ер
Қоғам • 21 Желтоқсан, 2021
Қазақстанда 643 шетел азаматы басшылық қызметтер атқарады
2021 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсаты бойынша Қазақстан аумағында 15 527 шетел азаматы еңбек етуде, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өнер • 20 Желтоқсан, 2021
Ел өнерпаздарына арналған шеберлік дәрістері ұйымдастырылды
ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен «Қазақстанның хор дирижерларының» республикалық қоғамдық бірлестігі «Облыстық мемлекеттік концерттік ұйымдардың қызметкерлеріне арналған орындаушылық және композиторлық өнер саласындағы онлайн шеберлік сыныптарын» ұйымдастырды, деп жазады Egemen.kz.
Өнер • 20 Желтоқсан, 2021
Отандық хит әндердің 30 жылдық концерт-мюзиклі өтті
Азаттықтың 30 жылдық мерейтойына орай «Қазақстан» орталық концерт залында «Тәуелсіздік дастаны» атты мерекелік концерт ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 20 Желтоқсан, 2021
Есірткі сатып, өмір бойы бас бостандығынан айырылды
Петропавл тұрғыны синтетикалық есірткі әзірлеп, интернет арқылы сатқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 20 Желтоқсан, 2021
Қазақстандағы шетелдік студенттердің саны 30 мыңға жетті
Қазақстандық жоғары оқу орындарында оқитын шетелдік студенттер саны 30 мыңға жетті. Көбінесе АҚШ, Африка, Ресей, сондай-ақ Таяу Шығыс елдерінен келген студенттер санының өсуі байқалады, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 20 Желтоқсан, 2021
Қазақстанда өндірісті ынталандыру үшін грант беріледі
Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 20 Желтоқсан, 2021
21 желтоқсан күні сағат 10:10-да Алматыда азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесіне республикалық тексеру жүргізу жоспарланған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Пікір • 20 Желтоқсан, 2021
Айдан айдың айырмасы жоқ, әлбетте. Әйтсе де, алты Алаш үшін ардақты, қазақ үшін қастерлі де қымбатты бір ай бар, ол – желтоқсан! Терең тарихымызды тұтас тергемей-ақ, тек соңғы тоқсан жылдың төңірегінде ой қорытсақ, желтоқсан ерліктің, еркіндіктің һәм елдіктің айы екеніне көз жеткіземіз!
Қазақстан • 19 Желтоқсан, 2021
«Орталық Азия - Үндістан» диалогы Cыртқы істер министрлерінің 3-ші кездесуі
Үндістан астанасы Нью-Делиде Үндістан Сыртқы істер министрі Субраманям Джайшанкардың шақыруымен Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді «Орталық Азия - Үндістан» диалогы Cыртқы істер министрлерінің 3-ші кездесуіне қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 17 Желтоқсан, 2021
Меруерт Ибраева титулдық кездесу өткізеді
Ешқашан жеңіліп көрмеген қазақстандық жекпе-жек шебері Меруерт Ибраева Open FC лигасында жеңіл салмақта титулдық кездесу өткізеді, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
Өнер • 17 Желтоқсан, 2021
Димаш Құдайбергеннің жаңа бейнебаяны жарық көрді
Димаш Құдайберген «Өмір өтер» әніне бейнебаян түсірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 16 Желтоқсан, 2021
Нұр-Сұлтанда 1000-нан астам үлескерге пәтер кілті тапсырылады
Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында құрылысы ұзаққа созылған ауқымды «Шығыс» тұрғын үйі аяқталуда, деп жазады Egemen.kz.
Тәуелсіздік • 16 Желтоқсан, 2021
Мемлекеттік туды салтанатты көтеру рәсімі өтті
Нұр-Сұлтан қаласында Мемлекеттік туды салтанатты көтеру рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 16 Желтоқсан, 2021
БҚО Ақсуат ауылында ұялы байланыс жүйесі іске қосылды
Тәуелсіздік күні мерекесі аясында Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданындағы Ақсуат ауылында ұялы байланыс жүйесі іске қосылып, ауыл тұрғындары үлкен қуанышқа бөленді, деп жазады Egemen.kz.
Тәуелсіздік • 16 Желтоқсан, 2021
Тәуелсіздікке 30 жыл: Бүгін - ұлтымыз үшін ұлы мереке
Бүгін Қазақстанның қасиетті әрі қастерлі мерекесі – Тәуелсіздік күні. Осыдан 30 жыл бұрын 16 желтоқсанда Жоғарғы Кеңес «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңды қабылдаған еді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өнер • 16 Желтоқсан, 2021
Геральдика – халықты біріктіруші фактор
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың жасампаздық желі ескен мына сөздерін тағы бір еске түсірейікші: «Әрқашан мемлекет туы жауға аттанған ерлердің қолында асқақ желбіреп бара жатады. Жеңімпаздар сол туды тізе бүккен дұшпан жеріне қадайды. Біз бір кездері құрамында болған Кеңес Одағының туы Рейхстагқа тігілгенін білеміз. Біздің ата-бабаларымыз да бір тудың астында жеңіске жетіп, Ұлы даланы сақтап қалды. Біз – солардың бүгінгі мирасқор жалғастырушыларымыз. Бір тудың астында Ұлы дала төсінде жеңіспен қарыштап қадам басып келеміз. Осы уақыт ішінде Қазақстанды бір ту астындағы біртұтас халық ете алдық. Біздің ту жолақ емес, бір түсті. Мұны бірліктің символы ретінде мен ұсындым. Ұлы дала көгінде алтын күн жарқырайды, бұл – ата-бабаларымыздың ақыл-ойының жемісі. Қыранның біздің даланы шарлап жүргені – халқымыздың биік рухы мен ұлы болашаққа бағыт алғанының белгісі».
Туризм • 16 Желтоқсан, 2021
«Керуен сарай» – тарихтың кілті
Адам бәрібір бабалар тарихын аңсап тұрады. Сол заманға бір оралғысы келеді. Тым құрыса бірер мезетке. Ежелгі баһадүрлермен қауышу, олар жасаған нығметтерді көзбен көру, олардың рухы мен құдіретін сезіну – бойыңа айрықша күш сыйлайтынын айтқызбай түсінесің. Міне, осындай ғажайыпты киелі Түркістанда, соның ішінде «Керуен сарайға» барып көруге болады.
Руханият • 16 Желтоқсан, 2021
Тәуелсіздік тудырған туындылар
Арайлап атқан азаттық таңы – ол Алаш баласы аңсап жеткен ең асыл аманат. Тәуелсіздікке жету бар да, оны тұрақты ету бар. Сол жолда қазақ баласы қаншама қиын өткелді өршілдікпен өтті, қаншама қиын сынақты қайыспас иықпен көтере білді. Жалпы, Ұлы даланы мыңдаған жыл бойы мекен еткен көшпелі қазақ ұлысы үшін тәуелсіздіктен қымбат құндылық болған емес. Тәуелсіздік дегеніміз ол – тарлан тарих. Егемендік дегеніміз ол – ертеңгі бостан болашақ.
Коронавирус • 15 Желтоқсан, 2021
Жапонияда омикрон штамын жұқтырғандардың саны отыз екіге жетті
Жапонияда 15 науқастың омиркон штамын жұқтырғаны анықталды. Жалпы дертке шалдыққандардың саны 32-ге жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 15 Желтоқсан, 2021
Қазақстан мен АҚШ ынтымақтастығының келешегі талқыланды
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақан Рахметуллин мен АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысының көмекшісі Дональд Лудың тең төрағалығымен Қазақстан мен АҚШ арасындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестік жөніндегі комиссияның кезекті шолу отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Кәсіпқой бокс • 15 Желтоқсан, 2021
«Канелоның» белдігіне үміткер боксшы Ресейде жаттығып жүр
Екінші орта салмақ дәрежесінде бақ сынап жүрген қазақ боксшысы Айдос Ербосынұлы оқу-жаттығу жиынын Ресей астанасы Мәскеу қаласында өткізіп жүр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 15 Желтоқсан, 2021
Елорданың бас онкологы «Қазақстанның Еңбек Ері» атанды
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында бас онколог Мұхтар Есжанұлы «Қазақстанның Еңбек Ері» атанғанын мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Желтоқсан, 2021
«Атырау» футбол клубына жаңа бас бапкер келді
Бұдан былай «Атырау» футбол командасын Константин Горовенко жаттықтырады. Бұл туралы команданың Іnstagram парақшасында ақпарат тарады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 15 Желтоқсан, 2021
Футбол: Мбаппе – «Реалға», Дембеле – «Тоттенхэмге»
Жақында жанкүйерлер көптен күткен қысқы трансферлік «терезе» ресми түрде ашылады. Сонымен, жаңа жылдан кейін футбол әлемінің жұлдыздары қандай командалардың жейделерін киюі ықтимал? Футбол жанкүйерлерін бірінші кезекте Франция ұлттық құрамасының шабуылшысы, «ПСЖ» жұлдызы Киллиан Мбаппенің шешімі қызықтырады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 15 Желтоқсан, 2021
Арман Әшімов қарсыласын жалаң жұдырықпен нокаутқа түсірді
Танымал қазақстандық ММА шебері Арман Әшімов жалаң жұдырықпен өткізген алғашқы жекпе-жегінде бокстан Украина чемпионы, әлем чемпионатына және Еуропа ойындарына қатысқан Тимур Белякті жеңді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 15 Желтоқсан, 2021
Көпбалалы отбасыларға 261,7 млрд теңге төленді
2021 жылғы қаңтардан қарашаға дейін көпбалалы отбасылар бойынша мемлекеттік жәрдемақы төлемдерімен жалпы сомасы 261,7 млрд теңгеге 446,4 мың отбасы қамтылды, оның ішінде қараша айында жәрдемақының осы түрін жалпы сомасы 26,6 млрд теңгеге 471,4 мың отбасы алды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 14 Желтоқсан, 2021
Әкімшілік тұрғын үй балконына ілінген туға қатысты түсініктеме берді
Алматы облысы Талғар ауданының әкімдігінде тұрғын үй балкондарына ілінген Мемлекеттік ту туралы түсінік берілді. Шенеуніктер мұны Панфилов ауылдық округі әкімдігі маманының «кішкентай қателігі» екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 14 Желтоқсан, 2021
Гаитидегі жарылыстан қайтыс болғандар саны 60-қа жетті
Гаитидің солтүстігіндегі Кап-Гайтиен қаласында жанармай автоцистернасының жарылысынан қаза тапқандар саны 60-қа жетті, деп хабарлайды Egemen.kz Le Nouvelliste сайтына сілтеме жасап.
Аймақтар • 14 Желтоқсан, 2021
СҚО-да карантиндік шектеулер жеңілдетілді
Өңірдің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Асқар Жұматаев жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 14 Желтоқсан, 2021
Тәуелсіздік күні қарсаңында журналистерге мемлекеттік наградалар табысталды
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында отандық телевизияның дамуына елеулі үлес қосқан бірқатар журналистерге мемлекеттік наградалар табыс етілді. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында хабарлады, деп жазады Egemen.kz.