Аймақтар • 15 Желтоқсан, 2021

«Атырау» футбол клубына жаңа бас бапкер келді

1778 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұдан былай «Атырау» футбол командасын Константин Горовенко жаттықтырады. Бұл туралы команданың Іnstagram парақшасында ақпарат тарады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Атырау» футбол клубына жаңа бас бапкер келді

«Константин Горовенко – «Атырау» футбол клубының жаңа бас бапкері. Сондай-ақ, жаттықтырушылар құрамына Юрий Новиков – қақпашылар бапкерi, Денис Мамонов бас бапкердің көмекшісі ретiнде кірді. Жақын арада біз жаңа спорт директорының есімін жариялаймыз» делінген әлеуметтік желідегі ақпаратта.

Константин Горовенконың жасы – 44-те. Бапкерлік мансабын 2010 жылы «Сұңқар» футбол клубы бас бапкерінің көмекшісі болып бастаған. Аталған клубты үш маусым жаттықтырған. Бұдан соң «Қайрат» клубының академиясына ауысып, «Қайрат-1998» командасының бас бапкері болды.

Ал, 2015 жылы «Қайрат» командасы бас бапкерінің көмекшісі ретінде танылған. 2017 жылы бірінші лигадағы «Қайрат А» командасына жетекшілік етіп, алғашқы маусымда чемпионаттың қола жүлдесін иеленген. 2018 жылдың қаңтарында «Жетісу-Б» командасының бас бапкерлігіне тағайындалған. 2020 жылы «Шахтер» командасын баптаған. 2021 жылғы маусымда бірінші лигада ойнайтын «Мақтаралдың» бас бапкері болған.

Бұған дейін «Атырау» футбол клубына Арам Восканян жетекшілік еткен еді.

Соңғы жаңалықтар

ЮНЕСКО марапаттаған Мансұров

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алғашқы PhD

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Мұқтаждың мұңын кім тыңдар?

Қоғам • Бүгін, 07:58

Электр стансасы салынады

Аймақтар • Бүгін, 07:48

Нобельді 2 рет алған ғалым

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:43

Ұлылар дәм татқан табақ

Жәдігер • Бүгін, 07:37