у
Президент • 19 Желтоқсан, 2023
Президент шейх Мишааль әл-Ахмад әл-Джабер ас-Сабахты құттықтады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Мишааль әл-Ахмад әл-Джабер ас-Сабахты Кувейт Мемлекетінің Әмірі лауазымына тағайындалуымен құттықтап, жеделхат жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ауа райы • 19 Желтоқсан, 2023
Қазақстанның үш облысында жол жабылды
Ауа-райының нашарлауына байланысты (жолды тазалау, қарлы боран, шектеулі көрініс, көктайғақ) 3 облыста республикалық маңызы бар автожолдың 4 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz «QazAvtoJol»-дың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 19 Желтоқсан, 2023
Биыл отандық әуе компаниялары 12,3 млн жолаушы тасымалдаған
Көлік министрі Марат Қарабаев биылғы 11 айда отандық әуе компаниялары 12,3 млн жолаушы тасымалдаған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 23%-ға артық екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 19 Желтоқсан, 2023
Еліміздің үшінші мегаполисі қалай дамып келеді?
Орталық коммуникациялар қызметі 2023 жылдың қорытындысы бойынша еліміздің өңірлерімен бірлесіп қолға алған жобаның кезекті материалы республикалық маңызы бар қала – Шымкентке арналған. Қала тұрғындары үшін 2023 жылдың ең жақсы жаңалығы, әрине, биылғы жылдың қазан айында Қазақстан Республикасы Үкіметінің Шымкент қаласын 2035 жылға дейінгі дамытудың жаңа бас жоспарын бекітуі болды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 19 Желтоқсан, 2023
Президент БАӘ-нің Қазақстандағы елшісін қабылдады
Мемлекет басшысы БАӘ-нің Қазақстандағы елшісі Мұхаммед Саид Мұхаммед әл-Арикиді қабылдады. Кездесуде бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 19 Желтоқсан, 2023
Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасына көңіл айту жеделхатын жолдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың солтүстік-батысында болған жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 19 Желтоқсан, 2023
Тәуелсіздік тарихына қатысты оңай сұрақтарға жастар жауап бере алмай қиналды
Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында Астанада көшеде кездейсоқ кездескен тұрғындарға ел тарихына қатысты бірнеше сауал қойған едік. Өкінішке қарай, жастар жағы оңай сұрақтардан сүрініп жатты.
Қоғам • 19 Желтоқсан, 2023
«Өзбекәлі Жәнібеков көмектесті». София Ротарудың атыраулық құрбысы 55 жылдан кейін сырын ақтарды
КСРО Халық әртісі, Украина Батыры әйгілі әнші София Ротарудың құрбысы Атырау қаласында тұрады. Қазақстанның Халық әртісі, биші Гүлжан Талпақова 1968 жылы Болгарияның София қаласында өткен жастар мен студенттердің дүниежүзілік фестивалінде екінші орын иеленді. Осынау айтулы додада өнер көрсетуіне мемлекет және қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібековпен қатар София Ротарудың да сіңірген еңбегі ерен. «Одан бері аққан судай зулап 55 жыл өткен екен, бірақ конкурсқа тосқауылдан өтіп, тартыспен қатысқаным күні кешегідей көз алдымда», дейді Г.Талпақова.
Спорт • 19 Желтоқсан, 2023
Гимнасттар Париж Олимпиадасына дайындықты бастады
Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев гимнастика федерациясының басшылығымен және жаттықтырушылар штабымен кездесті. Жиын барысында көркем және спорттық гимнастика өкілдері жылды қорытындылап, Париж Олимпиадасына дайындық жоспарларын таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 19 Желтоқсан, 2023
Түркістан облысында 4 млн теңге айыппұлы бар жүргізуші анықталды
Түркістан облысында төленбеген 4 млн теңге айыппұлы бар көлік иесі анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Елорда • 19 Желтоқсан, 2023
Астанада 2 мыңнан астам адам қар тазалауға шықты
Қала көшелерін қардан тазартуға 2300-ден астам жол жұмысшы мен 1400-ге жуық арнайы техника жұмылдырылды. Қардан тазарту 18 желтоқсанға қараған түннен, яғни қар жауғаннан бастап жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.
Қоғам • 19 Желтоқсан, 2023
Асы жайлауы мемлекет меншігіне қайтарылды
Алматы облысындағы әйгілі Асы жайлауы мемлекет меншігіне қайтарылды. Ақжолтай ақпаратты «Amanat» партиясының Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 19 Желтоқсан, 2023
Энергетика вице-министрі тағайындалды
Үкімет қаулысымен Сұңғат Қуатұлы Есімханов Энергетика вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 19 Желтоқсан, 2023
Нәресте ұшақта дүниеге келсе не болады?
Танымал саяхатшы-блогер Евгений Плесовских ұшақ бортында босану процесінде барша білу керек мәліметтерді мәлім қылды. Ол қазіргі таңда бортсеріктер (стюард, стюардесса) ұшу кезінде осындай жағдай бола қалса көмектесуге дайын екенін айтты. Блогердің сөзінше барлық авиакомпания қызметкерлері ұшақта жүкті әйелді босандыру жайын арнайы оқып, үйренеді, деп жазады Egemen.kz.
Алматы • 19 Желтоқсан, 2023
Sergek жаяу жүргіншілерді елемейтін жүргізушілерді тіркейді
Sergek интеллектуалды жүйесі жаяу жүргіншілер өткелдерінде адамдарды елемейтін жүргізушілерді тіркейтін болады. Пилоттық жоба Алматыда іске қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Спорт • 18 Желтоқсан, 2023
10 минутта қанша тапты? Шавкат Рахмонов рекордтық сыйақы алды
АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен UFC 296 турнирінде жерлесіміз Шавкат Рахмоновтың жеңісі үшін қанша сыйақы алғаны белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 18 Желтоқсан, 2023
Халықаралық көрмеде зауыт жобасы таныстырылды
Мәскеудегі ТМД елдері Үкімет басшылары кеңесінің отырысы қарсаңында Қазақстан Премьер-министрі Әлихан Смайылов «Ресей» халықаралық көрме-форумына қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 18 Желтоқсан, 2023
Мемлекет басшысы Қатар Әміріне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәниді және Қатар халқын ұлттық мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 17 Желтоқсан, 2023
Шавкаттың шеберлігіне таңғалдым - UFC басшысы
UFC басшысы Дана Уайт Шавкат Рахмонов пен Стивен Томпсон жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді. Ол баспасөз мәслихатында Шавкат өзін әбден шатастырып жібергенін және оның шеберлігіне таңғалғанын жеткізді, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 17 Желтоқсан, 2023
Ертең бірнеше өңірде қалың қар жауып, көктайғақ болады
Синоптиктер 18 желтоқсанда бірнеше өңірде қар қалың түсіп, көктайғақ болады деп болжап отыр, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 17 Желтоқсан, 2023
Қасым-Жомарт Тоқаев Кувейт халқына көңіл айтты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Кувейт Әмірі шейх Наууаф әл-Ахмад әл-Джабер ас-Сабахтың дүниеден озуына байланысты Кувейт Мемлекетінің жаңа Әмірі шейх Мишааль әл-Ахмад әл-Джабер ас-Сабахқа және Кувейт халқына көңіл айтты, деп жазады Egemen.kz.
Қысқы спорт • 17 Желтоқсан, 2023
Денис Никиша әлем кубогінде қола қанжығалады
Қазақстан құрамасының қоржынына әлем кубогінде шорт-тректен алғашқы медаль түсті. Аталған сында шорт-трекші Денис Никиша үздік үштіктен табылды, деп жазады Egemen.kz olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Өнер • 17 Желтоқсан, 2023
Семейде «Жалғыз арша» халықаралық ән байқауы басталды
Бүгін Абай облыстық Мәдениет, тілдерді дамыту және архив істері басқармасының және Әміре Қашаубаев атындағы облыстық филармонияның ұйымдастыруымен «Жалғыз арша» атты дәстүрлі ән байқауы басталды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 16 Желтоқсан, 2023
Ертең Астанада Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында қазақ күресінен «Дала қырандары» республикалық турнир өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz Туризм және спорт министрлігіне қарасты Спорт және денешынықтыру істер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 16 Желтоқсан, 2023
Ынтымақтастықты нығайтуды талқылады
Мәжілісте Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Айгүл Құспан бастаған депутаттар Ұлыбритания Парламенті Қауымдар палатасының депутаты Афзал Хан және Манчестер қалалық кеңесінің мүшесі Абид Чоханмен кездесіп, екіжақты ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz төменгі Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 16 Желтоқсан, 2023
Қарлы асуда адамдарды құтқарды. Көрші елдің азаматтарына құрмет көрсетілді
Жамбылдық құтқарушылар Қордай ауданында авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге көмек көрсетіп, күш қосу үшін Қырғызстан Республикасынан келген әріптестерін шығарып салды, деп хабарлайды Egemen.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 16 Желтоқсан, 2023
Тәуелсіздік күніне байланысты бірнеше мемлекет басшылары құттықтау жеделхатын жолдады
Тәуелсіздік күніне орай Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына шет мемлекеттердің басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен құттықтау жеделхаттары келіп түсіп жатыр, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасап.
Қоғам • 16 Желтоқсан, 2023
«Менің жасымды берсін». Димаш Құдайберген 94-ке толған КСРО Халық әртісін туған күнімен құттықтады
Әнші, Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген КСРО Халық әртісі Бибігүл Төлегенованы туған күнімен құттықтап, әлеуметтік желіде әсерлі жазба жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сенат • 16 Желтоқсан, 2023
Тәуелсіздіктің қадірін білу маңызды – М.Әшімбаев
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Айбын • 15 Желтоқсан, 2023
Тәуелсіздік күні қарсаңында әскерилер баспаналы болды
Қарулы күштердің Әуе қорғанысы күштері 31767 әскери бөлімінің әскери қызметшілері үшін Тәуелсіздік мерекесі қуанышты оқиғамен тұспа-тұс келді, деп хабарлайды Egemen.kz.