м
Оқиға • 01 Қараша, 2024
Қытайлық компания Ақмола облысында бидай өңдейтін зауыт салады
Қытайлық Fufeng Group компаниясы Ақмола облысында бидайды терең өңдейтін зауыт құрылысына 650 миллион доллар инвестиция салып жатыр. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар комитетінің төрағасы Ғабидолла Оспанқұлов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 01 Қараша, 2024
Мемлекет басшысы Алжир Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 01 Қараша, 2024
Астанада хостел әкімшісі келушінің алтын бұйымын қолды еткен
Астанада орналасқан хостелдердің бірінде 34 жастағы әкімші келушінің алтын бұйымын ұрлаған, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 01 Қараша, 2024
Қостанайда спорт мектебінің жаттықтырушысы бюджет қаражатын ұрлаған
Қостанай облысында спорт мектебінің жаттықтырушысы өзінің қызметтік жағдайын пайдаланып, жалған аванстық есептер құрастырған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бокс • 01 Қараша, 2024
Әлем чемпионаты: Он боксшымыз қола жүлдеге ие болды
Жастар арасындағы Әлем чемпионатының жартылай финалында жеңілген 10 боксшымыз қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 01 Қараша, 2024
ҚазҰУ-да «Halyk Academy» зертханасы ашылды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ақпараттық технологиялар факультетінде «Қазақстан Халық Банкі» АҚ қолдауымен «Halyk Academy» зертханасы ашылды.
Спорт • 01 Қараша, 2024
Жанкүйерлер Жәмила Бақбергенованы қошеметпен қарсы алды
Еркін күрестен Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Жәмила Бақбергенова күрес түрлерінен олимпиадалық емес салмақта өткен әлем біріншілінің күміс медалін жеңіп алды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 01 Қараша, 2024
Алматыда үш жаңа автобус бағыты іске қосылды
Алматыда мегаполистің агломерациямен көлік байланысын арттыру аясында 1 қарашадан бастап қала маңындағы қоғамдық көліктердің тағы үш бағыты іске қосылды. Жаңа автобустар Қаскелең мен Ұзынағашқа қатынайтын болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бокс • 01 Қараша, 2024
Әлем чемпионаты: 7 боксшымыз алтынға таласады
Жастар арасындағы әлем чемпионатында 7 отандасымыз финалға шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 01 Қараша, 2024
Алкоголь өнімдерінің көлеңкелі айналымына қарсы күрес күшейтіледі
Акцизделетін өнімдердің (алкоголь өнімдері) көлеңкелі айналымына қарсы іс-қимыл мәселелері Қаржылық мониторинг агенттігінде өткен дөңгелек үстел барысында талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 01 Қараша, 2024
Шу қаласында электровозға техникалық қызмет көрсететін орталық салынады
Премьер-министр Олжас Бектенов Жаһандық инвестиция жөніндегі қазақстандық дөңгелек үстел аясында ірі халықаралық компаниялардың басшыларымен – теміржол машинасын жасау саласының әлемдік көшбасшыларымен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 01 Қараша, 2024
Халықаралық іздеуге жарияланған Қазақстан азаматы Ыстамбұлда ұсталды
Қазақстан ІІМ Интерпол ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша бұзақылық жасағаны үшін халықаралық іздеуге жарияланған қазақстандық азамат Ыстамбұлда ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Президент • 01 Қараша, 2024
Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысының әкіміне сөгіс берді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жылыту маусымына дайындық жұмыстарына тиісінше бақылау жасамағаны үшін Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекбаевқа сөгіс берді, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 01 Қараша, 2024
Атырау тұрғыны тіс емханасынан 100 мың теңге өндіріп алған
Атырау қалалық соты II топ мүгедектігі бар азаматтың тіс емханасына қарсы берген талап-арызы бойынша азаматтық істі қарады, деп хабарлайды Egemen.kz қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ауа райы • 31 Қазан, 2024
1 қарашада кей өңірде жаңбыр және қар жауып, көктайғақ болады
Синоптиктердің болжамына қарағанда, 1 қараша, жұма күні еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады және кей өңірде нөсер жаңбыр, қар жауады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 31 Қазан, 2024
Еліміздегі IT мамандарының орташа жалақысы қанша
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Қазақстандағы IT мамандарының орташа жалақы мөлшерін мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Марапат • 31 Қазан, 2024
Журналистер Республика күні құрметіне марапатталды
Республика күніне орай ақпарат саласын дамытуға ерекше үлес қосып, елеулі еңбек етіп жүрген журналистер марапатталды. Оны «Қазақ газеттері» ЖШС директоры Дихан Қамзабекұлы тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Руханият • 31 Қазан, 2024
XVII «Еуразия» халықаралық кинофестивалі өтеді
2024 жылғы 24-30 қараша аралығында Алматы қаласында XVII «Еуразия» халықаралық кинофестивалі өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 31 Қазан, 2024
Қазақстан мен Қырғызстанның Парламентаралық кеңесінің екінші отырысы өтті
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Қырғыз Республикасына ресми сапары аясында Жогорку Кенеш төрағасы Нурланбек Шакиевпен кездесті. Сондай-ақ Қазақстан мен Қырғызстан парламенттері арасындағы ынтымақтастық жөніндегі Парламентаралық кеңестің екінші отырысына қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 31 Қазан, 2024
Президент Polpharma компаниясы бақылаушылар кеңесінің төрағасымен кездесті
Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысы аясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Polpharma компаниясы бақылаушылар кеңесінің төрағасы Ежи Старакты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Саясат • 31 Қазан, 2024
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мәселелері талқыланды
Бүгін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбайдың басшылығымен сервистік мемлекеттік аппаратты қалыптастыру және оның қызметін бюрократиядан арылту мәселелері бойынша Консультативтік-сараптамалық топтың отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ғылым • 31 Қазан, 2024
Назарбаев университеті жаһандық жобаға қосылды
Назарбаев университеті жасанды интеллекттің жоғары білім беру саласындағы рөлін зерттеуге арналған жаһандық консорциумның құрамына енді. Зерттеу Африка, Азия, Солтүстік және Оңтүстік Америкада жүргізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 31 Қазан, 2024
Президент Solidcore Resources plc компаниясының директорын қабылдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Solidcore Resources plc компаниясының бас атқарушы директоры Виталий Несисті қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 31 Қазан, 2024
Мемлекет басшысы Мишель Симмонсты қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Microsoft компаниясының Орталық Еуропа мен Орталық Азиядағы президенті Мишель Симмонсты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 31 Қазан, 2024
Шерзат Болаттың ісі: Қандай сараптамалар жүргізіліп жатыр
ҚР Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли Талғардағы Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс бойынша қандай сараптамалар жүргізіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өндіріс • 31 Қазан, 2024
Қостанай университеті мен «KIA Qazaqstan» меморандумға қол қойды
М.Дулатов атындағы Қостанай Инженерлік-экономикалық университетінің Президенті Рихсибай Абдурахманұлы мен «KIA Qazaqstan» ЖШС Бас директоры Kim Dae Ki мырза ынтымақтастықтың жаңа кезеңіне бастау болатын маңызды меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өндіріс • 31 Қазан, 2024
Отандық автоөнеркәсіп қазақ тілінде сөйлей бастады
Алматыда ашылған «Kazakhstan Mobility Engineering» зауыты қазақ тілі интеграцияланған автомобильдерге арналған мультимедиялық жүйелерді шығарады. Мұндай жүйелердің бірінші партиясы Tucson, Elantra және Palisade модельдеріне орнату үшін Hyundai Trans Kazakhstan зауытына келіп түсті. Енді Қазақстанда шығарылатын Hyundai автомобильдері қазақ тіліндегі интерфейсті ұсына отырып, жергілікті пайдаланушылардың қажеттіліктеріне жауап бере алады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 31 Қазан, 2024
Астанада қоян-қолтық ұрыстан III республикалық турнир өтті
Бәсеке Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 10 жылдығы аясында ұйымдастырылды. Жарысқа еліміздің құқық қорғау, күштік және арнайы мемлекеттік органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілер қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 31 Қазан, 2024
Қазақстанда діни неке заңды деп таныла ма
Бүгін Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли қоғам тарапынан жиі қойылатын діни некеге қатысты сауалға жауап берді, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 31 Қазан, 2024
Жазушы, драматург Роза Мұқанованың шығармашылығына арналған конференция өтті
Астана қаласында Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен белгілі жазушы, драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасының Абай атындағы мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Франц Кафка медалінің иегері, профессор Роза Мұқанованың 60 жас мерейтойына арналған «Роза Мұқанова шығармашылығы: әдебиет, театр, кино» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.