Ұры
Елорда • 26 Сәуір, 2021
Нұр-Сұлтанда тоқтап қалған мектеп құрылысы қайта басталды
Биыл елордада 16 үлкен мектеп салынады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 24 Сәуір, 2021
А. Мамин елорданың туристік кешенінің құрылыс алаңына барды
Премьер-Министр Нұр-Сұлтан қаласындағы «Астана – жаңа қала» АЭА аумағындағы көпфункционалды туристік ауданның құрылыс барысын тексерді, деп хабарлайды Egemen.kz. ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 21 Сәуір, 2021
Масаншыдағы дүнген ұлтының өкілдері қазақ тілін үйренуде
Былтыр Қордай ауданында болған оқиға кезінде Масаншы ауылындағы бірқатар үй мен кәсіпкерлік нысан зардап шеккен еді, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 19 Сәуір, 2021
Петропавлда түн жамылған тонаушылар ізі суымай ұсталды
Петропавл көшелерімен түнде келе жатқан екі бозбала танымайтын екі адамның өздеріне күш көрсетіп, «Samsung S8» маркалы қалтафондарын тартып алғанын айтып, полицияға шағымданған. Келтірілген шығын 60 мың теңгені құрайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 19 Сәуір, 2021
ШҚО-да 10 дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынады
Дене шынықтыру және спортты дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысында бұқаралық спорт түрін дамыту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Соған сәйкес, спортқа ден қойған азаматтардың саны артқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 16 Сәуір, 2021
Шахрат Нұрышев: Елбасы Түркі әлемінің болашағына сенім білдірді
Бүгін «Түркістан – Түркі әлемінің рухани астанасы» халықаралық онлайн-конференциясында Сыртқы істер министрінің орынбасары Шахрат Нұрышев Тұңғыш Президенттің «Түркі әлемінің рухани астанасын» құрудағы бастамасына ерекше тоқталып өтті, деп хабарлайды Egemen.kz
Тағайындау • 16 Сәуір, 2021
«Самұрық-Қазының» қоғаммен байланыс жөніндегі директоры тағайындалды
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар жөніндегі директоры болып Марат Мұхамедсалиев тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 14 Сәуір, 2021
Өткен жылы 140 мыңнан астам тұрғын үй пайдалануға берілген
Тәуелсіздік алған 30 жыл аралығында елімізде 170 млн шаршы метрден астам жаңа тұрғын үй салынып, 1,6 миллионнан астам азамат тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен брифингте ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев мәлім етті.
Аймақтар • 14 Сәуір, 2021
Алтын бұйымдарды қолды еткен жігіт қолға түсті
Петропавл қаласының тұрғыны полицияға өзінің алтын бұйымдары ұрланғанын айтып жүгінген. Шығын сомасы айтуына қарағанда 500 мың теңгені құраған. Шағымданушы алтындарының нақты қай күні жоғалғанын айта алмаған. Тек наурыз айының соңында таныс еркекпен бөтелкелес болғанын жеткізген, деп хабарлайды Egemen.kz
Тағайындау • 13 Сәуір, 2021
Марат Әйтенов жаңа қызметке тағайындалды
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорында кадрлық ауыс-түйіс болды, деп хабарлайды Egemen.kz қордың қоғаммен байланыс департаментіне сілтеме жасап.
Тағайындау • 08 Сәуір, 2021
«Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы тағайындалды
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқармасының шешімімен Есімханов Сұңғат Қуатұлы «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды.
Қоғам • 05 Сәуір, 2021
«Қазақалтыннан» алтын ұрлаған күдіктілер анықталды
«Қазақалтынның» екі қызметкері 122 миллион теңгенің алтынын ұрлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақмола облысының Полиция департаментіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 01 Сәуір, 2021
Қымбат шетелдік көліктерді ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
Түркістан облысының полицейлері үш облыстың аумағында қымбат шетелдік көліктерді ұрлаумен айналысқан аймақаралық қылмыстық топты ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz Ішкі істер министлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тағайындау • 29 Наурыз, 2021
Асқар Мамин «Самұрық-Қазынаның» жаңа басшысын таныстырды
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ ұжымына басқарманың жаңа төрағасы Алмасадам Сәтқалиевті таныстырды.
Елбасы • 29 Наурыз, 2021
Елбасы «Самұрық-Қазына» басшысына жемісті қызметі үшін алғыс білдірді
Елбасы Ахметжан Есімовке «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы лауазымында атқарған жемісті қызметі үшін алғыс білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz elbasy.kz-ке сілтеме жасап.
Елорда • 19 Наурыз, 2021
Нұр-Сұлтанда биыл тағы бір проблемалы құрылыс аяқталады
Нұр-Сұлтанда құрылысы ұзаққа созылған тағы бір құрылыс биыл аяқталады. Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов өзінің Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 14 Наурыз, 2021
Павлодарда құрылыс краны құлап, 30-ға жуық үй жарықсыз қалды
Құрылыс алаңында көтергіш кранның Lada Priora көлігіне түскені белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz
Елорда • 13 Наурыз, 2021
Елордада он жылдан бері құрылысы аяқталмаған нысандар қашан қолданысқа беріледі?
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында құрылысы ұзаққа созылған тұрғын үй кешендерінде жүріп жатқан жұмыс жайлы бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz
Әлем • 09 Наурыз, 2021
Бангладеш бақылау құрылғыларын не істейді?
Израильдің «Хаарец» басылымы Бангладеш үкіметі израильдік компанияның телефондарды бұзуға арналған құралдары үшін кем дегенде 330 000 АҚШ долларын жұмсағаны туралы хабар таратты. Негізі, екі ел арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнатылмаған. Сонда Бангладеш үкіметінің көксегені не? Жалпы, соңғы кезде қай елде болсын хакерлер мен алаяқтардың көбейіп кеткені жиі айтылып жүр, алайда оған қарсы пәрменді шара қолданылар емес.
Аймақтар • 04 Наурыз, 2021
Түркістан облысында 16 заңсыз құрылыс нысаны сүрілген
Өткен жылы Түркістан облысы аумағында 16 заңсыз құрылыс нысандары сүрілген. Оның ішінде, 6 нысан сот шешімдерімен, 10 нысан түсіндірме жұмыстары арқылы меншік иелерінің өз еркімен бұзылған-ды. Бұл туралы облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы басшысының орынбасары Тарту Байтұрсынов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 26 Ақпан, 2021
Ахметжан Есімов БАӘ-нің әл-ауқат қорының басшылығымен кездесті
«Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы А.С. Есімов БАӘ-нің Mubadala Investment Company егеменді әл-ауқат қорының басшылығымен кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар ағымдағы ынтымақтастық пен ҚР экономикасының түрлі секторларына бірлесіп инвестициялау перспективаларын талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 25 Ақпан, 2021
Атырауда 477 мың теңгенің мүлкін ұрлағандар ұсталды
Атырауда өзгенің мүлкін жымқырып кеткен екі жігіт жәбірленушіге 477 мың теңгенің материалдық залал келтірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 18 Ақпан, 2021
«Самұрық-Қазына» тағылымдамадан өтушілерді қабылдайды
«Цифрлық жаз» бағдарламасы аясында «Самұрық-Қазына» компаниялар тобына тағылымдамадан өтушілерді қабылдау басталды. Отандық және шетелдік жоғары оқу орындарының бакалавриатының үшінші-төртінші курстарының және магистратурасының бірінші-екінші курстарының қазақстандық студенттері Қордың портфельдік компанияларында үш айлық жазғы тағылымдамадан өте алады. Өтінімдер 2021 жылдың 31 наурызына дейін Бағдарламаның digital-summer.sk.kz. ресми сайтында қабылданады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Технология • 18 Ақпан, 2021
«AquaPAC» құрылғысы ауыз су тапшылығын жоюға мүмкіндік береді
Ақтөбе қаласындағы физика-математикалық бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 11 сынып оқушылары Арман Жалғасбаев, Төлеген Айтени және Ернұр Жанғалиев шалғайдағы елді мекендерде орын алған су тапшылығы мәселесін зерттеп, оның шешімін тапты, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 17 Ақпан, 2021
Ұрылар инспектордың қырағылығының арқасында ұсталды
СҚО Айыртау ауданының полиция қызметкерлері салынып жатқан үйден ұрланған құрылыс заттарын ұрлаушыларды анықтап, мүліктің бір бөлігін тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 17 Ақпан, 2021
Қорғаныс министрлігінде «Әскери Құрылыс Астана» ЖШС қызметінің мәселесі қаралды
Қорғаныс министрі «Әскери Құрылыс» АҚ және «Әскери Құрылыс Астана» ЖШС басшылығының қатысуымен кеңес өткізіп, онда олардың қосалқы мердігерлер алдындағы берешектерін жою жолдары талқыланды.
Медицина • 17 Ақпан, 2021
«Аңсаған сәби»: Жасанды ұрықтандыру 7 есеге көбейді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен 2021 жылдан бастап Қазақстанда «Аңсаған сәби» әлеуметтік бағдарламасы басталды. Бағдарламаның мақсаты – қосалқы репродуктивті технологиялардың (ҚРТ) көмегімен отбасылық-демографиялық проблемаларды шешуге жәрдемдесу. Осы орайда биыл Медициналық сақтандыру қоры алдын ала сомасы 6,2 млрд теңгеге 7 мың ЭКҰ циклын қаржыландыруды жоспарлап отыр. Яғни жасанды ұрықтандыру рәсімін жүргізуге квота саны 2020 жылмен салыстырғанда 7 есеге өсті, былтыр 960 млн теңгеге 1 105 ЭКҰ қызметі көрсетілген болатын.
Аймақтар • 16 Ақпан, 2021
Биыл Түркістан облысында 500 шақырымнан астам жол жөнделеді
Түркістан облысында ағымдағы жылы автомобиль жолдары саласында құрылыс-жөндеу жұмыстарымен 156 нысан қамтылады. Оның ішінде 538 шақырым жол мен елді мекен көшелеріне жөндеу жұмыстары жүреді. 2021 жылы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағатты жағдайдағы үлесін 79 пайыздан 81,4%-ға арттыру көзделуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ролан Ибрагимов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оңтүстік Қазақстан • 15 Ақпан, 2021
Мұрат Әйтенов: Шалғайдағы шағынаудандардың инженерлік инфрақұрылымын дамыту басты назарда
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов мегаполистегі инженерлік инфрақұрылым жүйелерін дамыту бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды қадағалау мақсатында құрылысы жүріп жатқан 110 кв қоректендіру желісі бар «1-М-1» қосалқы стансасының жұмысымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 15 Ақпан, 2021
Шымкент әкімі инфрақұрылым жүйелерінің құрылыс барысын пысықтады
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы бірқатар инфрақұрылым жүйелерінің құрылыс барысын аралады.