и
Қоғам • 10 Қаңтар, 2024
Қайрат Сатыбалдыға тағы бір айып тағылды
Антикордың ресми өкілі Арман Тілеукенов Қайрат Сатыбалдының үстінен салық төлеуден жалтарғаны үшін де сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 10 Қаңтар, 2024
Жолдамаға кімдер таласатыны белгілі болды
12-22 қаңтар аралығында стенд атудан Азия чемпионаты өтеді. Кувейт мемлекеті ұйымдастыратын құрлық чемпионатында Париж жазғы Олимпиадасының жолдамасы бөліске түседі.
Спорт • 10 Қаңтар, 2024
Ауылда оқитын әлем чемпионы арманын айтты
Толғанай Қасымхан – бокстан әлем чемпионы. Ол өткен жылдың желтоқсан айында Арменияның Ереван қаласында жасөспірімдер арасында өткен әлем чемпионатында алтын медаль олжалады. 26 салмақ дәрежесінде (13 салмақ ерлер, 13 салмақта қыздар) ұйымдастырылған әлем чемпионатынан боксшыларымыз 4 алтын, 6 қола медаль иеленді. Міне, осы айтулы додаға 60 кг салмақ дәрежесінде қатысып, әлемнің тегеурінді боксшыларын айқын ұтқан шынашақтай қыз ауылда оқиды. Ауылда тұратын әлем чемпионымен телефон арқылы тілдестік.
Президент • 10 Қаңтар, 2024
Президент Ермағанбет Бөлекпаевқа бірқатар тапсырма берді
Мемлекет басшысы Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаевты қабылдады. Президентке Қарағанды облысының 2023 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы есеп берілді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 10 Қаңтар, 2024
Цифрландыру: Су ресурстарының бірыңғай ақпараттық жүйесі жасалады
Су ресурстары және ирригация министрлігі «Қазақстан Ғарыш Сапары» Ұлттық компаниясымен бірлесіп су ресурстарының бірыңғай ақпараттық жүйесін әзірлеу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 10 Қаңтар, 2024
Мемлекет басшысы жастарға ерекше сенім артып отыр
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жыл басында «Egemen Qazaqstan» газетіне берген көлемді сұхбатынан ел болашағына қатысты біраз нәрсені пайымдауға болады. Негізінен сұхбатта мемлекеттің әсіресе жастарды заман талабына сай жаңа дағдылар мен мамандықтарды игеруге шақыруы уақыт талабын дәл баса отырып айтылған ой деп айтуға болады. Ол осы сұхбатында жастарға деген ерекше сенім артып отырғанын байқатты.
Аймақтар • 10 Қаңтар, 2024
New York Times Алматыны үздік туристік бағыт тізіміне қосты
Әйгілі The New York Times басылымы дәстүрлі түрде жаңа жылда көруге болатын әлемдегі 52 орынның тізімін жариялап отырады. Биыл басылым бұл мәртебелі тізімге Алматы қаласын да қосты. Алмалы шаһар тізімнің 25 орнын тізгіндеген, деп жазады Egemen.kz
Денсаулық • 10 Қаңтар, 2024
Қазақстанда 930 мыңнан астам адам қызылшаға қарсы екпе алды
Елімізде қызылшаға қарсы қосымша вакцинациялау шеңберінде 930 мыңнан астам адам екпе алды. Бұл нысаналы топтың 62%-ын құрайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 10 Қаңтар, 2024
Алматы облысында полицейлерге арналған тәлімгерлік кеңес құрылды
Алматы облысы Полиция департаменті бастығының төрағалығымен тәлімгерлер кеңесін құру бойынша жиын өткізілді. Жиынға полиция бастығының орынбасарлары, сондай-ақ ведомствоның дербес басқармалары мен аумақтық бөлімшелерінің басшылары және ардагерлер қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 10 Қаңтар, 2024
Қазақстанда Алатау атты жаңа қала құрылды
Президент тапсырмасын жүзеге асыру шеңберінде Ұлттық экономика министрлігі Алатау қаласын құру жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларының («Алматы облысының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы») жоспарын әзірледі. Жоспарға сәйкес, ведомство облыс әкімдігімен бірлесіп экономикалық есептерді, жаңа қаланың схемалық картасын дайындау бойынша жұмыстар жүргізді. Сондай-ақ халықпен жиын өткізіліп, соның негізінде Алматы облысы мен Іле, Талғар аудандары және Қонаев қаласы мәслихаттарының шешімдері қабылданды, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сүйеніп.
Әдебиет • 10 Қаңтар, 2024
«Қазақ әдебиеті» газетінің жарық көргеніне 90 жыл толды
Қазақстан жазушылар одағының органы ретінде тұңғыш саны 1934 жылдың қаңтарында жарық көрген «Қазақ әдебиеті» газетіне - 90 жыл. Ғасырға жуық уақыт аралығында оқырманын әдебиеттің әр буынындағы жазушылардың жауһар шығармаларымен қауыштырып жүрген газет ұжымын Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мерейтойымен құттықтады, деп жазады Egemen.kz
Қоғам • 10 Қаңтар, 2024
Саналы ұрпақ жарқын болашақтың көрінісі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында қазірге дейінгі атқарылып келе жатқан және болашақта атқарылатын елдегі өзекті мәселелерге тоқталды.
Оқиға • 10 Қаңтар, 2024
Батыс Қазақстан облысындағы жол апаты бес адамның өмірін қиды
Батыс Қазақстан облысында жол апатынан бес адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz «Мой город» басылымына сілтеме жасап.
Спорт • 09 Қаңтар, 2024
Олимпиада бойтұмары спортшыларға серпін бермек – министр
Канвондодағы Жасөспірімдер арасындағы қысқы Олимпиада ойындары қарсаңында штаб кеңсесінде Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев пен Корея Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Чжо Тэ-Ик кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 09 Қаңтар, 2024
Президент Қазақстан Қарулы Күштері Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысын тағайындады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы лауазымына тағайындады, деп жазады Egemen.kz.
Қаржы • 09 Қаңтар, 2024
Мобильді аударымдар: Туыстар арасында ақша алмасуға шектеу қойыла ма?
Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мобильді аударымдарды тексеруге қатысты түсініктеме берді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 09 Қаңтар, 2024
Президенттің «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатының «Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керек!» деп аталуы бізге, ғалымдар алдына үлкен мақсат қойып отыр. Бүгінде еліміз ілгері даму үшін ауқымды реформалар жүргізіліп жатыр. Осыған сай, қоғамның бет-бұрысы өзгеріске түсіп отыр. Адамдардың санасы жаңарып жатыр, ғылыми көзқарасқа деген серпіліс қалыптасып отыр. Кешенді реформалар санатында ғылым-білімге деген құлшыныстар даму үдерісіне түскен. Кез келген бастама жаңа мүмкіндіктерге шақыратыны рас. Президент өз сұхбатында «еңбекқорлық пен жасампаздық жоғары бағалануға, білімпаздық пен жаңашылдық салтанат құруға тиіс екенін» нақты көрсетіп беруі ғылыми ортада қолдау тауып отыр. Президенттің бұл ауқымды іске үлкен дайындықпен саланы зерттеп, білу арқылы келгені байқалады.
Спорт • 09 Қаңтар, 2024
Канвондо-2024: Додада бақ сынайтын елордалықтар анықталды
19 қаңтар – 1 ақпан аралығында Оңтүстік Кореяның Канвондо провинциясындағы Каннын қаласында IV қысқы жастар Олимпиадасы өтетіні мәлім. Оған Қазақстаннан 10 бағдарлама бойынша қатысатын 42 отандасымыздың арасынан елордалық спортшылар тізімі анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 09 Қаңтар, 2024
46 кеншінің өлімі: Министр жауапты шенділердің атын атады
Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов Қарағанды облысындағы Костенко шахтасында болған апатқа қатысты үкіметтік комиссияның тергеу қорытындысын жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Денсаулық • 09 Қаңтар, 2024
Елімізде ЖРВИ жұқтырған науқастардың саны 2,5 миллионға жуықтады
ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният ЖРВИ жұқтырған науқастардың саны 2,4 миллионнан асқанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 09 Қаңтар, 2024
Дастан Ордабай әлемдік жарыстың чемпионы атанды
2-8 қаңтар аралығында Аустралия мемлекетіндегі Балларат қаласында әлемдік жарыс − Virtus Cycling World Series 2024 өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 09 Қаңтар, 2024
Көктемгі қызыл су тасқынына дайынбыз ба?
Алдағы су тасқыны кезеңіне дайындық басталды. Мәселен, су тасқыны жағдайының ықтимал асқынуларына жедел ден қою мақсатында азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің күштері мен құралдарының арнайы топтары құрылды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 09 Қаңтар, 2024
Білім бәйгесінен олжалы оралды
Индонезияның Депок қаласында FIRST Tech Challenge робототехника бойынша ашық ойындар өтті. Чемпионатқа Қазақстаннан «Antares», «124», «Заман» және «Shanyraq» командалары қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 09 Қаңтар, 2024
«Көмектеріңіз ауадай қажет». Бельгиялықтар асырап алған бала жаңа жазба жариялады
Бельгиялықтар асырап алған Жәнібек өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа жазба жариялады. Ол Арқалыққа анасын іздеп барған журналистерге алғыс айтып, әр Қазақстан азаматына өтініш білдірді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 09 Қаңтар, 2024
«Алматы-Ақтөбе» бағытындағы пойызда сәби дүниеге келді
Алматыдан Ақтөбеге бағыт алған пойызда жолсерік қыздың көмегімен жүкті әйел қыз баланы дүниеге әкелді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 09 Қаңтар, 2024
Әлихан Смайылов қызылшаға қарсы күрес шараларын күшейтуді тапсырды
Үкімет резервінен қаражат бөлініп, қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы 1,5 млн доза вакцина сатып алынды. Бүгінгі таңда қосымша вакциналау аясында 930 мыңнан астам адам екпе алды, күн сайын 20 мыңнан астам адам вакцина алып жатыр. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 09 Қаңтар, 2024
Былтыр 6 жасқа дейінгі 700 мыңдай бала екпе алды – министр
Үкімет отырысында еліміздегі санитариялық-эпидемиологиялық ахуал туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 09 Қаңтар, 2024
«1WIN» казиносының ұйымдастырушыларына халықаралық іздеу жарияланды
Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті Қазақстан, ТМД және алыс шет ел аумағында жұмыс істеген «1WIN» онлайн-казиносының заңсыз қызметіне қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды Egemen.kz аталған ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 09 Қаңтар, 2024
Елордаға синтетикалық есірткі жеткізіп келген ірі арна жойылды
Астана қалалық полиция департаментінің қызметкерлері мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматыдан Астанаға синтетикалық есірткі жеткізіп жүрген ірі арнаның жолын кесті, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Туризм • 09 Қаңтар, 2024
Қазақстанға туристер қай елден көп келетіні айтылды
Ұлттық статистика бюросының дерегіне сәйкес, 2023 жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында елімізге 834,9 мың шетелдік турист саяхаттаған. 2022 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 225 мың адамға артқан. Яғни былтыр елімізге қыдырып келген туристер қатары 37% көбейген, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.