ас
Қаржы • 30 Шілде, 2021
2018 жылы жабылған «Астана банкінің» салымшыларына өтем төлеу мерзімі ұзартылды
Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры агент банкпен «Астана Банкі» АҚ салымшыларына кепілдік берілген өтемді төлеу мерзімін 2022 жылғы 1 мамырға дейін ұзарту туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz NewTimes.kz сайтына сілтеме жасап.
TOKYO2020 • 30 Шілде, 2021
«Күншығыс елінің» қоржынында қанша алтын медаль бар?
Жапония құрамасы Токиодағы ойындарында жеңіп алған алтын медаль саны бойынша ұлттық рекорд орнатты, деп хабарлайды Egemen.kz vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
Аймақтар • 30 Шілде, 2021
Маңғыстау облысында жаңа жедел құтқару станциясы ашылды
30 шілде күні Ақтау қаласындағы «Приморский-1» шағын ауданында жаңа суда құтқару станциясының салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
TOKYO2020 • 30 Шілде, 2021
Ольга Рыпакова: Халықтың ризашылығына ие болу мен үшін үлкен құрмет
Бүгін қазақстандық жеңіл атлетика ханшайымдары үшін Токио Олимпиада ойындары аяқталды. Лондон Олимпиадасының чемпионы Ольга Рыпакова жарыстан кейін журналистерге сұхбат берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 30 Шілде, 2021
Ақмола облысында қаржы пирамидасы анықталды
Ақмола полицейлері қаржы пирамидасын ұйымдастырды деген күдікпен Целиноград ауданының 28 жастағы тұрғынына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 30 Шілде, 2021
Түркістанда көне түркі дәуірінің тас мүсіні табылды
Түркістан облысында көне түркі дәуіріне қатысты ерекше пәшәнді тас мүсін табылды. Бұл туралы хабарды тарих ғылымдарының докторы, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің профессоры Мұхтар Қожа жеке парақшасында хабарлады, деп жазады Egemen.kz Түркі Академиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 30 Шілде, 2021
ҚР Қаржы министрлігі қазақ-қырғыз шекарасындағы жағдайды түсіндірді
Әлеуметтің желілерде Қырғыз Республикасының аумағында «Ақ Тілек автожол» автомобиль өткізу пунктінің (Қазақстан тарапынан шектес өткізу пункті – «Қарасу») алдында жүк автокөлік құралдарының жиналуы туралы ақпарат пайда болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
TOKYO2020 • 30 Шілде, 2021
Ауыр атлетика федерациясы Токио Олимпиадасының қола жүлдегерлеріне көлік сыйлайды
Қазақстанның Ауыр атлетика федерациясы Токио-2020 Олимпиада ойындарының жүлдегерлері Игорь Сон мен Зульфия Чиншанлоға жаңа көліктер сыйлайтын болады, деп хабарлайды Egemen.kz федерацияның ресми сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан • 30 Шілде, 2021
Қазақстанда жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі төмендеді
Соңғы жарты жылда жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі біршама төмендеді, деп хабарлайды Egemen.kz Finprom.kz сайтына сілтеме жасап.
Оқиға • 30 Шілде, 2021
Қалмұханбет Қасымов мемлекеттік қызметтен кетті
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қалмұханбет Қасымовты өзінің отставкаға және мемлекеттік қызметтен кету туралы өтініші бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы лауазымынан босатты, деп хабарлайды Egemen.kz. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли фейсбукте жазды.
Футбол • 30 Шілде, 2021
Қазақстанның үш клубы Конференция лигасының келесі кезеңіне өтті
Конференция лигасының екінші кезеңінде қазақстандық клубтар қарымта матчтарын өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
TOKYO2020 • 30 Шілде, 2021
Токио-2020: 30 шілдеге арналған қазақстандық спортшылардың жарыс кестесі
Токио Олимпиадасының кезекті жарыс күнінде жеңіл атлетте бәсекесі басталады, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Президент • 29 Шілде, 2021
Асхат Аймағамбетов Президентке жаңа оқу жылына дайындық туралы есеп берді
Мемлекет басшысы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовті қабылдады, деп жазады Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Президент • 29 Шілде, 2021
Қасым-Жомарт Тоқаев Аризона университетінің делегациясымен кездесті
Қасым-Жомарт Тоқаев Аризона университетінің (АҚШ) делегациясымен бейнебайланыс режимінде кездесті. Кездесу барысында Аризона университеті мен отандық жоғары оқу орындары арасындағы стратегиялық серіктестік, ғылыми және академиялық даму мәселелері талқыланды, деп жазады Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Президент • 29 Шілде, 2021
Президент ҚХА-ға қарасты құрылымдардың нәтижелі жұмыс істеуі керектігін ескертті
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
TOKYO2020 • 29 Шілде, 2021
Токио-2020: Қамшыбек Қоңқабаев алғашқы кездесуінде жеңіске жетті
Токио Олимпиадасында ауыр салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Қамшыбек Қоңқабаев алғашқы кездесуінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 29 Шілде, 2021
Оңтүстік Кореяда Қазақстанның Құрметті консулы тағайындалды
29 маусымда Сеулдегі ҚР Елшілігінде Құрметті консулдың патентін және «Dongil Highvill» Оңтүстік Кореялық компаниясының Президентіне экзекватура тапсыру рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Кореядағы елшілігіне сілтеме жасап.
TOKYO2020 • 29 Шілде, 2021
Елена Рыбакина Токио Олимпиадасының қола медаліне таласады
Теннисші Елена Рыбакина Токио Олимпиадасының жартылай финалына тізе бүкті, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
TOKYO2020 • 29 Шілде, 2021
Токио Олимпиадасы: Су добынан Қазақстан ерлер құрамасы тағы жеңілді
Су добынан Қазақстан ерлер құрамасы Токио Олимпиадасында екінші рет жеңілді, деп хабарлайды Egemen.kz Olymic.kz сайтына сілтеме жасап.
TOKYO2020 • 29 Шілде, 2021
Токио Олимпиадасында академиялық есуден жартылай финал аяқталды
Академиялық есуден қазақстандық спортшы Владислав Яковлев Токио Олимпиадасының жартылай финалына қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Спорт • 28 Шілде, 2021
Токио-2020: Милад Карими спорттық гимнастикадан көпсайысты аяқтады
Спорттық гимнастикадан Қазақстан командасының үздігі Милад Карими Токио Олимпиадасындағы көпсайыс финалында бақ сынады деп жазады Olympic.kz.
Аймақтар • 28 Шілде, 2021
Ақтөбе облысындағы жол апатынан 9 адам зардап шекті
Ақтөбе облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан автокөлік жүргізушісі мен сегіз жолаушы зардап шекті, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
TOKYO2020 • 28 Шілде, 2021
Токио-2020: Василий Левит мәлімдеме жасады
Қазақстандық боксшы Василий Левит Токио олимпиадасында испандық Эммануэль Рейес Пладан нокаутпен жеңілгені туралы алғаш рет пікір білдірді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 28 Шілде, 2021
Ауласына есірткі еккен түркістандық сотталды
Түркістан облысында үйінің ауласына есірткі еккен тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
TOKYO2020 • 28 Шілде, 2021
Боксшы Бекзат Нұрдәулетов Олимпиаданы аяқтады
Бокстан Токио Олимпиадасында Қазақстан командасының үздігі Бекзат Нұрдәулетов жеңіліп қалды, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
TOKYO2020 • 28 Шілде, 2021
«Қазақтың салмағы» кімге бұйырады?
Олимпиаданың төртінші жарыс күні де артта қалды. Үш күн бойы күніне бір-бір қоладан алып, «қолабек» атанған қазақстандықтардың арасынан «алтынбекті» алаңдап күтудеміз. Алтыннан дәмеленетін жөніміз де бар. Әлемдік рейтингте үздік ондықта тұрған таэквондошы Руслан Жапаров пен Азия ойындарының күміс жүлдегері Жансель Дениз және өзінің екінші Олимпиадасында бақ сынауға келген дзюдошы Дидар Хамза секілді спортшылар алтынға бастар жолды біледі деп сендік. Сөйтсек...
Таным • 27 Шілде, 2021
Ұрпақтар сабақтастығы қалай сақталады?
Шетелдік ғалымдар ұсынған «ұрпақтар теориясы» деген ұғыммен бұрыннан таныспыз. Түрлі ұрпақ ұстанатын құндылықтар, ұқсастықтар мен ерекшеліктер сол дәуірдегі саяси-экономикалық, әлеуметтік жағдаймен һәм технологияның дамуымен байланысты. Өсіп келе жатқан жас буынды түсініп, жылы қарым-қатынас орнату қашанда оңай шаруа емес. Алайда олар ер жетіп, қоғамның бар бөлігіне айналғанда санаспауға болмайтыны анық.
TOKYO2020 • 27 Шілде, 2021
Талабы ерек Босқындар құрамасы
Төртжылдықтың басты бәсекесінде Босқындар құрамасы да бақ сынауда. Отанындағы қиын жағдайларға байланысты туған елінен кетуге мәжбүр болған спортшылар биыл бөлек одақ құрып, өнер көрсетіп жатыр.
Тарих • 27 Шілде, 2021
1942 жылдың қыркүйегінде майданға Ақтөбе облысынан 18-25 жас аралығындағы 300 қыз аттанған. Соғыстың беталысын болжауға мүмкін болмай, ер жауынгерлер жетіспей жатқан шақта әскерге алынған қыздардың қатарында Новоресей аудандық партия комитеті құпия бөлімінің хатшысы, 18 жастағы Шолпан Тасмұхамедова да бар еді. Мектеп бітірген бойы партия қызметіне араласқан бойжеткен тағдырын соғыс осылайша күрт өзгертті.
TOKYO2020 • 27 Шілде, 2021
Токио-2020: 28 шілдедегі қазақстандық спортшылардың жарыс кестесі
Ертең, 28 шілдеде Токиода өтетін Олимпиада ойындарында қазақстандық спортшылар спорттың жеті түрінен бақ сынайтын болады, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.