустрияландырудың екінші бесжылдығы аясында ашылған өндіріс ошақтары халықты жұмыспен қамтып, нарыққа отандық тауарлардың шығуына мүмкіндік беруде.
Қазақстан • 28 Желтоқсан, 2018
Әлемдік аренадағы айтулы қадамдар
Тарих қойнауына беттеген 2018 жыл көпвекторлы сыртқы саясат ұстанған еліміз үшін жемісті де жеңісті кезең болды. Елбасы Н.Назарбаев көшбасшылығымен Қазақстан өңірлік және жаһандық қауіпсіздікті нығайту жөніндегі халықаралық іс-қимылдарға белсене қатысып, барлық тараптағы қарым-қатынасын одан әрі нығайтты, осыған сай әлемдік қоғамдастық алдындағы беделі биіктей түсті.
Саясат • 27 Желтоқсан, 2018
Елбасы жыл қорытындысы бойынша еліміздің БАҚ өкілдерімен кездесті
Мемлекет басшысы жыл қорытындысы бойынша еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Саясат • 27 Желтоқсан, 2018
Елбасы Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті
Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысы бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңнамаларға қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Қазақстан • 27 Желтоқсан, 2018
Жаңалық ауылында репрессия құрбандарына музей ашылды
Алматы облысының Талғар ауданына қарасты Жаңалық ауылында саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған музей пайдалануға берілді.
Аймақтар • 27 Желтоқсан, 2018
Ақтауда «Нұр Отан» партиясы мемлекеттік бағдарламалар орындалуы туралы баяндады
Ақтау қаласында «Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық фракциясының кезекті отырысы өтті.
Қазақстан • 27 Желтоқсан, 2018
Қазақстанның қос спортшысы Грозныйда айқасады
26 қаңтарда Шешенстанның астанасы – Грозныйда ережесіз жекпе-жектен АСА (бұрыңғы АСВ) турнирі өтеді. Бұл жарыста Қазақстанның қос спортшысы күш сынасады.
Аймақтар • 27 Желтоқсан, 2018
ШҚО-да теміржол қызметкері «Еңбек даңқы» орденімен марапатталды
«Қазақстан темір жолы ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының «Семей магистральдық желі бөлімшесі» филиалы Серебрянка жол дистанциясының үстіңгі қабатының элементтерін жөндеу және қайта қалыптастыру жөніндегі телім шебері, кәсіподақ комитетінің төрағасы Виктор Мильц Президент Жарлығымен үшінші дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен марапатталды.
Руханият • 27 Желтоқсан, 2018
Ринат Думанұлы: Рухани жобаларға басымдық беру – басты мақсат
«Хабар» Агенттігі» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ринат Думанұлы агенттік құрамындағы телеарналардың жаңа жоспарларымен бөлісті.
Аймақтар • 27 Желтоқсан, 2018
ШҚО Аягөз қаласында жалғыз басты қарияларға құрмет көрсетілді
Аягөз қаласында Жаңа жыл мерекесі қарсаңында жалғыз басты қарттар мен 18 жастан асқан мүмкіндігі шектеулі азаматтарға Аягөз ауданы әкімдігінің аумақтық әлеуметтік көмек көрсету орталығының ұйымдастыруымен «Ару ана» мейрамханасында дастархан жайылды.
Қазақстан • 27 Желтоқсан, 2018
Есігімізді қағып тұрған 2019 жылды Елбасы Н.Назарбаев «Жастар жылы» деп жариялағаны белгілі. Қазақстанда ерікті волонтерлердің басын біріктіріп, «Ұлттық Волонтерлік желі» бірлестігін құрған Вера Ким жастардың жолын ашуға, елге пайдалы игілікті істердің көбеюіне үлес қосып жүрген жандардың бірі. Аталған бірлестік төрайымы қазіргі таңда ол Zhas project жастар корпусын дамыту жобасын Үйлестіру агенттігіне басшылық жасайды.
Кәсіпқой бокс • 27 Желтоқсан, 2018
Журналдың жүлдесінен үміткерлер тізімінде Геннадий Головкин де бар
Әйгілі The Ring журналының жүлдесінен үміткер кәсіпқой боксшылардың тізімі жарияланды. Солардың қатарында Қазақстанның мақтанышы, орта салмақтағы әлемнің экс-чемпионы Геннадий Головкин де бар.
Аймақтар • 27 Желтоқсан, 2018
Қарағанды облысында 25 әлеуметтік павильон салынады
Келер жылы Қарағанды облысында 25 әлеуметтік павильон салынады. Қазіргі уақытта Қарағанды, Саран, Шахтинск және Абай қалаларында болашақ дүкендерге арналған жер телімдері рәсімделу үстінде.
Аймақтар • 27 Желтоқсан, 2018
Ассамблеяның «Аяз атасы» Оралда сыйлық таратты
Орал қаласында Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жаңа жыл қарсаңында дәстүрлі «Қайырымдылық керуенін» ұйымдастырып, 70 отбасына сыйлық таратты.
Қазақстан • 27 Желтоқсан, 2018
Атырау облысында құқық қорғау органдары балықтың жаппай қырылуына кінәлілерді анықтайды
Атырауда балықтың жаппай қырылуы себептерін анықтау және жиналған өлі балықтың өңірдегі базарларда сатылуына жол бермеу жөнінде ведомствоаралық комиссия отырысы өтті. Комиссияның кезекті отырысын Атырау облысы әкімінің орынбасары Әлібек Нәутиев өткізді, деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.
Қазақстан • 27 Желтоқсан, 2018
Б.Сапарбаев Sinopec Group корпорациясын келісімшарттық міндеттерін орындауға шақырды
Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев қытайлық Sinopec Group мұнай-химия корпорациясының Орталық Азиядағы өкілдігінің бас директоры Фан Сяннанмен кездесті.
Қазақстан • 27 Желтоқсан, 2018
Атырау қаласының маңында 62 тұрғын үйдің аулаларында көше жарықтары орнатылды
Осыған дейін Геолог ауылының тұрғындары жарықсыз көшелерге шағымданған болатын, деп хабарлайды Атырау әкімдігінің баспасөз қызметі.
Қазақстан • 27 Желтоқсан, 2018
Атырауда үздік спортшылар марапатталды
Атырауда спортшылар балы өтіп, 18 аталым бойынша облыс үздіктері анықталды, деп xабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Қазақстан • 27 Желтоқсан, 2018
Бурабай шипажайының ресми суы таныстырылды
Бурабай шипажайына тынығуға келетін туристер енді курортты аймақтың ресми суын тұтына алады. Емдік қасиеті бар сусынды «Көкшетау минералды сулары» кәсіпорны ұсынып отыр. Жақында өндіріс ошағы «QULAGER BURABAY» деп аталатын судың желісін іске қосты. Кәсіпорын мен облыстық туристік операторлар қауымдастығы арасында келісім жасалды. Енді Бурабай өлкесінің ресми суы туристік нысандардың барлығына жеткізілетін болады.
Қазақстан • 27 Желтоқсан, 2018
Ақтауда жаңа трансформаторлық зауыт іске қосылды
Ақтау қаласында №6 өндірістік аймақтың №65 ғимараты аумағында электр қалқан жабдықтарын және трансформаторлық қосалқы станцияларды, бетон корпусындағы қосалқы станцияларды және 6–10-35 кВ кернеу класының шкафтық құрылымдарын өндіретін Ақтау трансформаторлық зауыты ашылды. Бұл жоба Маңғыстау облысының Индустрияландыру картасына енгізілген.
Қазақстан • 27 Желтоқсан, 2018
Түркістан облысында тұмау жағдайлары тіркелмеген
Түркістан облысы бойынша биылғы 11 айда тұрғындар арасындағы оба, құтыру, сібір жарасы, тырысқақ, іш сүзегі, паратиф, дифтерия, көкжөтел, қызамық, сал аурулары тіркелмеген. Сондай-ақ, тұмау ауруының эпидмаусымында ауырғандар жоқ.
Қазақстан • 27 Желтоқсан, 2018
Ақтауда зияткерлік мектептер спартакиадасы өтті
Ақтау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі жылды зияткерлік мектептердің дәстүрлі желілік спартакиадасын өткізумен қорытындылады. Атырау, Орал, Қызылорда, Шымкент, Тараз және Алматы қалаларындағы мектептердің қызметкерлерінің басын қосқан сайыс Тәуелсіздік мерекесін ұлықтау мақсатында ұйымдастырылды. Құрама командалар футбол, волейбол, дартс, шахмат, үстел теннисі секілді спорт түрлерінен жарысты.
Аймақтар • 27 Желтоқсан, 2018
«Жанұя» балаларды асырап алу орталығы жаңа жыл мерекесін өткізді
Асырап алынған және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар Жаңа жыл қарсаңында елеусіз қалмады. «Жанұя» балаларды асырап алу орталығы мен бала асырап алушы ата-аналар бірлесе отырып, Жаңа жыл мерекесін өткізді.
Спорт • 27 Желтоқсан, 2018
Зеренді ауданындағы Уәли хан бабамызды еске алуға арналған жасөспірімдер арасында еркін күрестен ашық турнир өткізілді. Оған солтүстік өңірдің балуандары жиналып, күш сынасты.