Қазақстан • 27 Желтоқсан, 2018

Қазақстанның қос спортшысы Грозныйда айқасады

305 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

26 қаңтарда Шешенстанның астанасы – Грозныйда ережесіз жекпе-жектен АСА (бұрыңғы АСВ) турнирі өтеді.  Бұл жарыста Қазақстанның қос спортшысы күш сынасады.

Қазақстанның қос спортшысы Грозныйда айқасады

Шешенстанға аттанғалы отырған жерлестеріміздің есімдері жанкүйерлерге жақсы таныс. Мәселен, Евгений Егембердиев кезінде бокспен айналысып, жастар арасындағы әлем біріншілігінің күміс жүлдегері атанды. Ересектер арасындағы ел чемпионатында бірнеше мәрте жүлделі орындарды иеленді. Содан кейін Тараздың түлегі ережесіз жекпе-жекке ауысып, Алматыда іргетасы қаланған «Алаш Прайд» клубы сапында өнер көрсетуде. Евгений 33 жаста. Оның бойы – 188 сантиметр, салмағы – 93 кило. Осы күнге дейін отандасымыз 9 кездесу өткізіп, 8 рет жеңіске жетті.

Грозныйда Евгений Егембердиев Бартаз Агнаевпен айқасады. Ол Солтүстік Осетияның тумасы. Осы күнге бейін Бартаз 5 мәрте айқас алаңына шығып, 4 рет жеңіс тойын тойлады. Оның бойы – 193 сантиметр, салмағы – 93 кило. Кезінде Агнаев Тьяго Сильва, Макс Нунес, Довлетджан Ягшимурадов сынды саңлақтармен күш сынасқан.  

66 кило салмақтағы аавлодарлық Фаниль Рафиков 13 жекпе-жек өткізіп, 12 рет басымдық танытты. Оның қарсыласы – Әлихан Сулейманов. Шешенстанның спортшысы 10 кездесу өткізіп, 8 рет жеңіске жетті.  

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан»