Ар
Экономика • 25 Желтоқсан, 2025
Соңғы бес жылда ұлттық экономика 15,8%-ға өсті
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің экономикалық даму қарқыны мен стратегиялық жобалардың нәтижелерін баяндады. Мемлекет басшысы Қазақстанның Еуразия құрлығындағы транзит хабына айналу мүмкіндігін және экономикадағы түбегейлі өзгерістерді атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 25 Желтоқсан, 2025
Абай облысында 500 балаға арналған Оқушылар сарайы ашылды
Абай елінің аспанға лақтырған бөркі жерге түскен жоқ. Айналасы бір аптада бірнеше аса қат нысандар ашылып, ел игілігіне берілді. Шын мәнінде облыс орталығы – қарт Семейдің бойына қан жүргендей, түлей түсті. Соның бірі – Оқушылар сарайы.
Президент • 25 Желтоқсан, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев: Тараз – ежелгі өркениеттің ізі қалған жер
Мемлекет басшысы Жамбыл облысының жұртшылығымен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Білім • 25 Желтоқсан, 2025
Берік Уәли халықаралық олимпиада жүлдегерлеріне стипендия тағайындады
«Дарындыға дархан жол» жобасы аясында облыс әкімінің қатысуымен өткен кездесуде халықаралық және республикалық олимпиадалардың, зияткерлік жарыстардың, шығармашылық конкурстардың, чемпионаттардың 61 жеңімпазы мен жүлдегері бас қосты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 25 Желтоқсан, 2025
Қаңтар айында зейнетақы ерте түсе ме? Министрлік маңызды мәлімдеме жасады
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік желілерде тараған «2026 жылдың қаңтар айындағы зейнетақы мерзімінен бұрын беріледі» деген ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 25 Желтоқсан, 2025
Елімізде полицейлер күшейтілген жұмыс тәртібіне көшті
Бүгін Үкімет басшысы Олжас Бектенов құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысын өткізді. Жиында мереке күндеріндегі қауіпсіздік шаралары пысықталды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 25 Желтоқсан, 2025
Биыл Жамбыл облысына 599,2 миллиард теңге инвестиция тартылған
Мемлекет басшысы «Тараз» шағын индустриалдық аймағын аралап көрді. Президентке Жамбыл облысына инвестиция тарту және агроөнеркәсіп кешенін дамыту жобалары таныстырылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 25 Желтоқсан, 2025
Алматы метросы 2040 жылы қай аумақтарды қамтиды?
Алматы әкімдігі қаланың 2040 жылға дейінгі дамуының бас жоспарын таныстырды. Құжаттағы ең маңызды жаңалықтың бірі – метрополитен желісінің ауқымды түрде кеңеюі. Қоғамдық талқылаулар 24-26 желтоқсан аралығында өтеді деп жоспарланған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 25 Желтоқсан, 2025
Парижде тағы да ұрлық: зергерлік бұйымдарды тасымалдаушыларға шабуыл жасалды
Өткен дүйсенбі Париждегі 10-шы аудандағы зергерлік бұйымдар дүкеніне тауар тасымалдаушыларға шабуыл жасалды. Қарақшылар құны 150 мың еуро тұратын жақұтты қолды еткен, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 24 Желтоқсан, 2025
Әлеуметтік нысандар халыққа қолжетімді болуға тиіс
Президент әлеуметтік нысандардың халыққа қолжетімді болуға тиіс екенін айтты, деп хабарлайды Ақорда.
Қоғам • 24 Желтоқсан, 2025
Мал іздеп шыққан ер адамның денесі табылды
Қарағанды облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, аймақта 18 желтоқсан күні мал іздеуге шығып, жоғалып кеткен ер адамның денесі табылды, деп жазады Egemen.kz.
Әскер • 24 Желтоқсан, 2025
Биыл Қарулы Күштерде 60 мыңнан астам жауынгерлік даярлық іс-шарасы өтті
2025 жылы Қарулы Күштерде әскери басқару органдарын, құрамаларды, әскери бөлімдер мен мекемелерді жоспарлы даярлау жүйелі түрде жүзеге асырылды, деп жазады Egemen.kz.
Реформа • 24 Желтоқсан, 2025
1 қаңтардан бастап салық реформасы күшіне енеді. Базардағы баға шарықтауы ықтимал
Жаңа жылмен бірге жаңа Салық кодексі де күшіне енеді. 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда салық жүйесі түбегейлі жаңарады. Бұл бір мезетте қабылданған шешім емес. Айлар бойы Үкімет, депутаттар мен бизнес өкілдері қатысқан талқылаулардың нәтижесі. Алайда қоғамды алаңдатқан басты сұрақ: Жаңа салық реформасы базардағы бағаны қаншалықты өзгертеді?
Қоғам • 24 Желтоқсан, 2025
Қазақстанда теледидар көру 21%-ға артты
Ұлттық Медиа Қауымдастығының 2025 жылғы зерттеу нәтижелері Қазақстанда теледидар аудиториясының айтарлықтай өскенін көрсетті, Әсіресе шағын қалалар мен ауылдық елді мекендер негізгі өсім нүктесіне айналып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 24 Желтоқсан, 2025
Темірлан Анарбеков Еуропаға кете ме? Қазақ қақпашысының қай лигада ойнағаны жөн?
УЕФА Чемпиондар лигасының биылғы додасы қазақ футболы үшін жай ғана кезекті маусым емес, ұлттық намыстың жаңа деңгейге көтерілгенін паш еткен айтулы оқиғаға айналды. SofaScore деректеріне сүйенсек, әлемдік футболдың алпауыттарымен иық тірескен Темірлан Анарбековтың көрсеткіші бүгінде еуропалық скауттардың назарын аударып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 24 Желтоқсан, 2025
Мемлекет басшысы Астана әкіміне Smart City жобасын тездетіп аяқтауды тапсырды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік басқару саласына озық цифрлық шешімдерді енгізуде Жапонияның тәжірибесіне сүйену қажеттігін айтып, Астана әкіміне елордадағы Smart City жобасын жеделдетіп аяқтауды жүктеді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 24 Желтоқсан, 2025
Өңірлік жалпы өнім көлемі 34 млрд долларға жетті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астананы дамыту жөніндегі кеңесте сөз сөйледі, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 24 Желтоқсан, 2025
Мөлдір Жаңбырбай әлемдік рейтингте көш бастап тұр
Каратэ спорты бойынша қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы Мөлдір Жаңбырбай дүниежүзілік рейтингтегі бірінші орнын сақтап тұр. 2023 жылы каратэден жаһандық жарыста топ жарған ол 50 келі салмақ дәрежесінде көшбасшылығын жалғастырады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 24 Желтоқсан, 2025
Доллардың орташа бағамы бір тәулікте 0,88 теңгеге өсіп, 511,00 теңгені құрады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 24 Желтоқсан, 2025
АҚШ-та қарттар үйінде жарылыс болды
Филадельфия маңындағы қарттар үйінде газ жарылып, бірінші қабат жертөлеге опырылып түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 24 Желтоқсан, 2025
Кітапханаларда кедергісіз ортаны қалай құрамыз?
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында ерекше қажеттілігі бар азаматтардың құқықтарын қорғау, олардың қоғам өміріне толыққанды араласуына жағдай жасау қажеттігін ерекше атап өткен еді. Осы орайда кітапханада кедергісіз орта қалыптастыру – уақыт талабы.
Жұмысшы мамандықтар жылы • 24 Желтоқсан, 2025
Ерлан Қарин: 1300-ге жуық жұмысшы мемлекеттік марапат алды
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің қатысуымен Жұмысшы мамандықтары жылының қорытындысына арналған салтанатты іс-шара өтті. Сондай-ақ форумға Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова, Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, «AMАNAT» партиясының атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Akorda.kz ресми сайтына сілтеме жасап.
Қысқы спорт • 24 Желтоқсан, 2025
Елімізде шаңғыдан Қазақстан кубогі басталды
Щучье қаласында шаңғыдан Қазақстан кубогы басталды. Бұл турнирде республикамыздың 11 аймағынан жиналған 150-ден аса спортшы бақ сынап жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 24 Желтоқсан, 2025
«Тағамдарға арналған дәмдеуіш»: Астанада қалтасына есірткі салып жүрген аспаз ұсталды
Республикалық «Дәрмек» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында елордалық полиция қызметкерлері аялдамада тұрған ер адамның сөмкесінен есірткі тапты. Күдікті бұл заттарды «тағамдарға арналған дәмдеуіштер» деген желеумен жасырып, жаппақ болған, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 24 Желтоқсан, 2025
Президент елордадағы өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының көрмесіне барды
Президент Астананың №1 Индустриалдық паркінде орналасқан бірқатар кәсіпорынның қызметімен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 24 Желтоқсан, 2025
Степногорскідегі «сұрықсыз» Аяз ата: тұрғындарды шошытқан мүсіндер алаңнан алынып тасталды
Әлеуметтік желіде қызу талқыға түсіп, тұрғындардың наразылығын тудырған Аяз ата мен Ақшақар мүсіндері Степногрск орталық алаңынан алынып тасталды. Жергілікті билік мерекелік безендіруді қайта жасауға уәде берді, деп хабарлайды Egemen.kz
Президент • 24 Желтоқсан, 2025
Мемлекет басшысы Tausogar зауытын аралап көрді
Елорда нысандарын аралау кезінде Қасым-Жомарт Тоқаев Tausogar зауытына барды. №1 Индустриалдық паркте орналасқан кәсіпорын құрылыс саласын заманауи жүк көтергіш машиналармен және механизмдермен қамтамасыз етеді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 24 Желтоқсан, 2025
Қазақстан азаматтары 79 елге визасыз кіре алады
2025 жылы Қазақстан паспорты халықаралық аренада өз позициясын айтарлықтай нығайтып, өңірдегі ең «күшті» құжаттардың біріне айналды. Отандастарымыз бүгінде 79 мемлекетке визасыз сапарлай алады. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Көші-қон қызметі комитетінің төрағасы Аслан Аталықов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 24 Желтоқсан, 2025
Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) күш сынасып жүрген «Барыс» тұрақты біріншіліктегі кезекті ойынын өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 24 Желтоқсан, 2025
2026 жылдан бастап жұмыссыз азаматтар МӘМС арқылы тегін медициналық көмек алады
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесімен жұмыссыз әрі тұрақты табысы жоқ азаматтар автоматты түрде қамтылады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.