ту
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Тұңғышбай Жаманқұлов: Мемлекет пен халық үшін жаңа Конституцияның мәні зор
Қазақстанның халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов жаңа Конституция жобасын қолдайтынын мәлімдеп, 15 наурыз күні өтетін референдумда дауыс беретінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин «Жаңа Конституция: сенім мен дамудың жаңа архитектурасы» атты сараптамалық алаңда сөз сөйледі. Аталған іс-шара елдің жаңа Конституциясын қабылдау мәселесі бойынша өтетін референдумды талқылауға арналды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Азаматтардың 78%-дан астамы жаңа Конституцияны қолдайды
Зерттеу еліміздің 20 облысы мен республикалық маңызы бар 3 қаласын толық қамтыды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Алматы облысының жастары «Халықтық Конституция үшін» жалпыұлттық коалициясын қолдады
Қонаев қаласында «Жаңа Конституция: орнықты дамудағы қоғамдық диалог пен жастардың рөлі» тақырыбында жастармен кездесу өтті. Іс-шараға «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының мүшелері және облыстың қоғамдық-саяси өміріне белсенді араласып жүрген өңірдің жас буыны қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Жаңа Конституция – Қазақстанның алдағы ондаған жылдардағы орнықты дамуының іргетасы. Еңбек адамының еңбегі – мемлекеттің негізі, ал еңбекқорлық елдің басты құндылықтарының біріне айналуы керек. Бұл құндылық ERG құрамындағы «Соколов-Сарыбай тау-кен өндіру бірлестігі» АҚ ұжымына етене жақын. Кәсіпорын қызметкерлері ел азаматтары мұндай маңызды шешімнен шет қалмай, референдумға келіп, өз таңдауларын жасайтынына сенімді, деп жазады Egemen.kz.
Ата заң • 20 Ақпан, 2026
Еліміздің кинотеатрларында жаңа Конституцияны қолдауға арналған бейнероликтер көрсетілді
Еліміздің барлық өңірлеріндегі кинотеатрларда Қазақстан Республикасының Конституциясын қолдауға арналған арнайы бейнероликтерді көрсетіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 20 Ақпан, 2026
Астанада матч кезінде Конституциялық реформаларды қолдауға арналған ерекше акция өтті
Астанада «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының мүшелері хоккей клубын қолдау және елдегі Конституциялық реформаларды қолдау мақсатында қоғамдық акцияға қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 20 Ақпан, 2026
Алматыда «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясы мүшелері мәдениет саласы өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 20 Ақпан, 2026
Жаңа Конституция – елдің экологиялық қауіпсіздігінің берік тірегі
Елордада Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр төрағалығымен Экология және табиғи ресурстар министрлігінің алқа мәжілісі өтті. Жиында 2025 жылғы жұмыс қорытындыланып, 2026 жылға арналған міндеттер айқындалды. Басқосу жаңа Конституция жөніндегі республикалық референдум қарсаңында өтуімен де айрықша мәнге ие болды, деп жазады Egemen.kz.
Ата заң • 20 Ақпан, 2026
Жалпыұлттық коалиция: Жаңа Конституция Қазақстанның әділетті әрі орнықты дамуының негізіне айналады
«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының мүшелері Қостанай облысының тұрғындарымен жаңа Конституцияның негізгі ерекшеліктерін талқылады. Түрлі алаңдарда өткен кездесулерге зиялы қауым мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері, еңбек ұжымдары, кәсіпкерлер мен жастар қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 20 Ақпан, 2026
Еңбек министрлігі: eGov арқылы өтініш беру төлемнің автоматты түрде тағайындалуына кепілдік бермейді
Әлеуметтік желілерде және жекелеген бұқаралық ақпарат құралдарында өтініш берген барлық азаматтарға әлеуметтік көмек автоматты түрде тағайындалады деген шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтің таралуына байланысты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің түсіндірмесі жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 20 Ақпан, 2026
Павлодарда салықтан жалтарған құрылыс алпауыттарынан 120 млн теңге өндірілді
Прокурорлар қадағалау қызметі барысында құрылыс саласында бірқатар компаниялар жылжымайтын мүлік нысандарын сату бойынша мәмілелерді салықтық есептілікте көрсетпей, бюджетке елеулі шығын келтірген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 20 Ақпан, 2026
Премьер-министр Олжас Бектенов Орталық Азия елдері мен АҚШ арасындағы «С5+1» форматы аясында мемлекет басшылары қол жеткізген келісімдерді іске асыру мәселелері бойынша Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің отырысын өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 20 Ақпан, 2026
Аида Балаева: Тарихи-мәдени мұраны сақтау конституциялық қағидаттар деңгейіне көтерілді
Алматыда Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен шығармашылық зиялы қауым өкілдері «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясы мүшелерімен кездесті, деп жазады Egemen.kz.
Ата заң • 20 Ақпан, 2026
Конституциялық реформа құқықтық өзгерістердің жиынтығы ғана емес. Бұл – қоғамның өзі туралы түсінігінің өзгеруі, мемлекеттің кімге және не үшін қызмет ететінін айқындайтын құжат. Осы тұрғыдан алғанда, Ата заңның жаңа мазмұнын заңгер, мәжіліс депутаты Үнзила Шапақ ұсынған тұжырымдар арқылы сараптап көрдік.
Аймақтар • 20 Ақпан, 2026
Жаңақорған, Шиелі және Қазалы вокзалдары қашан пайдалануға беріледі?
Қызылорда облысындағы теміржол вокзалдарын жаңғырту жұмыстары аяқталуға жақын. Жаңақорған, Шиелі және Қазалы вокзалдары мен Талап платформасында құрылыс-монтаж жұмыстары 99%-ға орындалған. Нысандарда қазір соңғы әрлеу, ретке келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 20 Ақпан, 2026
Семейде «Қаладан – ауылға» өңірлік форумы өтіп жатыр
Семей қаласындағы Абай атындағы кітапханада «Қаладан – ауылға» өңірлік форумы басталды. Форумға жалпы саны 500-ден астам адам жиналған, деп жазады Egemen.kz.
Бокс • 20 Ақпан, 2026
Болгариядағы бокс бәсекесі: Ұлттық құрама сапында кімдер бар?
23 ақпан мен 2 наурыз аралығында Болгария астанасы Софияда өтетін «Странджа» халықаралық турнирінде ұлттық құраманың 39 cпортшысы бақ сынайды, деп жазады Egemen.kz.
Ата заң • 20 Ақпан, 2026
Дзюдошы Әбиба Әбужақынова еліміздегі реформаларға қолдау білдірді
Дзюдодан әлем чемпионатының күміс және қола жүлдегері, Азия чемпионаттарының бірнеше дүркін жеңімпазы Әбиба Әбужақынова Ата заңның жаңа жобасын қабылдауға арналған республикалық референдумға қатысты пікірін білдірді, деп жазады Egemen.kz.
Ата заң • 20 Ақпан, 2026
Еңбек адамының мүддесі – басты назарда
Жаңа Конституция еңбек адамының рөлін күшейтіп, қызметкерлер құқықтарының неғұрлым нақты кепілдіктерін бекітеді және экономиканың дамуына берік негіз қалыптастырады. ERG құрамындағы «Қазақстан алюминийі» АҚ мен «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ қызметкерлері осындай пайымда, деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум • 20 Ақпан, 2026
Ғұсман Қырғызбаев: Референдум – Қазақстан үшін әділ қағидаларды бекіту мүмкіндігі
Дзюдодан Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев еліміздегі саяси өзгерістерге қатысты пікір білдіріп, отандастарымызды 15 наурызда өтетін референдумда таңдау жасауға шақырды, деп жазады Egemen.kz.
Ата заң • 20 Ақпан, 2026
Ерболат Төлеген: Конституциядағы өзгерістер мемлекетіміздің даму бағытын айқындайды
Елімізде 15 наурызда республикалық референдум өтеді. Халықтың қолдауымен Ата заңымыздың жаңартылған нұсқасы қабылданады. Бұл өзгерісті қазақ қоғамы қызу талқылап жатыр. Осы орайда актер Ерболат Төлеген де өзінің пікірін білдірді, деп жазады Egemen.kz.
Референдум • 20 Ақпан, 2026
Бибісара Асаубаева: Еліміздің тұрақтылығына арналған реформаларды қолдаймын
Елімізде Ата заңның жаңа жобасы ұсынылып, оны қабылдау мәселесі 15 наурызда өтетін референдум нәтижесінде белгілі болады. Қоғамда азаматтар заң жобасын қызу талқылап, қолдау білдіріп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 19 Ақпан, 2026
Конституциялық реформа: Экономиканың жаңа басымдықтары айқындалды
Экономика үйінде «Қазақстанның экономикалық саясатының жаңа басымдықтары» тақырыбында дөңгелек үстел өтіп, Конституциялық реформаның ел дамуына ықпалы талқыланды. Жиынға жетекші ғалымдар мен сарапшылар қатысып, конституциялық өзгерістердің институционалдық жаңғыру мен инвестициялық тартымдылықты арттырудағы рөліне баға берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 19 Ақпан, 2026
Ермахан Ибраимов: Мемлекет – ортақ мақсатқа сүйенгенде ғана қуатты болады
Елімізде кең көлемде талқыланып жатқан Конституциялық реформа жобасына қатысты қоғам белсендісі, спорт қайраткері Ермахан Ибраимов те өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 19 Ақпан, 2026
Жалған шот-фактуралар жазу схемасын ұйымдастырған күдікті елге экстрадицияланды
Бас прокуратура экономикалық қызмет саласында ауыр қылмыс жасады деген күдікке ілінген Қазақстан азаматын Қырғыз Республикасынан экстрадициялады. Күдіктіге бюджетке ірі көлемде залал келтірді деген айып тағылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 19 Ақпан, 2026
Қонаевта кәріз-тазарту жүйесінің құрылысына қанша қаржы жұмсалады?
Облыс орталығы Қонаев қаласында бірнеше жылдан бері шешімін таппаған күрделі мәселеге нүкте қойылар уақыт таяу. Жүз пайыз тозығы жеткен кәріз-тазарту жүйесінен қолқаны қабатын жағымсыз иіс шығатыны туралы тұрғындар тарапынан жиі шағым түсетін, деп жазады Egemen.kz.
Ата заң • 19 Ақпан, 2026
Конституция күні 15 наурызда аталып өтуі мүмкін
Елде Конституция күнін ауыстыру мәселесі референдум қорытындысынан кейін шешіледі. Егер халық жаңа Негізгі заңды қолдаса, Конституция күні 15 наурызға белгіленбек. Бұл туралы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 19 Ақпан, 2026
PhD көбейді, бірақ ғылым алға жылжып жатқан жоқ: Себеп неде?
Сарапшы, PhD, Astana IT University ассистент-профессоры Бақытжан Сәриевтің пікірінше, Қазақстанда жас ғалымдарға арналған гранттар мен қолдау бағдарламалары болса да, жүйе тұрақты түрде бәсекеге қабілетті зерттеушілерді шығара алмай отыр. Басты кедергі – ғылыми мансап жолының нақты құрылмауы, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 19 Ақпан, 2026
Түркістан облысының тұрғыны бүйрегін 13 млн теңгеге сатпақ болған
Түркістан қаласының ауданаралық сотында ағза алмастыру немесе өзге мақсатта пайдалану үшін тірі адамның ағзасын заңсыз саудалау дерегі қаралды, деп жазады Egemen.kz.